Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің


Бақылау барысындағы нәтижелі сәттер



бет3/4
Дата15.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#3925
1   2   3   4

Бақылау барысындағы нәтижелі сәттер:

  • Дәстүрлі сабақтар мен жаңа жобамен жүргізілген сабақтардың айырмашылығы бар екендігін оқушыларымның және өзімнің өзгерісімнен анықтай алғандығы.

  • Жаңа жобаның негізіндегі теориялық білімді тәжірибе кезінде қолдана білгендігім.

  • Қысқа мерзімді сабақ жоспарларыма жеті модульдің идеяларын пайдалана отырып сабақ жоспарларын құра алғандығым.

  • Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыру балаларды бір-біріне жақындастырады, мейрімділікке, рухани адамгершілікке, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйренгені.

  • Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенгеннің тиімділігі.

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс-тәсілдерін пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуіне, бір-біріне деген сезімдерін еркін жеткізуіне құрметтеуге,топта ұйымшыл болуына, сабақты жақсы қабылдауына және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының алға жылжуына өте ыңғайлы екенін байқадым.

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік әдісі арқылы оқушыларды әңгімеге тарту, өз ойларын толық жүйелі айтуға, және белсенділіктерін арттырудағы тиімділігін байқадым.

Сәтсіз тұстары:

  • Оқушылар бойында ұялшақтық сынды әрекеттердің басымдығының көрінуі.

  • Ойларын қысқа, нақты жеткізіп айта алмаушылықтары байқалды.

  • Топпен жұмыс жасағанда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерінің көрініс табуы.

  • Оқушылардың тіл байлықтарының аздығы.

Мен болашақта нені, қалай өзгерткім келеді:

  • Ең алдымен жеті модульдің әдіс-тәсілдеріне сабақтарымда мүмкіндігінше толық қамти отырып,тиімді пайдалану.

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын,яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыруды түрлендіріп отыру.

  • Ұжымдық жұмысқа дағдыландыра отырып, топтық жұмысты жандандыру, дамыту.

  • Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрететін сұрақтарды нақты, дұрыс қоя білу қажеттілігін басты назарда ұстау.

  • Еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы оқушы тәрбиелеу.

  • Қоғамдық желі құру,тәжірибемді бөлісу.

  • Әріптестеріме тиімді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелеріне енгізулерін ұсынамын.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысындағы іс-әрекетіме осы әдістемені енгізе отырып сабақ жүргізудегі бағытымды өзгерте алдым. Қорыта келгенде бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс-тәжірибемізге ендірсек, Блум таксономиясы негіздерін басшылыққа ала отырып, жүйелі орта мерзім жоспарын құрсақ және топпен жұмыс жасауды жандандырсақ, жоғарыда айтылғандай кедергілерден мүлдем арылармыз деген ойдамын. Осы курс бағдарламасын оқып үйренгелі мен көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Мен, өзіме "Кеше қандай едім, бүгін қандаймын, ертең қандай боламын?" деген сұрақтарды қоя отырып ойымды «..Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады»- деген Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен қорытпақпын.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012ж

«Бастауыш сынып әдістемесі» 2014ж

Оқулық «Қазақ тілі» 3-класс


Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі

рефлексивтік есеп.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім (Strjng,2011). Мұғалім қазіргі заман талабына сай көшбасшы бола білу керектігін түсіндім. Қазіргі таңдағы оқыту үдерісінде білім берудің сапасын жақсарту үшін заман талабына сай жаңа әдістер жиі пайдала-нылуда. Қазіргі білім беру үдерісінде оқушы өз ойын ашық айта білу керек екенін түсіндім. Қазіргі білім беру тиімді болу үшін , бағдарлама-дан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Нұсқаулық, 6 бет)

Мектептегі іс-тәжірибе кезінде мен жеті модульді ықпалдастыра отырып, қысқа мерзімді жоспарымды құрдым. Мектептегі тәжірибемді 3-класта өткіздім. Класта барлығы 14 оқушы. Сабаққа дейін оқушылармен кездесіп, алда өтетін сабақтар жаңаша түрде өтетіндігі туралы сұхбат жүргіздім. Оқушылар түсіністік танытып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін айтты. Өздері бірігіп, талқылай отырып, бір шешімге келіп, топтық ережесін құрды.

