Құрастырушы: аға оқыт. Қазанғапова Л. К., ассис. Кодекова Ғ. Б


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі395,29 Kb.
#37187
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер факультеті
Психология және педагогика кафедрасы

Психодиагностика

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

5В090500 әлеуметтік жұмыс

мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған



Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ деканы

______Сарбалаев Ж.Т.

20__ж. «___»________


Құрастырушы: аға оқыт. Қазанғапова Л.К., ассис. Кодекова Ғ.Б.


Психология және педагогика кафедрасы
Психодиагностика

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


5В090500 әлеуметтік жұмыс

мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған

«Психодиагностика» пәні бойынша
5В090500 - әлеуметтік жұмыс мамандығының сырттай оқитын студенттерге арналған.
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ___ ж. «___»__________ № ____Хаттама

ОӘК төрайымы _____________ Жуманкулова Е.Н. 20 ___ ж. «___»__________


КЕЛІСІЛДІ *

Кафедра меңгерушісі ______________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________




* – егер пән мамандар дайындаушы кафедрада бекітілмесе, онда бағдарламаны осы мамандықтар бойынша мамандар дайындаушы кафедралардың меңгерушілерімен келісуі қажет.

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Қазанғапова Ляззат Қанапияновна

Аға оқытушы

Кодекова Ғалия Бикеновна

Ассистент

Психология және педагогика кафедрасы А корпусында (бас ғимараты) (Ломов көш. 64), 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673685, ішкі 1139.



2 Пән туралы мәліметтер

«Психодиагностика» курсы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының кәсіби сипаттамасын ескере отырып құрастырылған. Курстың мазмұны студенттерде жалпы психологияның негізгі қағидалары; құрылым заңдылықтары; өмір сүру субъектісі болып табылатын адам тұлғасының қалыптасуы және дамуы жайында таныстырады.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП


































Бар-лығы

2

12

6

6










78




емтихан


4 Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: қазіргі кездегі психологияның теориялық негізі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар психодиагностиканы оқу барысында болашақ педагогтардың кәсіби маңызды сапаларының дамуына ықпал ету.

Міндеттері:

  • Студенттерді қазіргі кездегі жалпы психологияның негізгі қағидаларымен, міндеттерімен және мәселелерімен таныстыру;

  • Студенттерде жалпы психологияның категориялар және әдістер жайындағы білімдер жүйесін қалыптастыру;

  • Курстың жетекші мәнін ашу, негізгі бағдарламалық ұғымдардың игерілуін қамтамасыз ету;

  • Студенттердің психологиялық-педагогикалық және ғылыми дүниетанымының кеңейюіне ықпал ету;

  • Студенттің педагогикалық қабілетін дамыту;

  • Студенттерді психологиялық деректер мен заңдылықтарды табуға және оған ғылыми түсініктеме беруге үйрету.

5 Нақты пәнді оқыту нәтижесінде студент:

  • Жалпы психологияның қазіргі кездегі мәселені толық меңгеруі тиіс;

  • Психикалық процестердің құрылымын, қызметінің негізгі заңдылықтарын, дамуын білуі қажет;

  • Алынған білімді тәжірибеде дұрыс қолдану дағдысына ие болуы тиіс;

  • Жалпы психологияның ғылыми-ұғымдық аппараттарына сүйене білу;

  • Тиісті әдебиеттерді іздеу және олармен жұмыс істеу дағдысының болуы;

  • Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас дағдысының болуы;

  • Теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;

  • Зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;

  • Кәсіби қарым-қатынас дағдылары.

6 Пререквизиттер: әлеуметтік психология, педагогика, педагогика мамандығына кіріспе, жалпы және әлеуметтік психология.
7 Постреквизиттер: Әлеуметтік геронтология, социальная работа с семьей и детьми и др.
8 тақырыптық жоспары
8.1 Пәннің тақырыптық жоспары (с/о бөлімі)



тақырыптар

Сағат саны к.б

д

пр

Лаб

Сөж

1

2

3

4

5

6

1

Психодиагностика ғылыми технология ретінде

0,5

0,5




9

2

Психодиагностиканың әдістері

0,5

0,5




9

3

Аналитикалық бақылау мен эксперттік бағалаулар

0,5

0,5




9

4

Психологиялық тестілеу

0,5

0,5




8

5

Тұлға психодиагностикасы

0,5

0,5




8

6

Тұлға аралық қатынастар мен топтардың психодиагностикасы

0,5

0,5




9

7

Білім беру жүйесіндегі диагностика

1

1




9

8

Тәрбиелеудегі психодиагностикалық қызмет

1

1




8

9

Кәсіби консультациялаудағы диагностика

1

1




9

Барлығы 90 с.

6

6




78


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Курстың мазмұны және құрылысы студентердің пән бойынша теориялық білімді меңгеруді, болашақ кәсіби іс-әрекетте дағдылар мен икемдерді практикалық қолдануды көздейді.


10 Курс компоненттері

10.1 Теоретикалық курстың мазмұны
1 тақырып. Психодиагностика ғылыми технология ретінде.

Психодиагностиканың пәні. Психодиагностиканың психологиялық диагноз қоятын ғылым және практика ретіндегі негіздемелері: психологияның пәндік аймақтары, дифференциалды психометрика, психологиялық білімдерді қолданудың практикалық салалары. Психологиялық диагноз туралы түсінік және оны қоюдың технологиясы. Дифференциалды-диагностикалық зерттеумен практикалық тексеріс міндеттерінің айырмашылықтары. Психодиагностикадағы объективтілік критерий. Психодиагностикалық жағдайлар мен міндеттердің типологиясы. Психодиагностикалық тексеріс процесінің ерекшеліктері мен оның тиімділігінің критерийлері. Психодиагностиканың принциптері мен кәсіби-этикалық стандарттары.

2 тақырып. Психодиагностиканың әдістері.

Әдіс және әдістеме түсініктері. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы номотетикалық және идеографикалық жолдар. Психодиагностикалық әдістерді жіктеудің негіздері мен критерийлері (диагностикалау пәні бойынша, диагностикалау процедурасы бойынша, әдістеменің опреационалды статусы бойынша, тестік тапсырмалардың типі бойынша, ұсынылатын стимулдық материалдың сипаты бойынша, беретін жауаптың сипаты бойынша, өлшем процедурасының ішкі құралымы бойынша және т.б.) Топтық және индивидуалды әдістер. Стандартталған (өлшемді, формальданған) және экспертті («клиникалық», аз формальданған) әдістер.


3- тақырып. Аналитикалық бақылау мен эксперттік бағалаулар.

Диагностикалық берілгендердің негізгі типтері (L, Q, Т-берілгендер). Бақылау мен олардың түрлері. Бақылаудың тиімді болуының шарттары таңдамалылық, жүйелілік, толықтық. Аналитикалық бақылау: стандартталған және қадағалаушы сипаты, бақылау бірліктерінің (белгілерінің), берілгендерді тіркеу тәсілдерінің (бақылау карточкалары, бақылау хаттамасы) ерекшеліктері. Бақылаудағы жүйелі қателер мен бақылау нәтижелерінің сенімділік мәселесі. Эксперттік бағалау әдісі бақылау сенімділігін жоғарлату тәсілі ретінде. Эксперттік бағалаудың келісімділік және интеграциялану мәселесі. Әдістің алуан түрлілігі.



4-тақырып. Психологиялық тестілеу

Тесттер әдісі. Өлшем деңгейлері мен шкалалары. Өлшемнің стандартты қатесі. Өлшем процедурасының сенімділігі мен жарамдылығы. Тесттік нормалар мен олардың репрезентативтілігін тексеру. Диагностикалық нормалардың түрлері: статистикалық, критериалды. Әлеуметтік норматив ұғымы. Тестер әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Тесттің құрама бөліктері. Тесттер мен тестілеу процедурасына қатысты қойылатын талаптар. Мазмұны бойынша тесттердің жіктелуі және олардың сипаттамасы. Интеллект тесттері жетістік тесттері, қабілеттер тесттері.



5-тақырып. Тұлға диагностикасы.

Стандартталған тұлғалық сауалнамалар. Олардың түрлері, сұрақтардың формалары мен нәтижелерді нобаймен көрсету. Тұлғалық сауалнамалардың растығы туралы мәселе. Сұраққа берілетін жауаптарды анықтайтын факторлар. Тұлғалық сауалнамалардың жеке топтарының қысқаша сипаттамасы. Субъективті шкаталау, таңдау мен сараптау әдістемелері. Проективті әдістер, олардың негізгі белгілері. Проективті процедураларының жіктелуі мен одардың қысқаша сипаттамасы. Тұлғаны диагностикалау әдістерінің күшті және әлсіз жақтары.



6-тақырып. Тұлға аралық қатынастар мен топтардың психодиагностикасы.

Топтық динамика мен лидерліктің диагностикасы. Отбасы мен кіші топтардың диагностикасы. Қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар диагностикасы. Конфликта мінез-құлық диагностикасы.



7-тақырып. Білім беру жүйесіндегі диагностика.

Оқыту процессіндегі адамның негізгі даму жолдары. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі даму психодиагностикасы. Мектепке дайындықтың диагностикасы. Дамудың ауытқуын диагностикалау. Оқушылардың қабілеттері мен дарындылығын, оқу іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау, ойлау мен ақыл-ой сипатын және пәндік үлгерімін зерттеу. Білімдерді оперативті тестіле: тапсырмаларды құрастыру технологиясы. Олардың логико-семантикалық жіктелуі, тапсырмалардың тақырыптық репрезентативтілігі мен қиындық дәрежесі.



8-тақырып. Тәрбиелеудегі психодиагностикалық қызмет.

Оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін бағалау және әлеуметтік-педагогикалық ықпал ету. Оқушылардың дезадаптациясының сипаттаушы-симптоматикалық және себептік диагностикасы. Жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқын диагностикалаудың принциптері мен мазмұны. Сынып пен студенттік топтағы өзара тұлға аралық қатынастарды диагностикалау. Әлеуметтік жұмыскердің іс әрекетінде диагностикалық берілгендерді алу мен қолданудың шарттары.



9-тақырып. Кәсіби консультациялаудағы диагностика

Мамандықты таңдаудың психологиялық ерекшеліктері мен оптанттың тұлғасының кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтары. Кәсіби консультациялаудың дамытушы модулі, оның принциптері мен технологиясы. Психологиялық диагностиканың мазмұны мен огізгі әдістері. Әлеуметтік жұмыскердің іс әрекетіндегі диагностикалық берілгендерді алу мен қолданудың шарттары.



10.2 Практикалық сабақтардың тізімі мен мазмұны
1 Тақырып. Психодиагностика ғылыми технология ретінде.

  1. Психодиагностиканың теоретикалық негіздері.

  2. Практикалық психологиядағы психодиагностиканың міндеттері мен функциялары.

  3. Психологиялық диагноз туралы түсінік. Оның жүйелі сипаты.

  4. Психодиагностикадағы кәсіби-этикалық нормативтер.

  5. Кәсіби құпия. Әдістемелерді тарату мен жариялаудың ережелері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 47-52 б, 2 49-53 б, 3 41-49 б, қосымша 11 24-37 б, 12 51-58 б, 13 53-63 б;

2 Тақырып. Психодиагностиканың әдістері.

  1. Негізгі психодиагностикалық жолдар мен әдістер.

  2. Оқу жетістіктерін диагностикалайтын тесттерді құрастыру технологиясы.

  3. Социометрия.

  4. Отбасы қатынастарын диагностикалау. РАЯ1 сауалнамасы.

  5. Мектеп дезадаптациясын зерттеу. Стоттың бақылау әдісі.

  6. Интеллекттің диагностикасы. ҚБТ (КОТ).

  7. Бақылау барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттесуді бағалау. Бэйлс әдісі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 56-63 б, 2 52-61 б, 3 75-82 б, қосымша 11 63-79 б, 12 45-58 б, 13 36-43 б;

4 Тақырып. Психологиялық тестілеу.

  1. Дж. Равеннің прогрессивті матрицалары.

  2. Интеллект құрылымының тесттері. Р. Амтхаэрдің тесті.

  3. Оқушылардың ақыл-ойының дамуын диагностикалау. АОДМТ (ШТУР), АСТУР тесттері.

  4. Патомінездік тұлғалық сауалнамалар. СМИЛ.

  5. Проективті әдістемелермен жұмыс істеудің принциптері.

  6. Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі. Проективті сурет.

  7. Репертуарлық әдістер мен жетістік тесттері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 54-68 б, 3 85-92 б, 4 74-95 б, қосымша 12 56-62 б, 13 89-97 б, 14 74-85 б;

5 Тақырып. Тұлға диагностикасы.

  1. Тұлға кескіндерін диагностикалау.

  2. Кеттелдің 16 факторлық сауалнамасы.

  3. Тұлғаның талаптану деңгейі мен өзіндік бағасын диагностикалау.

  4. Шкалалық әдістемелер. Үрейлілікті зерттеу.

  5. Тұлғалық дифференциал. Агрессивті мінез-құлық зерттеу әдістемелері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 81-94 б, 3 96-109 б, 4 65-81 б, қосымша 12 102-116 б, 13 89-117 б, 14 63-97 б;

7 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі диагностика.

  1. Әлеуметтік жұмыскердің іс әрекетіндегі диагностикалық берілгендерді алу мен қолданудың шарттары.

  2. Білім беру жүйесіндегі диагностикалық жұмыстың ерекшеліктері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 85-94 б, 4 101-118 б, 5 114-122 б, қосымша 13 165-186 б, 14 110-127 б, 15 124-137 б;

8 Тақырып. Тәрбиелеудегі психодиагностикалық қызмет.

  1. Эксперименталды психология мен психодиагностиканың пайда болуы.

  2. ХХ ғасырдың басында Еуропа мен АҚШ тестік әдістердің дамуы.

  3. Түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардағы психодиагностикалық процедураларды құрастыру.

  4. Психодиагностиканың психометрикалық негіздері.

  5. Психодиагностика процессінің этаптары, жұмыс тәртібі мен берілгендерді өңдеу.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 3 74-81 б, 4 109-134 б, 5 128-146 б, қосымша 13 232-346 б, 14 319-334 б, 15 279-312 б;

9 Тақырып. Кәсіби консультациялаудағы диагностика

  1. Клиентті экспертизалау (аттестация) мен консультациялау-психодиагностикалық жағдайдың екі типі.

  2. Кәсіби консультациялаудағы диагностика. ДДО сауалнамасы.

  3. Тұлғаның қызығушылықтарының картасы.

  4. Әлеуметтік жағымдану артефакты туралы ұғым.

  5. Мотивациялық бұрмалаудың басқа түрлері.

  6. Жалған шкалалары. Жауаптардың фальсификациясы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 6 58-64 б, 7 87-95 б, 9 54-63 б, қосымша 17 71-82 б, 18 56-68 б, 19 69-74 б;
10.3 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны
10.3.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



Сөж түрлері

Есеп беру

Бақылау түрі

Сағат

Көлемі к/б



1

Дәріс сабақтарға дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу

10

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері, конспект

Сабаққа қатысу

30

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды зерделеу

Есеп беру

баяндама

20

4

Шетел және отандық әдебиеттерді талдау

конспект

коллоквиум

3

5

Психодигностикалық әдістемелерді зерттеу

Қажетті әдістемелер қорын құрастыру

Диагностикалау және зерттеу нәтижелері бойынша нұсқаулықтар

5

6

Бақылау шараларға дайындық




МБ 1, МБ2, емтихан

10

Барлығы: 78


10.3.2 Студенттердің өзіндік зерделеуіне шығарылған тақырыптар

1 Тақырып. Интеллектуалды-танымдық сфера диагностика (қабылдау, зейін)

  1. Түйсік. Қабылдау.

  2. Қабылдау ерекшеліктерінің диагностикасы.

  3. Зейін. Зейін қасиеттерін зерттеу.

Ұсынылатын әдебиет тізімі: 2 10-24 бет, 5 15-25 бет, қосымша әдебиет 14 23-44 бет.

2 Тақырып. Ес диагностикасының әдістері.

  1. Әдіс 1. Фигураларды тану.

  2. Әдіс 2. Қысқа уақытты естің көлемін анықтау.

  3. Әдіс 3. Есте сақтау (Выготский Л.С., Лурия А.В.)

Ұсынылатын әдебиет тізімі: 4 23-53 бет, 3 99-110 бет, қосымша әдебиет 13 19-22 бет.

3 Тақырып. Ойлау диагностикасының әдістері.

  1. Әдіс 1. Сандық қатынас.

  2. Әдіс 2. Ойлау тездігін зерттеу

  3. Әдіс 3. Методика Равека

  4. Әдіс 4. Ойлау индивидуальдылық стиль (Алексеев А., Громова Л)

Ұсынылатын әдебиет тізімі: 6 25-29 бет, 7 48-59 бет, қосымша әдебиет 12 43-57 бет.

4 Тақырып. Қиял диагностика әдісі

  1. Әдіс 1. Кеңістік қиялын зерттеу.

  2. Әдіс 2. Тест творчестволық қиялдың ерекшеліктері.

  3. Әдіс 3. Тест Автопортрет

  4. Жаттығу 1. Фантастикалық бейне

  5. Жаттығу 2 Тест Аяқталмаған сурет.

  6. Ойын Еліктеу

  7. Ойын Сценария

Ұсынылатын әдебиет тізімі: 7 112-130 бет, 8 107-110 бет, қосымша әдебиет 20 130-213 бет.
11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамасымен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтырылуы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерген жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дерт кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті емтиханды тасыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының кщнсультациясына қатысуы міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыс шайнауға, дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тиім салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында төмендегідей баллдары қойылады:



  • Дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы -1 бал

  • Тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау – 3 балл, сұраққа жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау – 2 балл)

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстары қорғау барысында іске асырылады. Бағалау кезінде көрсеткіштер ескеріледі:

  • Материалды толық меңгеру – 10 (екінші рейтинг кезінде – 13) балл.

  • Сұрақтарға жауап бере алу 4 (5) балл.

  • Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл.

  • Грамматикалық және стилистикалық сауаттылық – 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты баллды шегеруімен (-0,5) жазаланады.

Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 баллмен бағаланады, оның ішінде:

100-90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанда жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырылмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсыруымен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әр қайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.

Пән бойынша рейтинг мына формула бойынша анықталады:

Р1(2)АҮ1 (2)*0,7+МБ1 (2)*0,3

мұндағы Р1, Р2, АҮ – бірінші, екінші рейтингінің, ағымды үлгерімнің

балдары;

РД(Р1+Р2)/2 – (емтиханға жіберілуі)

ҚорытындыРД*0,6+ҚБ*0,4

Егер студент емтиханда Ғ деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомосқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.


12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Намазбаева, Ж. И. Психология:оқулық/Ж. И. Намазбаева.-Алматы:Print-S.-2005.-294 б.Алматы облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары // Жетісу . - 2010.- 26 қаңтар. – Б. 6-7

  2. Выготский, Л. С Психология : 10 томдық.-Алматы:Таймас баспа үйi.
       Т.1:Мәдени-тарихи тұжырымдама / Л. С. Выгодский,2005.-463 б.

  3. Түймебаев Ж. Ғылым - орнықты дамудың кілті / Ж. Түймебаев // Президент және Халық. - 2010.- 22 қаңтар. – Б. 4

  4. Мамашбаева Ш. Мектеп психологіне көмекші құрал: Оқу құралы/ Ш. Мамашбаева, Н. Байтелиева, С. Момынова. - Астана: Фолиант, 2008. - 96 бет

  5. Сыдыков Т.С. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері: Оқу құралы/ Т.С. Сыдыков, А.Е. Әбілқасымова. - Астана, 2005. - 152 бет

  6. Бап-Баба С. Жантану негіздері (Жалпы психология): Дәрісбаяндар жинағы/ С. Бап-Баба. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007. - 302 бет

  7. Жарықбаев К. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзкарасы: Студенттер мен мұғалімдерге арналған көмекші құрал/ К. Жарықбаев. - Алматы: Білім, 2001. - 76 бет

  8. Атыманова К.Ж. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативті біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: Автореферат - кандидаттық диссертация/ К.Ж. Атыманова; Ғылыми жетекшілері Игібаева А.К. - Алматы: Эрекет-Принт, 2010.

  9. Тынышбаева А.А., Берсебаева А.Т. Практикум по психологии. Типовая программа. Алматы., 2001

  10. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама. // «Егемен Қазақстан», №16 қазан, 2004.

  11. Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 448 бет.

  12. Сәбет Бап-Баба. Жантану негіздері. –Алматы, 2001.

  13. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары : студенттер мен мұгалімдерге арналған көмекші құрал / Қ.Б.Жарықбаев. - Алматы : Білім, 2000. - 75 б.

  14. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. Психология = Русско-казахский толковый словарь. Психология : сөздік / Құрас. Е.Арын. - Павлодар : С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2002. - 134 б.

  15. Жалпы психология : дәрісбаяндар жинағы / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2005. - 354 б.

  16. Асқаров Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері : оқу құралы / Е. С. Асқаров, Е. Қ. Балапанов, Б. Ә. Қойшыбаев ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ЖТИ, 2005. - 182 б. - (Информациялық мәдениеттің негіздері). - ISBN 9965-9293-8-6 : 410 т.

  17. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық : ғылыми басылым. Т.5. Гуманистік психология. - Алматы : "Таймас" баспа үйі, 2005.

Қосымша:

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі педагогика және психология: 4000-ға жуық термин : сөздік. - Алматы : Мектеп, 2002. - 254 б.

  2. Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті : оқулық / Ә. С. Тарақов. - Алматы : Қазақ университеті, 2005. - 58 б.

  3. Жұмасова К.С. Психология : оқулық / К. С. Жұмасова. - Астана : Фолиант, 2006. - 289 б. - (Кәсіптік білім).

  4. Сарсембаева Г.А. Социология және психология негіздері : сырттай оқу бөлімінін студенттері үшін бақылау жұмыстарының тақырыптары және оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / Г. А. Сарсембаева ; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (Өскемен), Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2005. - 10 б.

  5. Бондарева Т.Г. Еңбек физиологиясы және психологиясы : 050731 "Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі" мамандығының студенттеріне практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар / Т. Г. Бондарева, Д. К. Омарова, А. М. Рахметова. - Өскемен : ШҚМТУ, 2006.

  6. Сейталиев К. Жалпы психология [Текст] : оқу құралы / Қ. Сейталиев. - Алматы : Білім, 2007. - 359 б.


Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Психодиагностика» пәні бойынша 5В090500 Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша сырттай оқу нысанындағы студенттерге арналған
бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы

тапсыру мерзімі

Тапсырманы орындау мерзімі

Бақылау нысаны

1 сабақта

барлығы

Дәріс кешенін жасау, дәріске дайындалу

1

6

1 сабақта

Кесте бойынша

қатысу

Аудиториялық сабаққа кірмеген материалдарды қарау

1

78

1 сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу және тапсырмаға есеп жасау

1

6

1 сабақта

Кесте бойынша

қатысу

Бақылау шараларына дайындалу (РК1, РК2, емтихан)




10

1 сабақта

Кесте бойынша

қатысу







100









Кафедра отырысында ұсынылған 20__ж. «___»________№_____ Хаттама.


Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «___» ___________

(қолы)


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет