Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің



бет2/4
Дата15.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#3925
1   2   3   4

Қысқа мерзімді жоспар


Күні:

Пәні қазақ тілі

Класы 3

Тақырыбы:

Мәтіннің түрлері.

Мақсаты


Оқушыларға мәтіннің түрлерін ажырата білуге ,дұрыс жүйелі құрастыруға үйрету. Жеке суреттер бере отырып, сөйлемдер құрату. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерінің ережелеріне сүйене отырып жүйелі мәтін құруға дағдыландыру. Оқушылардың ойын тыңдай отырып мәтін құрату.

Күтілетін нәтиже

1.Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрай алады.

2.Мәтін, мәтіннің түрлері туралы білімдері артады.



Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

«Қайда жүрсекте біз бәріміз біргеміз»

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

  1. Кіріспе

3 мин
7 мин

1.Ұйымдастыру.

«Ыстық алақан» тренинг өткізу. Бір-біріне тілектерін айтады.

2.Сыныпты топқа бөлу. Үстел үстінде бірнеше жетондар жайылған. Әр оқушы өзіне ұнаған жетондарды алады. Жетон дөңгелекшелерде

«А», «Б», «Т» жазуы жазылған.Сол бойынша сынып «А»тобы, «Б»тобы, «Т» тобы болып топтар құрылады. «А» тобы – Алғырлар, «Б» тобы – Білгірлер, «Т» тобы-Тапқырлар.

3.Үй тапсырмасын тексеру.



«Конверт-сұрақ» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

1.Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланысу керек пе? Сөйлемдерден құралып,бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?


3 шапалақ


жетон

Кеспе қағаздар

  1. Тұсаукесер

4 мин


1.Ой қозғау.

«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

15-жаттығу. Берілген мәтіндердің бір -бірінен айырмашылығын табу, түсіндіру, сипаттау мәтінді көшіріп жазу.

(Күшіктің түсі қара, Төсі ақ. Құйрығы жылмиған.) Сипаттау мәтіні.

Топ басшысы




Слайд суреттер, мітін.
Оқулық АКТ

  1. Негізгі бөлім

10 мин

Сергіту сәті

3 мин

10 мин

2.Оқулықпен жұмыс. 16-жаттығудағы суретке мұқият қарап, әңгіме құрастыру. Әр топ «Аялдама әдісі» арқылы өздерінің құраған мәтінін басқа топ мүшелеріне әңгімелеп береді.

1-топқа 1-сурет бойынша әңгімелеу мәтінін,

2-топқа 2-сурет бойынша сипаттау мәтінін,

3- топқа 3-сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастыру.

Шаңғы, шана,хоккей таяғы суреттері берілген. Үш топтан бір оқушыдан шығып сол суретті маңдайына қойып оқушыларға көрсетеді. Оқушы сипаттауы бойынша суреттегі заттың атын айту керек.

Шығармашылық тапсырма.

17-жаттығудағы берілген тақырыптарға мәтін құрастыру.

1- топқа «Менің сүйікті ауылым».

2-топқа «Мен демалысымды ауылда қалай өткіздім?»

3-топқа «Мен ауылымды неліктен жақсы көремін?»

Топ басшысы

3 шапалақ

Топ басшысының бағалауы


Слайд


«Еркін жазу» әдісі
суреттер

Видео ролик көрсету.



  1. Қорытынды

4 мин

Мәтіннің белгілерін сырбаға сүйене отырып толықтыру, талдау. 19-жаттығу.

3 шапалақ

Сызба арқылы қорытындылау

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

2 мин

18-жаттығу, мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау.



Рефлексия 2 мин

-Сабақ ұнады ма?

-Бір- біріңе көмек бере алдыңдар ма?

Сабаққа рефлекция жасап, стикерге жазып, тақтаға жапсырады.


Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?




Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?




Қысқа мерзімді жоспар


Күні:

Пәні қазақ тілі

Класы 3

Тақырыбы:

Жоспар бойынша мәтін.

Мақсаты


Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл ойын дамыту. Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Күтілетін нәтиже

Жоспар бойынша мәтін құрай алады.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Үйренеді, адам білімі артады,

Ақыл түбі тым тереңге тартады. Ж.Баласағұн.



Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

  1. Кіріспе

2 мин
5 мин


1.Ұйымдастыру

Тренинг: « Ыстық алақан»

Топқа бөлу. «Әңгімелеу», «Сипаттау», «Пайымдау»

Үй тапсырмасын тексеру. «Қар үйіндісі» сұрақ -жауап.


Жетон бойынша

бағалау.


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

  1. Тұсаукесер

  2. Ой қозғау

10 мин


«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша жұмыс істеу.

а) Оқулықтағы 20-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу. Әңгімелеу мәтінге жататындығын дәлелдеу

1-топқа Қалай ойлайсың ,бұл мәтіннің қай түріне жатады?

2-топқа Мына сұрақтарға жауап бер.

Мәтінде кім туралы айтылған? Ол қандай бала?

3-.топқа Мәтіннің мазмұнын ашатындай тағы бір сөйлем.


3 шапалақ


АКТ, суреттер




  1. Негізгі бөлім

Мағынаны ашу кезеңі

10 мин
Сергіту сәті 2 мин

7 мин


1 «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы. 21- жаттығу. Берілген жоспар бойынша әңгіме құрастыру. Әр топ жоспар бойынша әңгіме құрау.

.1- жаттығудағы мәтінді оқу әрі қарай жалғастырып айту.

1-топқа Даниярдың қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың?

2-топқа Даниярдың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

3-топқа Данияр сияқты баланы қандай бала деп айтамыз?

«Күз»


26-жаттығудағы тірек сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыру.

жұптық бағалау




Топтық жұмыс, постер жасату.

Оқулық


постер


  1. Қорытынды

5 мин


1. Тест

«Мен саған, сен маған» сұрақ- жауап әдісі.Бұл әдісте әр топ оқушылары бір -біріне сұрақ қояды. Бір -бірінің сұрақтарына өздері жауап береді.

2.Балалар, біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланысу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?




Бірін- бірі бағалау



Тест



Қосымша оқу

Үйге тапсырма 2 мин

25- жаттығу.



Рефлексия 2 мин

Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім? Көңіл- күй смайлик

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?




Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?




Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз

Сенека

Әңгімелесу арқылы мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алады.Сыныпта диалогты қолдану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім алу сапасына зор ықпал етеді. Диалог-сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас .Диалогтік оқыту барысында оқушы өзінің ішкі дүниесін ,ойлау деңгейін, оны тіл арқылы жеткізу деңгейін көрсетеді және сол арқылы коммуникативті құзіреттілігі қалыптасады. Диалог барысында «мұғалім мен оқушы» қарым-қатынасынан гөрі «оқушы мен оқушы» қарым-қатынасы жандана түседі.Оқушы өз пікірін ашық, батыл жеткізуге үйренеді. Диалогтік оқыту ұжымдық талдауға жетелейді, ұжымдық талдау сыни көзқарасты қалыптастырып ,сыни тұрғыдан ойлауға әкеледі. Оқушы жұптық,топтық жұмыстарда өзінің пайымдауын,түсінігін ауызша баяндау арқылы да, сұрақ қою,қайта сұрақ қою арқылы да жеткізеді,мәселе қоя отырып, оны шешудің жолдарын ұсынады. Диалог барысында қатарлас құрбысының деңгейі мен өзінің деңгейін іштей саралап ,ой түйеді ,өзінің әлсіз тұстарын мойындайды жане өзін жетілдіруге ұмтылыс жасайды деп ойлаймын.

Диалогтік оқытудың ең маңызды шарты-оқушылар топтық жұмыстар арқылы бірін-бірі үйретеді, оқытады әрі бағалайтындықтарымен ерекшеленеді. Дәлелдеме идея мен мүмкіндіктерді ілгерілету және келісу деген анықтама береді. Оқушылар құрдастарымен,сарапшылармен диалог жүргізу барысында сыни тұрғыдан ойлап зерттеу жүргізуге қабілетті болады, өз ойларын пікірлерін дәлелдейді. Оқу барысында Мерсердің сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтағанын білдік. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ( Мерсер, 2000). Мектеп қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет. Білім беруге диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей

байланыс жасайды, ой тастайды,әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалогты оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша (нұсқаулық 39 бет) оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға мүмкіндік береді. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Диалогтық әңгімелесуді топтар бірігіп, әрекеттесіп жұмыс жасаған кезде талқылауға болады. Әңгімелесу әдісі балалардың оқуға деген ынтасын арттырады. Сыныптағы диалогты қолдану арқылы балалардың білім алу сапасын арттыруға болатынын байқадым. Александр (2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым -қатынас жасаудың үлгісі емес, керісінше , идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 40бет)

Білім беруде диалогтың маңызы зор ,мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды,әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалогтық оқыту кезінде Мерсермен Литлтонның пайымдауынша (нұсқаулық 38-бет) оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға мүмкіндік береді. Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Бұны өзім 3 сыныпта «Мәтіндегі негізгі ой» тақырыбын өткен кезде мәтіннің жасалу жолын ,құрылымын, байланысуы туралы тапсырмаларды орындау барысында толық жауап бергендерінен аңғардым, оқушылар өз ойларын жеткізуге,әңгімелеуге асықты, өздерінің сабақта теориялық білімін іс жүзінде іске асыра білді және сыныптағы құрбыларымен өз ойларымен бөлісті. Мұғалім жай бір сарынды үнмен сөйлесе немесе тек өзі сөйлейтін болса оқушыларда селқостық пайда болады. Бұл пайымдауға мысал жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде кіріспе әңгімені бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда өзім баяндап, дәлелдеп, өзім талдау жасап , тек олар тыңдаушы және сұраққа жауап беруші болатын еді.Бұл әрекетімнің соңы олардың оқуға деген немқұрайлыққа,селсоқтыққа әкеледі. Сабағымды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. «Шаттық шеңбері», «Гүл сыйлау», «Ыстық алақан» , «Дүкен» тренингтері арқылы бір-

біріне жақсы тілек арнады. Осы әректтерді орындау барысында оқушылар сөйлесу арқылы да бір-бірінің сабаққа деген ынтасын арттырады. Оқушыларды сабаққа қатысты «Мақта қыз бен мысық» ,«Бауырсақ», «Түлкі мен екші» ертегі тақырыптарына топқа бөлдім. Сабақ басталар алдында

«топтық ережемізді» еске түсіріп оны сақтауға бір -бірімізге уәде береміз. Топтық жұмыс ,біріншіден ,оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден,өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелейді, бірін –бірі оқытуға, бірін –бірі үйренуге, уақытты үнемдеуге жағдай жасайды.

Жаңаша әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып «Мәтін» тақырыбын класта топтарға бөліп бердім, оқушылар әуелі жұпта, кейін топта талқылап өздері бір-біріне кеңес беріп, мәтіннің мағынасын ашып, одан нәтиже шығаруы мені қуантты. Ең бастысы тақырыпты түсіну барысында балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу керек деген ой түйдім. Бұл әрекетімнен байқағаным оқушыларда жұптық жұмыс өте тиімді болды .Нұсқаулықта оқытуда қолданатын әңгімелесу түрлері берілген. Олар:әңгіме-дебат,топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме .Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек,сапалы білім берудің бірден-бір жолы -диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру.Әсіресе ауызша оқу сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибеде көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үндемес оқушылар диалогтік оқу кезінде өте белсенді болды. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіменің маңызы зор. Мәтіннің қандай түрлері бар?-деген сұрақты жұптық талқылауға бердім. Осы кезде Серік деген үнсіз оқушым:-Мәтіннің үш түрі бар, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау- деді. Үнсіз оқушым Серіктің бұл жауабы көңілімнен шықты. Өйткені осындай сабақтар кезінде олардың тең дәрежелілікке ғана қолы жетіп қоймай алдыңғы қатарлы әрекетшіл болып басқаларды өзіне тарататын мүмкіндікке ие болды. Мерсердің зерттеулеріне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрінің бірі- әңгіме-дебат. Әңгіме-дебат барысын да ой пікірлерде үлкен алшақтық болды және әрқайысысы өз шешімінде қалады. Мектептегі іс- тәжірибемді оқуда