Менің тәжірибе барысымда 3 -класта қазақ тілі пәнінен өткізген сабағымның тақырыбы: «Мәтіндегі негізгі ой». Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіру. Мәтіннің жасалу жолын, құрылы-мын, байланысуын сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу. Мәтінді талдауға,негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, әрі қарай жалғасты-руға, аяқтауға және мәтін құрауға үйрету арқылы оқушылардың қызығушы-лығын оятып, ойлау қабілетін жетілдіру. Нұсқаулықта өзін -өзі реттеу- балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті делінген (44 бет). CindLe жобасында Марта Бронсонның (2002) өзін- өзі реттеудің төрт саласының екеуі-эмоциялық және әлеуметтік өзін -өзі реттеу. Яғни, оқытуда және оқуда өзінің және басқалардың эмоциялары және бір-бірі-міздің қарым-қатынастарымыздың әсері мен маңызы зор делінген. Сол тұжырымға сүйене отырып сыныпта жалпы жақсы психологиялық ахуал, достық қарым-қатынас, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сабақты «Сиқырлы гүл» атты психологиялық тренингпен бастадым. Балалар өз араларындағы достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында бір-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдірді. Мысалы: Аружан, саған бақыт тілеймін, Жангүл, саған денсаулық тілеймін ! Ал үнсіз оқушым Серік өзі: Сая, мен сенің сабақтан бестік баға алуыңды тілеймін! деп жылы сөздер айтып, көңіл-күйлері көтеріліп, жақсы сыйластық қарым-қатынас орнады. Бір-біріне гүл сыйлай отырып амандасты. Оқушыларды қима қағаздар арқылы «Мозайка» әдісімен «Жыл мезгілдері» суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлу. «Атыспақ» әдісі бойынша өткен тақырыптарға шолу жасау мақсатында сұрақтар қойып, кері байланыс орнаттым.

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

-Дыбыстан не құралады?

-Сөзден не құралады?

Қалай оқу керектігін үйренуде Шанг пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптасты-руына баса назар аударады. Выготский оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы эмперилық зерттеуде қолдау тапқан, сондықтанда мен жаңа сабақты өздігінен ашу мақсатында оқушыларды сын тұрғысы-нан ойлата отырып, «Адасқан сөздер», суреттер бойынша сөйлем құрау-дан бастадым. Түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа сабағымның тақы-рыбын аштым, мұндағы жеткен жетістігім үнсіз отыратын оқушылардың серіктестерімен бірдей деңгейде қатарласып жауап бергендігін анықтадым. Суретпен жұмыс жасауда оқушылардың жас ерекшелігін ескердім. Осы-лайша жаңа сабақтың тақырыбын аша білді. Сабақты бастамас бұрын ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, сурет бойынша оқушыларлың қызығушылығын оята отырып, диалогқа түсірдім. Оқушылар қолдарын көтеріп, белсенділік танытты. Олар күнделікті өмірмен байланыстыра отырып әңгімеледі. Үнсіз оқушым Серік суретпен жұмыста «Көктем мезгілі». Асан мен Айдар доп ойнап жүріп, қыста жасаған аққаласын көрді, ал деңгейі жоғары оқушым Сая «Балалар аққаланын жылап тұрғанын көріп, доптарын тастай сала аққаланы үйлеріне қарай көтеріп кетті. Олар аққаланы тоңазытқышқа салды .Аққала балаларға рақмет айтты ». Деңгейі төмен оқушым Әли «Балалар аққаланы көріп қуанды» деп жауап бергені мені таң қалдырды. Оқушылар бірін-бірі үш шапалақ арқылы қолдап отырды. Сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін оқулықпен жұмыс жасаттым.

1 -жаттығу.

Барлық топқа 1-жаттығуды өз бетінше оқып шығуға тапсырма бердім. Салыстыр. Қайсысы мәтін? Мәтін дегеніміз не? Тақырып дегеніміз не?

Мәтіндегі негізгі ойды табу. Оқушылар топта оқып, жұптық әңгіме жүргізіп, өзара топта талқылап, ДЖИГСО әдісі бойынша өз түсінгендерін, өзге топқа талқылап, бір-біріне түсіндірді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және

олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады (Нұсқаулық, 61 бет). Оқушыларға «Кім жылдам» ойынын ұйым-дастыру арқылы әр топтан анықтаманы өздері шығарды. Сабақ кезінде оқушыларға сұрақ қоюдың бірнеше түрін қолдандым: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау (Нұсқаулық, 41 бет) сияқты әртүрлі техника-ларын пайдалануға болады. Өз іс-тәжірибемде сұрақтардың бірнеше түрін қолдандым. Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірнеше жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Мысалы, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау, толық жауап беруге итермелеу.

2-жаттығу.

Түрткі болу сұрағы: -Мәтінге ат қоюға бола ма?

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге,өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысын-да оқушыға бағдар беріп отырады.

Сынақтан өткізу сұрағы:- Мәтін дегеніміз не? Мысал келтіре аласың ба?-деген сұрағыма үлгерімі орташа оқушым Нұржан:-мәтін мағына жағынан байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады-деп жауап берді.

Мәтінге ат қоюға бола ма?

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» Осы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамыттым. Осы диалогтік оқыту арқылы өздері тұжырымды ой айтып, нәтижеге жетуге ұмтылады. –Мәтінге қандай ат қойдық? мәтіндегі негізгі ойдың қысқаша атауы? деген сұрағыма үлгерімі орташа оқушым Нұржан жауап бере алмады. –Нұржанға көмектесе аламыз ба? -деп сұрақты қайта бағыттап қойдым. Сол кезде дарынды оқушым Сая мәтін тақырыбы «Ас атасы-нан» Негізгі ойдың атауы Егіс даласында деп-нақты жауап бере білді.

Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша бала-ларды 21 ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру –мұғалімдер үшін ынталан-дырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. (Вольф және Александр, 2008) Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (нұсқаулық 49-бет)

Мен өз сабағымда жаңа технология әдістерін, соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін көбірек қолдандым. Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау модульі оқушы-ның ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқадым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін «Еркін жазу» әдісін пайдаландым. Топ арасынан пысық оқушылар өздерін топ басшысы ретінде қалған оқушыларды өздерімен жетелеп отырғанын байқадым.

Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады (Нұсқаулық, 72 бет). Сол сияқты үшінші топ өз топтық таныстырылымдарында салған суреттерінен талантты және дарынды оқушыны анықтай алдым. Үнсіз оқушым Серіктің сурет салуға деген қабілеті бар екендігін анықтадым. Содан соң топ бірін -бірі бағдаршам арқылы бағалап отырды. Осындай әдістерді қолдана отырып сабағымда оқушыларды сын тұрғысынан ойлата алдым. Өйткені, сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтез-деуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан баулуды білдіреді (Нұсқаулық, 49 бет). Осындай тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық танытқан оқушылар келесі тапсырма-ларды орындауда топтық жұмыс арқылы қиыншылықты оңай шеше алатынына көз жетті.

Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селсоқ тыңдағанда емес, вербальді құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті (Нұсқаулық, 39 бет), Барнс (1971) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. (Нұсқаулық, 40 бет)



Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бір тұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. (Нұсқаулық, 62 бет) деген теориялық білімді басшылыққа ала отырып, жыл мезгілдерін көрсете отырып шығармашылық тапсырма бердім. Барлық оқушы өз қабілеттеріне қарамастан, нәтижеге қол жеткізуге тырысып, шығармашылық тапсырманы орындауға кірісіп кетті. Осындай шығармашылық тапсырма арқылы талантты және дарынды оқушыларды анықтай білдім.Сабақтардың түрленіп өтуіне байланысты оқушылардың сөздік қоры молайып, шығарма-шылық танытып, түрлі әдеби сөздерді қолданды.

Курстан кейін өзгерген көзқарасымнан оқушыларға жауап беруге «сақтықпен» қарайтын болдым. Бұрын мен оқушыларға үзілді-кесілді «ия-жоқ» , «отыр, дұрыс емес» деп жауап беретінмін. Қазіргі сабақтарда Рэгт және Браун (2001) ұсынған әрекет етудің түрлерін қолдануға тырыстым. Оқушының жауабын мойындап қоймай, оны келесі сұхбатқа негіз етіп алуға тырыстым, жауаптарының мағынасын күшейтуге тырыстым,басқалар есту үшін жауаптарын сөзбе-сөз қайталадым, оқушы-ның жауабын «өте жақсы», «жарайсың» деп мадақтап, өзіне деген сенімділігін арттырып отырдым. Бағдарлама оқушының білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарауға талап етіп отыр. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәнінде тиімді түрі болып табылады. (Нұсқаулық,43 бет). Сабағымды қорытындылау мақсатында, Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады дегендей, оқушыларға «сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі арқылы оқушылар оқығандары бойынша сұрақтар қойып, сабақты қорытындылады. Сабақтың бағалау кезеңінде Александердің мына тұжырымдаманы негізге ала отырып: «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Олар қолданылатын кез-келген нысанның артында тек объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» (Alexander, 2001). Осыны ескере отырып, сабақта бағалауды бағалау өлшемдері бойынша іске асырдым. Мұндағы мақсатым, оқушының тек белгілі бір алған біліммен ғана өзім бағаламай, өзі сияқты сыныптасының немесе өзінің қазіргі уақытта не оқып білгенінің қаншалықты жинағанын анықтау. Осы әрекет арқылы сабаққа деген оқушының уәжін тудыру. Осы сабақты «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаттым. Үлгерімі орташа оқушым Нұржан Саяға «мен саған екі жұлдызымды тақырыпты түсіндіргенде жақсы түсіндіргенің үшін тапсырмаларды орындауда бізге көмек көрсеткенің үшін, ал тілегім әрдайым озат оқушы болып жүре бер» деп өз ойын білдірді. Төменгі сынып оқушылары болса да олардың бірін-бірі бағалауы, бір- біріне түсіністікпен қарауы арқылы өзін- өзі реттей отырып, білімін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруға үйренеді деген ой түйдім. Осы сабағымда оқушылардың ұйымшылдықтарын, белсенділіктерін көрдім, ынтасы төмен оқушылардың да сабаққа деген көзқарастары өзгергендігін байқадым. Үнсіз оқушыларымның өзі топтық жұмыс болғандықтан өз үлестерін қосқысы келетіндіктері қуантады. Топтық жұмыстың нәтижесі- топ арасындағы талас кезінде шындық туындады. Әр бала жұмыс кезінде өз үлесін өзі анықтады. Барынша көп үлес қосуға тырысты. Балалар өз -өзіне сенімді бола бастады. Топтық жұмыс кезінде бір-біріне деген достық қарым -қатынасы жақсарды. Оқушылар арасында кері байланыс орнатқанда маған бір оқушы (топтық жұмыстарды көбірек жасасақ) (сергіту сәті маған қатты ұнады), (осындай сабақ бізге үнемі жүрсе), деген ұсыныстар айтқан. Осының нәтижесінде мен келесі сабағымда оқушыларды көбірек топқа бөліп, топтық тапсырмалармен көбірек жұмыс жасауды түртіп алдым, себебі келесі жоспарыма осы әдістерді қосамын. Мен өз мақсатыма жеттім және осы бағдарламада берілген әдістерді үнемі өз тәжірибемде қолданып, жаңартып отырамын. Бұл менің алдағы тәжірибеме қойған мақсатым. Оқушылар-дың алдында мұғалім беделді болу үшін өзінің білімділігін, біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білуі керек. Мұғалімнің көшбасшылығын танытатын кезі де сабақ беру әдістемесіне де, ұйымдастырушылық қабілетіне де байланысты. Дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім білім беруші болса, Кэмбридж бағдарламасы бойынша мұғалім бағыт бағдар беруші болып табылады. Жаңа оқыту әдісінде талантты және дарынды оқушыны анықтауға мүмкіндік бар. Жеке жеті модульді пайдалана отырып, балалардың пікірлерін ашық айтқызып, өздеріне сенімділік ұялата білуге, баланың ашылуына көмектесуіміз керек. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты рухани биікке көтеру біздің міндетіміз.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012.

2. «Бастауыш сынып» журналы 2013-2014ж

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға

қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп
Білім берудің мемлекеттік бағдарламасына білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту мақсаты тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни үздіксіз білім алуға көшіру. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес, сондықтан ғылыми-әдістемелік қызмет барысында өзімнің кәсіби біліктілігімді жетілдіру мақсатында Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курсқа қатыстым. Бұл курс бұрынғы курстарға ұқсамайтын жаңаша идеяларға, жаңашылдыққа толы «керемет» курс болды. Бүгінгі жаһандану заманында оқушыларға заман талабына сай білім беру қажеттілігі туындауда. Осы қажеттілікті іске асырудың жолы оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негізінде жатыр деп білемін. Бағдарлама курсының бірінші бетпе-бет кезеңінде алған әсерім, тәжірибем мол.Курстың алғашқы күндерінде бұрынғы қалыптасқан ұстанымдарды өзгертуге бағытталған Бағдарламаның негізгі идеясы мен ұғымдарын түсіну мен үшін қиыншылық келтірді. Бағдарламаның мазмұны мен міндеттерін ұғынып, түсінгеннен кейін, көзқарасым өзгеріп, мектепте өткізген дәстүрлі сабақтарымды жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге бет бұрдым. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістектерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Стронг, 2011 ж). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетуде, мінсіз оқушы бейнесі, табысты оқыту, жақсы мұғалім деген ұғымдарды тереңінен аша отырып, көкейімде жүрген сан алуан сұрақтардың жауаптарын осында тапқандаймын. Курсқа келген әріптестерімде өз ұстанымдарына сыни көзқараспен қарап, өзгеріске бет бұрды. Бұл оқу курсында өзімнің болғаныма қуаныштымын. Бірінші бетпе-бет кезеңінде курс тренері түрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтағы»тақырыптарды түсінуге көмектесті. Тренердің берген бағыт-бағдары арқылы ондағы теорияларды, ғылымдар мен зерттеушілердің тұжырымдамаларын, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқып түсіндік. Осы Кембридж бағдарламасын оқуда мен Баймаханова Тынымкүл мектептегі іс-тәжірибе кезінде Жабасақ орта мектебінде мектеп басшыларымен және әріптестеріммен кеңестім. Олар мені жылы шыраймен қарсы алып, тәжірибе өткізуіме жағдай жасайтындықтарын айтты. Мектеп директорына, оқу ісінің меңгерушісіне қазіргі уақыттағы оқушыларға білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің шығып жатқандығы туралы оқушылардың нақты ғылыми зертелген әдіс-тәсілімен білім алу керектігін және

оқушылардың өзара диалог әдісін пайдалану, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, оқушылардың өздігінен білім алып, сол алған біліміне сыни тұрғыдан көзқарасын қалыптастырып, саналы және оймен қабылдауын көздейтіндігін білім керектігі туралы өз пікірімді айттым. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып, өз білімдерін толықтырып отыру керектігі туралы сөз қозғалды. Тәжірибе кезінде 3 класты алуда әріптестерім мені қолдады. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, ой өрісін кеңейту мақсатында сол кластың білім деңгейін аықтау үшін алдым. 2-ші бетпе-бет кезеңіне келгенде әріптестерімен кеңесу кезінде ортақ қиындықтар, уақыттың тапшылығы және басымыздан өткен жағдайаттар мен кедергілер оның жеңу жолдарын қарастырдық. Сонымен қатар өз әріптестерімнің көңілге қонымды әдіс-тәсілдерін болашақта іс-тәжірибемде пайдалануға түртіп алдым. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде ынтымақтастық атмосферасын қалай қалыптастырдық? -деген сұраққа әр мұғалім өз тәжірибесі кезіндегі әдіс-тәсілдерімен, пікірлерімен бөлісті. Әріптестермен бірлесе отырып, топпен жұмыс жасау барысында туындаған қиындықтарды тиімді амалдармен шешу, уақытты тиімді пайдалану, әдіс-тәсілді меңгеру, сыни ойлай білу, шығармашыл болу тағы басқа да ойлар айтылып, топтағы әріптестермен өз тәжірибемізді бөлістік.



Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруда мен іс-тәжірибемде оқушылары «Шаттық шеңбері», «Ыстық алақан», «Гүл сыйлау», «Достық торы» атты тренингтер өткіздім. Бұл тренинг жаттығулар оқушылар арсында жақсы қарым-қатынас қалыптпстырып, көңіл- күйлерін көтеріп, қолайсыздық, сенімсіздік сезімдерін төмендететіндігін байқадым. Топқа бөлу әдісін бұрынғы сабақтарымда қолданып жүретінмін, бірақ ол сабақтар сайыс түрінде ғана өтілетін. Сол себепті оқушылар арасында бәсекелестік, көре алмаушылық болатын еді. Ал, енді жаңаша әдістерді пайдалана отырып, топқа бөлу, топтың ережесімен танысқаннан кейін ондай келеңсіздіктер байқалмады. Әрине ең бірінші сабақтарымда топпен жұмыс жасаған уақытта сабақ аяқталған соң, оқушылар арасында «Апай, қай топ жеңіске жетті?» деген сұрақтар қойылды. Сондықтанда келесі сабағымда оқушылармен бірге отырып топтық ережелер құрдық. Топқа бөлуде де көптеген қиындықтар кездесті. Сыныпта артық шу-күлкі болды. Осы кезде мен сыныпты ереже арқылы реттедім. Топтық жұмыс жасаған уақытта енжарлық танытқан оқушылар да болды. Осы кезде ол оқушыны ортаға тарту мақсатында қызығушылығын оята білу керек болды. Төменгі сынып оқушылары болғандықтан, түрлі психологиялық ойындар, бейнероликтер көрсету арқылы топпен бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс жасауға жетеледім. Көңіл күй тақтасын пайдалана отырып, оқушылардың көңіл күй атмосферасын қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Топта өзімде болған қиындықтардан шығудың жолдарын тауып, басқа әріптестердің дәл сондай қиындыққа кездесіп, өзгеше шығу жолын тапқанын білдім. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (нұсқаулық 41-бет). Сұрақ қоюдың түрткі болу, ой салу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникалары сипатталған. Өз сабақтарымда сұрақ қою түрлерін қолданып жүргеніммен теориялық жағын үйрену мен үшін жаңалық болды. Сұрақты нақты, дәл, белгілі-бір мақсатты көздеп қоюға мүмкіндік береді, сабақ болатын тиімді және тиімсіз сұрақтардың болуы сияқты. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушылардың өз ойларын анық білуге идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Мен тәжірибемен теорияны ұштастыру мақсатында Мерсердің сілтемесіне сүйене отырып, оқушыларға түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақ техникаларын пайдаландым. Осы техникалар арқылы оқушыларды сыни ойлата отырып диалогқа түсірдім, жеке ерекшелігіне мән бердім. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет етуде қиындықтар кездесті. Сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға берілген уақыттың ұлғаюы, әр деңгейлі оқушылардың сұрақты қабылдауы мен жауап берудегі айырмашылықтар, тақырыптан ауытқып жауап беруі. Сабақ барысында Харгривс пен Гэлтон ұсынған кідірісін ұстанып, жауап берудегі дағдысына мән бердім. Сабақта осылай етіп қолданғанда шыққан нәтиже, оқушылар сол уақыт ішінде ізденіп те, ойларын ортаға салып бөлсе де, айтатын жауаптарын нақтылай алатындығына көз жеткіздім. Оқушыларға сұрақ берерде мұқият ойланып, әрі нақты жауап берулеріне үлкен мән бердім. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет етудегі қиындықтарды топта талқыға салдық. Топ әріптестерім мынадай қиындықтармен кездесіпті: ойлануға берілген уақыттың улғаюы, әр деңгейлі оқушылардың сұрақты қабылдауы мен жауап берудегі айырмашылықтар, тақырыптан ауытқып жауап беруі. Топ әріптестеріммен ақылдаса келіп, сұрақтың мазмұндылығы, нақтылығы, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне назар аудару, қайта бағыттау техникасы арқылы оның шешу жолдарын іздедік. Маған бұл тарапта Мәриямның өз іс-тәжірибесінде оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет етуде жеті модульді ықпалдастыра білгендігі ұнады. Сұрақ қою арқылы сыни ойларда, диалогқа түсіре, жас ерекшелігіне мән бере, талантты және дарынды балаларды анықтауды, жаңа тәсілдерді пайдалану, АКТ тиімді пайдалана алу, көшбасшы болу модульдерін ықпалдасдыра білген. Әріптестеріммен сұрақ қою және олардың жауаптарына әрекет етуде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топқа бөлу әдістерін жетілдіру, оқушының өзіндік менін қалыптастыру, сұрақ қою техникаларын тиімді пайдалану арқылы оқушы еркін сөйлеу, ізденушілік, сөйлеу мәдениетін өзгертуге болады деген ой түйдік.

Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, топтық бағалау: Топтық талқылаудың барысында жүргізілген тәжірибемізді ой елегінен өткізіп, саралап, бір-бірімізбен пікір алмастық. Тапсырмалардың орындалу барысында толықтырулар енгізіп, бір-бірімізге бағыт-бағдар беріп отырдық. Маған әріптестерім арасынан Кенжегүлдің бағалау тәсілі ұнады. Бұл топтық жұмыстың барысында өз іс-тәжірибеміздегі өзгерісті анықтауға үлкен септігін тигізетіндігін және орындалған әрбір тапсырманы түсінуде маңызы бар екенін ұғындым.

Мен мектептегі іс-тәжірибемде оқушыларымның сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту үшін тапсырмаларды түрлендіріп беруге тырыстым.Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушы мәтіндегі өз бетінше оқып, әуелі жұпта, кейін топта талқылады.Оқушының қызығушылығын арттыру үшін постер құру, ЖИГСО, эссе жазу,кластер,түртіп алу,ассоциация әдістерін пайдаландым. Сыни ойлау үшін уақыт, зейін және мақсат керек.Оқушы бір жаңа нәрсені ойлар алдында ол туралы бұрын не білетіндігін еске түсіруі керек. Оқушыларға ойлануға уақыт беруі керек. Оқушылар өзгелердің пікірін тыңдап, ой алмасуы керек.Сол кезде ғана оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізіп, идеялары мазмұнды және жақсы құрылады.Әріптестерімен тапсырманы талдауда сыни тұрғыда ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме жүргізуде бастауыш сынып мұғалімі Гүлшаттың қолданған әдістері, атап айтар болсам зерттеушілік әңгіме арқылы жүргізуі маған ұнады.Және осы әдісті өз тәжірибемде қолдансам деймін.Бұл әдіс арқылы оқушыларды сыни ойлата отырып, жұппен диалогке түсуде жақсы нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын.

3-топ «Өзін-өзі реттеу» тақырыбы бойынша топпен бірігіп жұмыс дайындады. «Өзін-өзі реттеуді» топ үш жақты қарастырды :оқушы топта басқа оқушылармен бірігіп жұмыс жасау арқылы өз мінез-құлқын реттей алады. Себебі басқа адамдармен жақсы қарым -қатынас жасау үшін, тіл табысу үшін ол оқушы басқалардың пікірін, көзқарасын тыңдай отырып, оған іштей келіспесе де, басқаның ой-пікіріне құрметпен қарай білуі керектігін түсінуі керек.Басқалардың ой-пікірі өзінің ой-пікірімен сәйкес келмесе де, басқа адамның да ойы құнды екенін түсінуі қажет, яғни осындай жағдайлар арқылы оқушы өз мінез-құлқын реттей алады. Екінші-оқушы метанымдық қасиетін дамыту арқылы өз-өзін реттей алады деген шешімге келдік, себебі оқушы өз-өзіне терең үңілу арқылы,өз-өзін терең танып-білу арқылы өзін реттей алады.Сонымен қатар,оқушы оқу нәтижесі бойынша оқудың мәні мен сипатын түсінуде үдерісінде де өзін-өзі реттей алады,яғни оқушы сыныптастарымен бірге топтасып және жұптасып немесе мұғалім-оқушы режимінде жұмыс жасау арқылы оқыту мен оқу үдерісінің маңызды екенін түсіне алады. Оқудың мәні мен сипатын түсінген оқушы білім алудың маңыздылығын терең ұғына алады, ал оқудың мән-мағынасын түсінген оқушы білім алу үдерісінде өзін-өзі реттей алады деген ортақ шешімге тоқталды.

«Дарынды және талантты оқушыларды оқыту » тапсырмасы кезінде әртүрлі деңгейлі үш оқушыны бақылап, олардың топта қалай жұмыс істейтінін барлық тапсырмаларды орындау барысында анықтап, бақылап отырдым. Сыни тұрғыдан ойланатын шығармашылық тапсырмалар кезінде үш оқушының да әр қырынан ашылып жатқанын аңғардым. Нәтижесінде тек үлгерімі жақсы оқушы ғана дарын, ерекше қабілетті бола бермейді деген ойға келдім. Себебі бір оқушы білім жағынан өзін көрсете білсе, үнсіз оқушым шығармашылықпен айналысуда өзін көрсете білді.Осы тапсырма барысында әріптестермен топта талқылау кезінде өзімде болған қиындықтардан шығудың жолдарын таптық.

Болашақта өз сабақтарымда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыратын тапсырмаларды түрлендіріп, дамытумен жұмыстанамын және әріптестерімнің сыни ойлатуға бағытталған тапсырмаларын қолданып, өз тәжірибемді қолданамын.

Тәжірибе кезінде кездескен қиындықтармен болашақта әлде де жұмыстану арқылы өз оқушыларымның білім деңгейін көтеріп, көшбасшы ретінде әріптестеріммен біріге отырып, ақылдасып жұмыстанамын деген ойдамын. Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беремін.Үйрете жүріп үйренемін.Әріптестеріммен кеңесу ойымызды толықтыра түсті деп қорытындылаймын. Әріптестерімнің қолданған әдістерін тақырыпқа ыңғайластырып қолданамын деп шештім.Топтағы әріптестеріммен «іс–әрекеттен кейін толғаныста» әрбір тізбектелген сабақ жеті модульге негізделген. Ықпалдасқан модульдің нәтижесінде сабақ құрылымы мен оқушының қалай оқу керектігін үйрете білетініміз сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқулық «Қазақ тілі» 3-класс

Ғаламтор ресурстары



Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет