Құрастырушы: аға оқытушы Рахметова А. М



бет11/21
Дата25.08.2017
өлшемі9,41 Mb.
#26550
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Жебе (Sagitta setosa)

Былқылдақ денелілер типі:



(Symplectoteuthis oulaniensis)

Балықтар класы

Барракуда балық

(Sphuraena barracuda)

Бауырмен жорғалаушылар класы

Ихтиозавр (Stenoptergius hauffianus)

Сүтқоректілер типі

Түлен (Pagorhoca groenlandica)

15-сурет. Сүңгуір пішінді гидробионттар тобының тіршілік нысаны: 1- жебе (қылтан жақтылар типі); 2- кальмар (былқылдақ денелілер типі); 3 – баррикуда (балықтар класы); 4- ихтиозавр (бауырымен жорғалаушылар класы); 5 – түлен (сүтқоректілер класы).



Топырақта тіршілік ететін геобионт жануарлардың пішіні жылан немесе құрт тәріздес – жіңішке, ұзын және жұмыр болады. 16-суретте систематикалық әр түрлі типке жататын, бірақ барлығы да топырақта тіршілік ететін бірнеше жануарлар көрсетілді. Суреттегі жұмыр құрт – жұмыр құрттар типіне, жауын құрты – бунақ құрттар типіне, перипатус – онихофорлар типіне, сонаның дернәсілі – бунақаяқтылар типінің жәндіктер класына, құртша – желілер типінің қосмекенділер класына жатады. Бұл жануарлардың барлығы топырақты қазып, топырақтың ішінде қозғалып жүріп, қорегін тауып жейді. Олардың ішкі құрылысының даму деңгейінде орасан айырмашылықтары барына қарамастан барлығының сыртқы пішіні мен кейіп – кескіні топырақты қазып, тесіп қозғалуға бейімделген. Денесі ұзын, бұлшық еттері күшті жетілгендіктен жиырылып – созылып қозғалуға жақсы бейімделген. Кейбіреуінің денесінің ішкі және сыртқы мүшелері көп бунаққа (сегмент) бөлінеді (жауын құрты, перипантус, сонаның дернәсілі), енді біреулерінің тек сыртқы терісі ғана бунақталған (мысалы құртша), ал жұмыр құрттың денесінің сыртқы кутикул қабықшасында ұсақ бунақтар түзіледі. Құрт пішінді бұл жануарлар топырақтың арасында қозғалу үшін оны қазып, өзіне жол шығарады. Бірақ топырақтың ішіндегі қатты түйіршіктер қыйыршық тастарды қазып қопаруға дәрмені келмейтіндіктен оларды айналып өтуге тура келеді. Ал көп рет бұрылып, айналу үшін көп бұралып, көп бүктелу керек. Денесінің көп бунақтан құралуы олардың топырақтың ішінде көп бүктеліп, алдындағы бөгетті айналу6 бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.


Жұмырқұрттар типі:

Жұмыр құрт (Nematoda)

Бунақ құрттар типі

Жауын құрты (Lumbricus terrestris)

Онихофор (алғашқы трахейлілер) типі: Перипатус (Peripatus moseleyi)


Буынаяқтылар типінің жәндіктер класы:

Сонаның дернәсілі (Tabanus bovinus)


Желілілер типінің қосмекенділер класы:

Құртша (Siphonops annulatus)




16–сурет. Құрт пішінді геобионттар тобының тіршілік нысанына жататындар: 1-жұмыр құрт (жұмыр құрттар типі), 2 - жауын құрты (бунақ құрттар типі), 3 - перипатус (онихофорлар типі), 4 -сонаның дернәсілі (бунақаяқтылар типі), 5 - құртша (желілер типінің қосмекенділер класы).

Топырақта тіршілік ететін құрт тәріздес пішінді жануарлардың денесіне тірек болатын әртүрлі мүшелері бар. Айталық, жауын құртының денесінің әр бунағында тікен тәріздес қос қылтаны, ал перипатустың әр бунағында ілгекшелі қос жалған аяғы, сонаның дернәсілінің әр бунағында кутикуласынан өскіндеген қатты сақиналары бар. Топырақты қазғанда және қозғалғанда осы өскіндерін тіренеді.



Аэробионттар тобын құрайтын ұшатын қанатты жануарлар да сыртқы пішінінің ұқсастығымен ерекшеленеді. 17-суретте ұшып жүрген сона (жәндіктер класына жатады), птерозавр (бауырымен жорғалаушылар класының ерте заманда тіршілік етіп, мезозея эрасында жойылып кеткен өкілі), үйрек (құстар класы), жарғанат (сүтқоректілер класы) бейнесі көрсетілді.

17-сурет. Қанатты аэробионт жануарлардың тіршілік нысаны: 1- инелік (буынаяқтылар типінің жәндіктер класы; 2- рамформых желілілер типінің бауырымен жорғалаушылар класы; 3- үйрек (құстар класы); 4- жарғанат (сүтқоректілер класы).

Бұл жануарлардың дене құрылыстарында қаншама көп айырмашылықтары барына қарамастан сыртқы пішіндері ұқсас екенін байқау қиын емес. Бұлардың барлығы да ұшуға бейімделуіне байланысты сыртқы пішіндерінде ортақ ұқсастық пайда болған. Негізгі ұқсастығы – олардың қай-қайсы қанатты екендігінде. Бірақ сыртынан қарағанда қанат бәрінде болғанымен, әрбір жануардың қанатының пайда болған жолы және құрылысы әр түрлі. Қысқасы, ұқсастық тек сыртқы пішінінде ғана. Анығырақ айтсақ: жәндіктер класына жататын сонаның қанаты оның терісінің қатпарының сыртқа қарай созылып өскіндеуінен пайда болған. Ал, құс, птерозавр, жарғанаттың қанаттары - өзгеріске түсіп, қанатқа айналған олардың алдыңғы аяқтары. Бұдан біз сонаның қанатының шығу тегі соңғы үш жануардың қанатынан мүлдем басқа, терісінен өсіп шыққанын көріп отырмыз. Бірақ сонаның қанаты да ауада ұшуға қызмет атқарады. Шығу тегі басқа-басқа болғанымен бірдей қызмет атқаруға ортақ бейімделудің нәтижесінде сыртқы бейне пішінінде ұқсастық пайда болуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет