ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 2. ROBOT-EDUCATOR-ДЫ (ОҚЫТУШЫ-РОБОТ) ҚҰРАСТЫРУ. ПРОГРАММАСЫН ЖАЗУ.
Мақсаты: Екі мотор арқылы қозғалатын роботты құрастыру, әрекет және оператор блоктары арқылы программасын жазып үйрену.
Мысал: Алға қарай жүретін және 90 градусқа бұрылатын роботтың программасы Ескерту: Порттарға назар аударыңыз, мысалда және сіз құрастырған роботта айырмашылық болу мүмкін!!!.
Инструкция бойынша роботты құрып, төмендегідей тапсырмаларды орындайтын программа жазыңыз:
Төртбұрыш траеториясымен жүретіндей;
5 сек алға, 3 сек оңға, 2 сек артқа, одан кейін солға бұрылып 4 сек жүретін;
Түрлі қуатпен және жылдамдықпен үшбұрыш траекториясы бойынша жүретін робот.