қолданылатын әңгімелесудің әңгіме дебат түрін қолдандым. Күрделі емес пікір сайысқа қатысып, өз ойын айғақтарымен дәлелдей білуді аз да болса үйренгенінің өзі мен үшін де, оқушы үшін де жетістік болды. Мұғалім сабақты ұйымдастырушы, сабақтың мазмұны жөніндегі ақыл кеңесші балалардың мәселесін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге оқу барысында олардың жолдасы, қолдаушысы, бағыт-бағдар берушісі болуы өте қажет. Диалог арқылы оқыту барысында оқушылармен пікір алмасу әрекеті орнайды. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі. Сұрақ қоюдың түрткі болуы, ой салу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникалары сипатталған. Практикада мұндай сұрақ қою түрлерін қолданып жүргенмен теориялық жағын үйрену мен үшін жаңалық болды. Сұрақты нақты, дәл, белгілі - бір мақсатты көздеп қоюға мүмкіндік береді, сабақта болатын тиімді және тиімсіз сұрақтардың болуы сияқты.

Үнсіз оқушым Серікте тақтаға шығып, білу дәрежесіндегі сұраққа жауап берді. Ал, Нұржан, Ақнұр, Әли деген оқушыларым да сұрақтарға нақты әрі өз ойларын жеткізе жауап берді. Осының барлығын дұрыс қолдана білсек қана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысып белсенділік танытты. Яғни мұғалім әр қадамын нақты ғалымдардың теориясына, зерттеулеріне сүйініп қадам жасай алады. Алдыңғы тақырыпта бағалау түрлері әдістері туралы мағұлмат алсақ, енді диалогтық оқытуды да нақты теорияны практикамен бекітіп отырдым.Регг және Браунның оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен, бұл мұғалім үшін маңызды мәселелердің бірі. Жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау, одан шығу мәселесі қарастырылған. Мысалы: Мектептегі іс-тәжірибем кезінде «Күз» тақырыбына тірек сөздер берілген. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрауда оқушыларым түсінбедім деген сұрақ қойды, ал мен оған түсіндіруге уақыт жібермей, бір партадағы екі оқушыға яғни үлгерімі жоғары Саяға тапсырдым олар ақылдасып бір- бірімен кеңесіп, мәтін құрады. Харвис және Гэлтонның ойынша күту уақыты үштен жеті секундқа дейін болуы керек, созып жіберсе оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік беру керек екендігі айтылған. Күнделікті оқытуда көбіне жауап беру жылдамдығына көп көңіл бөлмейміз, жауап беруге кететін уақытты өлшейміз, тек шамамен жүреді екенбіз, осының әсерінен үнемі

уақыт тығыздығы сезіледі. Осындай кезде мұғалім оқушыларды асықтырып ойларын жинақтауға уақыт бермейді.Ал, енді осы бағдарламаға келсек нақты

теорияға сүйеніп, әр қадамымызды реттеуге болады, осы арқылы жаңа технологияны кеңірек қолдануға мүмкіндік туғызады. Практика жүзінде үйренген жаңалықтарымды енгізіп, өзгерістер байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім. «Үйренуді үйрету» идеясы менің алдымда жүзеге аса бастады. Енді сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері ізденушілікпен меңгере бастады,

түсініктерін талдауға мүмкіншілік алды. Мен оларға тек бағыт-бағдар беріп отырушы болдым. Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды. Топтық таныстырылым жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін бейнелеп көрсету, көркемдеу жұмыстары өте маңызды. Ал мәтінмен жұмысты постер арқылы, рөлдік ойын арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Оқушыларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады,сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады. Мәселен, «Ешкі мен түлкі» тақырыбын сахналау арқылы оқушылар жеке жұмыс түрінде көрсету арқылы бекітті. Бұл сабақта оқушылар «баға таңдау» әдісі арқылы өздері бағалады, яғни бұл өздерін әділ бағалауға болатынын көрсетеді.

Бұл өзгерістерге оқушылар бірден үйренісе қойған жоқ, бұрын өз ойларын толық айтып жеткізіп көрмеген оқушылар үшін қиыншылықтар болды. Олар бірте -бірте сабаққа қызығып, белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Күннен-күнге топтық, жұптық жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойларын да, ммшешімдерінде қорғай алатындай, пікірлері тереңдей түсті. Бір-бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі. Мұғалім ретінде алдымдағы оқушылардың өзім білмейтін жақсы жақтарын танып таң қалдым. Нұртілек, Сая,Аружан сияқты оқушылардың сөздік қоры мол екенін көрдім. Серік, Нұржан, Айнұр сияқты оқушылардың диалогтық оқыту нәтижесінде сабаққа қызығушылығы артып өз еркімен ынталанып жұмыс жасай бастағанын байқадым. Мен бұрынғы мұғалім болсам да тәжірибе барысында өзімнің оқытуға деген көзқарасым

аздап өзгере бастағанын сезіндім. Бұрын мен іштей осы оқыту үдерісін өзгерту керек, бірақ, қалай?, - деп ойлайтынмын. Қалай? -екенін енді ұққандаймын. Диалогтық оқыту үдерісін тәжірибеде ары қарай өзгерту, дамыту бойынша тақырыптарға сәйкестеп оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар беру керектігін ұқтым. Оқу үдерісінде оқушыларды диалогтық әңгімеге тартуға байланысты туындайтын қиындықтарды жоққа шығрауға болмайды. Тәжірибе де сұрақтың мәнін дұрыс түсінбеу, тақырыпқа қатысты сұрақ үлгілерін ойластыра алмауы, сыни тұрғыда ойлау деңгейінің төмен болуына байланысты қиындықтар туындады. Бұл қиындықтарды мен оқушының өзінде бар білімге қозғау салу арқылы, әдістерімді түрлендіру арқылы қалыптастырушы бағалауды пайдалану арқылы жоюға тырыстым. Мен өз іс- тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті жиі қолдансам деген ойдамын. Өйткені оқушылардың ойлау деңгейлері әр түрлі болғандықтан, әрқайсысы әр түрлі идеялар айтады. Олар айтылған идеяларға күмәнмен қарай отырып, алынған ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне қол жеткізеді. Мұғалімнің негізгі міндеті: өз ойын, пікірін айтқысы келетін окушыны тыңдауға, оның негізгі ойын түсіну, қате пікірлерді бірден жоққа шығармай, өзара пікір алысу барысында елеусіз түзету деген ой түйдім. Өз сабақтарымды диалогке негіздей отырып, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру үшін диалогты қалай пайдалану керектігін меңзейтін бағдарламаның жеті модульінің идеяларын басшылыққа ала отырып, болашақта жұмыс жасайтынымды түсіндім. Мұғалім ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасап, өмірде болып жатқан өзгерістерді тез ұғынып, қабылдап осы заман ағымынан қалыс қалмай тынбай еңбек ету керек деген ойды түйіндедім.

Қорытындылай келе, бұл жобаның басты идеясы «Үйренуді үйрету» білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Өзімнің практикам кезінде оқушылар өзіндік ізденуге, шығармашылықпен, дербестікке диалогтық оқыту негізі дайын деген шешімге келдім. Жеті модульді басшылыққы ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз. Яғни үйренген әдіс-тәсілдерімізді жарты жолда қалдырмай оны жетілдіру, дамыту қажет."Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтаудың ең тиімді жолы басқаға ақыл айту емес, әңгіме құру, талқылау және пікір таластыру" деген үнді ойшылы,

саясаткері Джавахарлл Нерудің менің тәжірибемнің мақсат көзі ретінде ұстандым. Қазақ тілі пәнін оқуда оқушыларымның таным көкжиегін кеңейте отырып, білім алу және алған білімдерін қолдана білуіне бағыт-бағдар беремін. Сөзімді қорыта келе, мен диалогты оқытудың нәтижесінде оқушылардың ойлау деңгейлері, жүйелі сөйлеу дағдылары дамитындығын, өз ойларын ашық айтуға, пікірлерін дәлелдеуге үйренетіндігіне сенімдімін.

Тәжірибе кезінде кездескен қиындықтармен болашақта әлде де жұмыстану арқылы өз оқушыларымның білім деңгейін көтеріп, көшбасшы ретінде әріптестеріммен біріге отырып, ақылдасып жұмыстанамын деген ойдамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет