5В050300 «Психология» мамандықтардағы студенттер үшін



бет1/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,04 Mb.
#27613
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-18-2.1.027/03 -2015

«Имиджтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№ 3 18.09.2013ж. басылымның орнына

басылым № 4 11.09.2014ж





5В050300 «Психология» мамандықтардағы студенттер үшін

«Имиджтану» пәні бойынша
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өзіндік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ
Ар - адамның үміттен биіктігіне сай келмейтіндігін сезінуде туындайтын қолайсыздық күйі.

Абырой - адамның өз іс-әрекеттерінің тиесілі адамшылық мұраттарына

сәйкес келуіне пайда болатын өзіндік жеткіліктілік.



Тұлға - рухани деңгейде дамыған адам.

Мораль - іс-әрекетті әлеументтік реттеудің жүйесі.

Мінез - өз бітіміңді әшкерлеу.

БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН -Бірлескен шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында тараптардың арасында құрылған заңды тұлға

БАСҚАPМА Белгiлi бip мекеменiң ipi саласы, әкiмшiлiк мекемесi.

ЖЕДЕЛ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІСІ -Құқықтық немесе этикалық талаптар орындалмаған жағдайларда, түрлі дилеммалар мен басқа да мәселелер бойынша барлық қызметкерлердің хабарламалар жіберетін немесе кеңес алатын қол жетімді желі.

ИHТЕPВЬЮ Тiлшi таpапынан алынатын әңгiме-хабаp.



ЭМОЦИЯ Адамдаpдың қоршаған оpтамен қаpым-қатынасында пайда болатын iшкi жан дүниесiндегi күйiнiш пен сүйiнiш сезiмi.

ЭСТЕТИКА Көpкемдiк таным теоpиясы, әсемдiк туpалы, көpкем шығармашылықтың жалпы заңдаpы және адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туpалы философиялық iлiм.

ЭТИКА 1.Мораль түралы, оның дамуы, оның мәні мен принциптері, қоғамдағы нормалары жайындағы ілімдер жүйесі. 2. Белгiлi бip қоғам мүшелеpi үшiн қағида болып табылатын мiнез-құлық тәpтiп ноpмасы.

ЭТИКЕТ Қаpым-қатынастың (дипломатиялық оpтада, саpай қызметкеpлеpiнiң аpасында) қалыптасқан үлгic

1 ДӘРІСТЕР
Дәріс сабақтың құрылымы
Тақырып 1. Іскерлік қарым қатынас этиканың негізгі түсініктері.

  1. Этика түсінігі. Этика және мораль.

  2. Іскерлік қарым қатыынастағы этикалық нормалар.

  3. Бизнес этиканың түсінігі.

1 Этика түсінігі. Этика және мораль

Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.

Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.

Мораль жалпы теориясы – мораль құрылының, оның қоғамдық дамуындағы адамдар өмір қызметіндегі ролінің жиынтығы туралы ғылыми білімдердің жүйесі. Жалпы теория мораль әлеуметтік мәнін, оны анықтау үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мораль дамуындағы нәтижелерге 60-шы жылдары көп жете бастағанын айта кету керек. Осы уақытта О.Г. Дробницкийдің алғаш рет күрделі мәселені: «Теориялық рамкадағы рольді» атқаратын мораль жалпы түсінігі немесе пәнді оның тарихында көру тәсіл қарастырған «Мораль түсінігі» деген негізгі еңбегі жарық көрді. 60-шы жылдары мораль теориялық анықтамаларына әр түрлі көзқарастар туды, мораль пайда болу және теориясы мәселелеріне қатысты дискуссиялар болды. Осы уақытта С.Ф. Анисимовтың, В.Г. Ефимованың, А.А. Гусейкованың, В.П. Кобляковтың, А.И. Титаренконың, Г.Г. Акмамбетованың және тағы басқа ғалымдардың мораль жалпы теориясы және этиканың теориялық мәселелерін қарастыратын еңбектер жарық көрді.

Мораль жалпы теориясын қалыптастырудың қажеттілігі әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, мораль қатынастардың ерекше аясын, қызметтің ерекше түрін сипаттамайды, дегенмен ол қызметтің өзіндік нысаны болып табылады.

Мораль «таза күйінде» бөлінуі – теоретикалық абстракция мәселесі. Екіншіден, мораль ішкі байланысы есебінің қажеттілігі моральдік сана тарихи типінің тарихи жағдайлармен әлеуметтік шектелуімен байланысты, бірақ сана қоғамдық өмірге кері жер тигізеді. Мораль әрқашанда қоғамдық өмірдің сферасымен байланысты болды, дегенменде оның әсер ету күші дәуірге және топтық қатынастарға байланысты ауысып отырды.Моральды зерттеу үшін әр түрлі ғылым өкілдері: политологиялық теория, мәдениет теориясыт және тағы басқа әлеуметтанушылары өз мүдделерін білдірді.60-шы жылдары мораль қоғамдық сана ретінде адамдар өз әрекеттерінде басшылық ететін және қоғамдық пікірмен және адамдардың нанымдарымен мақұлданатын нормалармен принциптер жиынтығы.

Дегенмен бұланықтама арықарай мамандарды қанағаттандырмады, немесе гносеологиялық, социологиялық көзқарас бойынша моральдік сананы нақты бейнелемеді.70-ші жылдары моральді анықтауда К. Маркстың моральді әлемді танудың практикалық – рухани тәсіліне жатқызуына назар аударды. Мораль теориясын жалпыфилософиялық түсінік ретінде қолданылады «қоғамдық қатынастар», «қарым-қатынас», «мүдде», «қажеттілік», «әлеуметтік бейнелеу». 60-70 ж.ж. этика саласындағы мамандармен мораль қоғамдық сана ретінде ерекшеліктері ай қындалды және рухани –практикалық қызметтің осы түрінің ерекшеліктері қарастырылды.Мораль қоғамдық қатынастың нысаны ретінде. Қоғамдық сана қоғамдық тұрмыс ретінде анықталады және гносеологиялық көзқарас бойынша үш түрі: логикалық, эстетикалық және нормативтік болатын әлеуметтік бейнелеу ретінде қарастырылады.

Мораль нормативтік – бағалау бейнелеуіне «жалпы ережелерді қорытындылайтын және жинақтайтын және адамдар әрекеттерінің бағалау түсініктері, яғни қоғамдық құндылықтар және қағидалар бойынша жүріс-тұрыс актілерін бағалауына» жатады. Норманың моральдік бағасы сананың күрделі жұмысының өнімі және біруақытта субъектімен мораль (қоғамның, топтың, индивидтердің), тәжірибені және өмір жағдайын бейнелеудің нәтижесі болып табылады. Сонымен, мораль қоғамдық сананың нысаны, адамдардың әрекеттерін реттеу қызметін атқаратын институт. Көп адамдардың әрекеттері әрқашан келісімді болуы керек. Қанша көп түрлі болғанымен де олар белгілі жалпы әлеуметтік заңдарға сүйенеді. Осындай келісім қызметін қоғамдық тәртіптің басқа да нысандарымен бірге моральда атқарады. Моральдың ерекшелігі мораль адам әрекеттерін реттейді. Моральді түсінудің күрделілігі адамның мораль талаптарын орындауы барлығымен бақылану атындағы мен анықталады.

Мораль қурылымы мен қызметі.

Мораль - әр түрлі әлеуметтік қызметті атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс. Осыдан қоғам және тұлға туралы әр түрлі ғылымда - әлеуметтануда, этикада, педагогикада ізгіліктің әр түрлі анықтамалары беріледі. Мораль құрылымы негізгі үш элементтен немесе блоктан турады: ізеттілік қызметі, ізеттілік қатынастары, моральдік сана. Құрылым жүйе элементтерінің байланыс тәсілін құрайды.

2 Іскерлік қарым қатыынастағы этикалық нормалар

Әдептiлiктiң утилитарлық - ағартушылық тақырыбының iскерлiк өмiрiнде адамның экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.

Құрама Штаттар мен Батыс Европада бизнес әдебi ғылыми тәртiп ретiнде бұрыннан өмiр сүредi, менеджмент, экономика, стратегиялық жоспар, қаржы, есеп, маркетинг, ракурсына сәйкес зерттелетiн. Бизнес этикасы бiлiм саласының қолданбасы ретiнде Құрама Штат және Батыс Европада ХХ ғасырда 1970 жылдары құрылды.

Ғылыми қауымдастық және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер iскерлiк операцияларды жүргiзуде сондай-ақ, «қоғам алдында корпорациялық жауапкершiлiктер», «Әдептiлiк сана сезiм» қажеттiгiн жетiлдiру туралы келiсiмге келдi. 1980 жылдар басында АҚШ-та бизнес мектебiнiң көпшiлiгi сонымен бiрге кейбiр университеттер өздерiнiң оқу бағдарламасында әдеп бизнесiн өткiзедi. Бизнес этикасында бизнестiң мораль мәселелерiнiң 3 негiзгi әдiсi бар. Үш негiзгi жолдамаға тiрелетiн утилитаризм, деонтикалық әдеп, және «әдiлеттiлiк әдебi». Америка ғалымдары М. Валаскес, Дж. Ролза, Л. Нэш еңбектерiңде көрсетiлген. Қазiргi уақытта бизнес әдебiнiң курсына Ресей және Қазақстан оқу орындарының кейбiр оқу жоспарына кiредi.

Бизнес әдебiнде ең негiзгi лауазымдардың бiрi болып утилитаризм тұжырымдамасы табылады. Моральды ақталған болып соңында ең аз пайдалы тиiмдiлiкке әкелетiн әрекет табылады.

Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет сондай-ақ оның салдарын болжау оның iшiнде әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану толыққанды мәселелерiмен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiндiгi болмайды.

Сонымен өте белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығысын анықтау мүмкiн емес.

Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принцптермен көрсетуге болады:

1) әдеп көз қарасы жағынан қандай болмасын акция заңды, тек қана мораль нормаларының реализациясының қажеттiлiгi болған жағдайда ғана;

2) мораль нормасы түзу тек қана, онымен жүретiн табыс, альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан гөрi жоғары көрсеткiштi болса.

Iскер өмiрдiң мәселерiне басқа тұрғыдан қарау деонтикалық әдептi және борыштық әдептi ұсынады. Осы тұрғыда түсiнiк орталығы құқық болып табылады. Бұл түсiнiктi кез-келген бизнесмен кездестiредi. «Құқық» терминi адамның кез-келген нәрсеге қарым-қатынаста моральдi түрде қолдануы. Индивид кез-келген адаммен немесе нақты бейнемен қарым - қатынас жасағанда қандай да бiр құқықтарды игередi.

Моральдi құқықтың 3 ерекшклiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.

Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.

3 Бизнес этиканың түсінігі

Бизнес этикасы - бұл қарым-қатынас түрiн жазатын тәртiп кодексi. Кәсiпкерлердiң өз мiндеттерiн осы немесе басқа салада орындаулары олардың көзқарасы бойынша ең жақсы болып көрсетiледi. Әдеп ортасында мораль тұр, немесе өнегелiк қарым-қатынас жүйесi, әрекет мотивтерi, сезiм және ақыл-ой.Бұл жүйелер адамдардың ұжымдағы қарым-қатынастарын және қылықтарын қарым-қатынас шектерiн анықтайды.

Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.

Соңғысы бизнеспен қоғамды тұтас қарым - қатынас негiзiнде қарастырады, мысалы корпорациялар арасындағы қарым-қатынас.соған қоса әдiлдiк стандарттары моральдiк құқықтан жоғары тұрмайды. Әдiлдiктiң өзi индивидтiң моральдiк құқығына негiзделедi.

Дж. Ролз әдiлдiк туралы өзiнiң түсiнiгiн келесi принцптер негiзiнде құрастырған:

1) әрбiр адам бостандыққа, басқа адамдармен бейбiт өмiр сүруге тең құқықты;

2) әлеуметтiк экономикалық теңсiздiк параметрлерi келесiдегiдей болуы қажет:

а) табысты артық мөлшерде қамтамасыз ету;

б) билiктi жүргiзушi мекемелер және лауазымды адамдар тең құқықты болуы керек.



1 сурет - Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары

Тақырып 1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Этиканың пайда болу себептерін атаныз?

2. Ісекерлік қарым қатынас этиканы не үшін оқу қажет?

3. Этикалық нормалар бұл не?
Ұсынылатын әдебиет:


  1. Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г.  Этика   деловых   отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.

  2. Цвык В.А. Профессиональная  этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.

  3. горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В.  Этика   деловых   отношений :  учебное  пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.

  4. Коммуникационный менеджмент.  Этика   и  культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и  др.]. Ростов-на-Дону, 2010.

  5. Горелов А.А., Горелова Т.А.  Этика :  учебное  пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2


Тақырып 2. Антикалык заманындағы этикалық ойлар

1.Ерте замандағы этика.

2.Батыс зиялыларының ойлары.

3.Ұлттың рухани құндылықтары.


1 Ерте замандағы этика

Адамдар әрекеті мен өнегелік сипатын айқындау үшін әр ұлттың өз өлшемі болған. Этностық өлшем моральдан да тереңірек жатыр. Белгілі бір таптың тұрмыс-тіршілігін, мұратын белгілейтін қоғамдық сананың айрықша формасы, қоғамдық қатынастардың ерекше түрі мораль (имандылық, имансыздық) дегеніміздің өзі жалпы адам баласының өнегелілік құбылыстарының туындысы.

Өсіп келе жатқан жас өрендер өздерінің ұлттық мәдениетін дамыта отырып, ғылымда, өндірісте, әскери және құқық салаларында еуропалық сияқты алға басу, яғни өркениетте оларға теңелуі қажет.Адамның мәдени болмысы өзі туып-өскен, тәрбиеленген мәдениеттің болмысына байланысты толысады. Адам баласының рухани жетілуінде шарықтаулар мен құлдыраулар алмасып отырған. Адамзат баласының әлеуметтік және рухани өмірінде үздіксіз қозғалыс болуы заңды құбылыс. Ұрпақ өткеннді менгеріп, қабылдап, түсініп, өзіміздің тарихи, рухани, мәдени байлықтарымызды, оның берік ірге тасына сүйене отырып игеретін, бүкіл әлемдік өркениетке лайықты орын алатын кез туды.

Жалпы адамзаттың өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан халықтардың мәдени және ғылыми мұраларын зерттеу – ғасырлар тереніңде өздерінің ізгі ойларын ұсынған ұлы адамдардың есімдерін ғана емес, әр ұлттың өзіне тән бай мәдениетін де көрсетеді. Басқа әлем халықтары сияқты қазақтар да бай, дамыған мәдени-ғылыми, философиялық ойлары бар халық. Мұндай зерделі халықтың әлемдік мәдениеттен тыс қалуы қиянат. Мақтануға да, өзгеге жарқыратып көрсете аларлық рухани қазынамыз, ата-баба қалдырған өткеніміз бар. Әрбір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген әлеуметтік-философиялық ой-пікірлері болады. Жастардың мәдени және рухани өсу белестерін анықтау ісі өз алдына бір мәселе. Сонымен, ұлттың рухани мұрасы азаматқа ортақ болғанымен, әр халық оны түсінге өз тіршілігі тұрғысынан келеді. Қазақ жерінің батысы Атыраудан, шығысы Алтайға дейін созылып, орасан зор көлемді алып, ертеден рулық, тайпалық бөлінуіне қарамастан, түрлі аймақтардағы дүниетанымдық көзқарастары ортақ.

“Қазақтың кең алқапқа қоныс тепкен, сан жағынан көп өзіндік этномәдени мұрасы бар. Бірегей антропологиялық тұрпаты, ұлттық мінез-құлқы бар екенін де естен шығаруға болмайды. Бір ғажабы – аса зор кеңістігі мекендегеніне қарамастан, оның кезенде өз рухына қуат берелік нәр таба алады да, рухани дүние байлығы адамзатқа ортақ болғанымен, әр ел оны түсінуге өз тіршілігі тұрғысынан келеді”, - деп жазады Қазақстан философтвры І.Ерғалиев пен Е.Телібаев.

2 Батыс зиялыларының ойлары

Халықтың ұлттық ерекшелігін өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында болып, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең зерттеген өзінің “Из Сибири” деген еңбегін жазған неміс оқымыстысы, академик В.В.Радловтың (1837-1918) еңбегінде былай деп көрсетілген: “ Менің қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-түрімен танысқанымда көзім жеткен ақиқат – бұлардың өзіндік ерекше мәдениеті бар халық екендігі. Біздің отандастарымыз ойлағандай олар тіпті де тағы, ауыздықсыз, басбұзар, қарақшы, тұқымын құртуға тұрарлық халық емес. Олардың мінез-құлқына отырықшы халықтарға қараған көзқараспен қарау керек. Олардың өмірге көзқарасы салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, бір сөзбен айтқанда, бар өмірі мен еңбегі малмен тікелей байланысты болғандықтан жыл бойы көшіп-қонуға негізделген”.

Ойды бейнелеп беруі және ашық-айқын өткір айта білуі жағынан қырғыздарды (қазақтарды) тіпті Батыс Азияның француздары деуге болады”. Қазақ халқының дара ерекшелігіне небір шетел зиялылары бас иген, құдіретін мойындаған. Демократ, интернационалист ғалым А.Янушкевич: “ ... өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар арасында бұл көшпенділердің құрметті орын алатын кезі келді” деп, көрегендік пікір айтқаны дәлел.

Егемендікке қол жеткізгеннен соң жаңа тәуелсіз мемлекеттер өздерінің ұлттық ой-сана, салт-дәстүрлерімен қоса, жалпы мәдени – рухани дүниелеріне зер сала бастады. Ұлттық қоғамдық ойлар ішінде дәстүр мен қазіргі уақыт арасындағы қайшылық пайда болды. Батыстың рухани байлықтарына тәнті болудан арылып, ұлттық ойдың ерекшелігін менгерудің уақыты келді. Бірақ Еуропаға тән нәрсенің барлығын бойды ала қашудың қажеті жоқ. Қазіргі кезде ұлттық және жалпы адамзаттық рухани байлықтары тиімді үйлестіру мәселесін алға қоя отырып, оларды мүлдем жаңа жағдайда сабақтастыра жүйелеу қажеттілігі туып отыр. Мұның өзі өркениеттіліктің тіке жолына түсінуге мүмкіндік берумен қатар, біздің қоғамдық-әлеуметтік және рухни өміріміздегі ерекшеліктерді игеруге жағдай жасайды. Осы айтылып отырған тұжырым мектеп оқушыларының қазіргі ұлттық санамыздың өткенін, бүгінігі игілігін, болашақ мақсатын диалектикалық тұтастыққа қарастырып, дүниетанымдарының сапалық нәтижеоерін дамытуға мүмкіндік береді.

Белгілі тарихшы Л.Гумилев “Өз тарихын білмейінше және оған белгілі бір қөзқараста болмайынша, ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес”, - деген пікірін қолдауға тұрарлық. Ендігі жерде қоғамның рухани өміріндегі қажеттіліктерді (факторлар. әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени-рухани кешендер, т.б.) жан-жақты түбегейлі зерттеп, бағыт-бағдарын саралап, жасөспірімдердің дүниетанымдарын нарықтық экономика талаптарына сай қалыптастыру білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған ауқымды мақсат.

3 Ұлттың рухани құндылықтары

Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясының I томының 140-бетінде жеке адамға былай деп анықтама берген. “Танылған табиғи және әлеуметтік қажеттілік негізінде әрекет ету қабілеті мен мүмкіндігі бар”. Психологтар пайымдауы: “табиғат адамды жаратады, ал қоғам оны қалыптастырады”.

Рухани қажеттілік – қоршаған әлем құпиясын білмекке құмарлық, әстетикалық және моральдық керексіну, яғни борышты орындауға, өзара жәрдем көрсету, (Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, 1 том, 411 бет).

Республика Президенті Н. Назарбаев еліміздің шығармашылық зиялы қауымның танымал өкілдерімен кездесуінде (17.03.98) сөйлеген сөзінде: “... Елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің біздің танығаны, мойындағаны керек. Ал, осынау дүбірлі дүниеде өзінді мойындатудың сенімді жолы – тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің” дей келе “ ... Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. ...Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауында ойша терендеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ өңірдің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз... Түптеп келгенде біз осыны мақсат етеміз” – деп, зиялы қауымның, әсіресе, педагогтардың назарын аударды.

Дүниетанымдық тұрғыдан келсек, иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік іздерінің қайнар көзі – таным, діни танымда - дінде.

Егемен елдің өзіндік идеологиясымен ұлттық рухани күшіне енбесе, онда қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді басқарудың, олардың нәтижелерін жүйелі болжаудың жолдары көмескі қалуы мүмкін. Әдетте әр халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктерімен дараланып тұратын дүниетанымдық ой кешу процестерінің қалыптасатындығы – табиғи құбылыс.

Адамзат тарихында әр ұлттың бақытына туып, артына мәнгі өлмес мұра қалдыратын қайраткерлері болатыны белгілі. Олар туған халқының рухани әлемінде жарық жұлдыздай болып, әр заманға, әр ұрпаққа дұрыс жол мегзеп отырмақ. Бұндай ұлы адамдар Белинскидің сөзімен айтқанда “Күллі әлемнің азаматы” бола отырып, адамзат баласының өмірімен бірге мәнгі жасайды.

Ұлттық дүниетанымды биікке көтерер күш, оның талантты өкілдерінің өрелі істері мен дарынды туындыларына байланысты. Халқымыздың тарихи дамуының қайсыбір кезеңіне көз салсақ, шоқтығымызды биіктетіп тұратын қайталанбас дарын иелері баршылық.

Тақырып 2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Этика ғылымының негізгі категориялары.

2. Этика ғылымының сабақтас пәндері.

3. Этиканың ғылым ретінде дамуы.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г.  Этика   деловых   отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.

  2. Цвык В.А. Профессиональная  этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.

  3. горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В.  Этика   деловых   отношений :  учебное  пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.

  4. Коммуникационный менеджмент.  Этика   и  культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и  др.]. Ростов-на-Дону, 2010.

  5. Горелов А.А., Горелова Т.А.  Этика :  учебное  пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2


Тақырып 3. Тұлғаның жеке қасиеттері.

  1. Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні.

  2. Адамға тән қасиеттер мен сапалар.

  3. Тұлғаның жеке қасиеттерінің мотивтері (түрткілері).

1 Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Адам үнемі жетілу, даму үстінде болады. Талаптану, іздену арқылы жаңа әрекеттерге итермелеуші түрткілер пайда болады.

Басты түрткілер (мотив):

-қажет сенім

 -қызығу мұрат

-  таным талғам

- мақсат мүдде (кредо)

Адамның сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың қозғаушы күші – сенім. Сенім адамда біртіндеп қалыптасады. Сенім өмір көріністерін топшылау – салыстыру- тәжірибе жинақтау – қорыту – сыннан өткізу.

1. Сенім - көзқарастар қақтығысында шыңдалады. Сенім – адамның ерік-жігер, қажыр-қайраттың қандай екенін көрсететін, өмір сүру мақсатына айналған өміршең білім.

Мифтік сенім халықтың мифтік аңыздары негізінде дамиды. Мифтік аңыздар халық санасында тұтастыққа сақталған. Мысалы, қазақтың келіндері қай жаста болмасын, атасынын, әулеттің үлкендерінің есімін ешуақытта атамайды. Олардың өмірде жоқ екендігін біле тұра, естіп қалады деген сенім берік орныққан, бұл мифтік сана нәтижесі.

2. Мифтік сенім этикалық денгейде қалыптасады. Бұл қоғамдық сипат алуы. Мұндай денгейге жеткен – дүниежүзінде еврей халқы екендігіне дау жоқ

3. Миф –мәңгілік ктегория. Миф- энергия көзі, рухани қуат. Адам мифтік сенім арқылы рухани қуаттанып, болашаққа сенеді.

4. Мифтік – атазаманғы уақыт туындысы. Алдымен әр адам өзін бағалап, өзіне сенуі шарт. Ұлт мифтік сенімнен айырылғанда күйреу алдында тұрады.

Миф халық арасында екі жолмен тарайды: әулие - алланың жолына түсу, батырлар әрекетіне сай ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылыс тууы.

XXI ғасыр мифі: - ширығып алысқа көз тіккен жолбарысқа сендіру, жолбарыс болып ержетуге ұмтылдындыру, қам жасау.

Жастардың тарихи санасын қалыптастыруда олардың тарихи танымдарын дамытуымыз керек. Тарихты тану кейбіреулердің ойлағанынындай, тарихи оқиғалар мен деректерді білу ғана емес, сол тарихи оқиғалар мен деректер арқылы ақиқатқа жету…

Бұл ойларды профессор Ж.Наурызбаев жан-жақты талдап мәдениетті тұлға жайында: « … өз мәдениетіне де тәнтті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең бәлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады», - деп сипаттама береді.

Шындығында жан-жақты мәдениет иесі тарихи сана белгілерін мол менгерген адам. Басқаша, айтқанда тарихи сана-этикалық және жалпы мемлекттік сананың негізі. Ұлттық ой – сана, этностың мындаған жылдық аңыз этнос санасы, бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді.

2 Адамға тән қасиеттер мен сапалар

2. Қазақ даласында философияның адамның өмір салты ретінде тууы мен өркендеуі занды құбылыс. Алғащқыда мәдениет танушылық пен илософиялық идеялар мен ілімдер адамдардың күнделікті практикалық өміріне талдау жасаудан пайда болды, осыдан барып белгілі бір терең дүниетанымдық түсініктер қалыптасты.

Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасыретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет.

Адам еркінен тыс санамен бейнелеуге қтыспйтын, еркіңмен тыс физиологиялық, психикалық құбылыс “санасыздық” делінеді.

Көшпелі қазақ халқы туыстық-құндастық жүйені қатаң сақтаған, оны өмір сүрудің моральдық этикалық өлшемі деп түсінген. Осыдан келіп “жеті атадан дейін қыз алыспау” қағидасы дала заңына

Адам тәубасы: - адам күні адаммен – тіршілік тірегі.

Ер-азамат ат жалында елін, жерін қарғаса, қыз – ана тал бесікті

тербетіп, ұлттың рухани – мәдени тұтастығын қамтамасыз еткен.

Отбасында әке-шеше, үй-іші адамдары, ал мектепте мұғалім өсіп, жетіліп келе жатқан баланы заман ағымына сай өзгерістер мен құбылыстарға талдау жасатып, өз бетімен саналы сезіне, түйсіне білуге бағыт-бағдар беруі қажет. Аталған талаптарға сай болу үшін бүгінгі ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып, дәстүрлерімен тереңірек танысып, оның танымдық, әлеуметтік мәндеріне талдау жасап, күнделікті тіршілікте қажетіне жарата алатындай тұлға болып қалыптасуы қажет. өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін түсіну мүмкін емес екені даусыз.

Әрбір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген әлеуметтік, философиялық ой-пікірлері болған. Көне тарихпен зейін қойып таныссақ, қазақ халқы ежелден парасатты, өте зерек, зерделі, дархан көңілді, жаны жомарт, өмірге тез бейімделгіш, ынтымағы жарасқан ел болғанына куә боламыз.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, қоршаған табиғи ортаның түрлі қасиеттері мен құбылыстары туралы ой толғап, дүниетанымы қалыптасады.

3 Тұлғаның жеке қасиеттерінің мотивтері (түрткілері).

Жер бетіндегі тіршілік эволюцияның қолы жеткен ең жоғары жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалай пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден-бір дұрыс түсіндіреген марксизм-ленинизм классиктері болды. Ғылыми психологиялық сананың бақылауынан тысқары тқратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды.

 Психолог- талдаушы, антрополог, Штайннің пікірінше: «Этникалық тамыр табиғатта емес, адамдар санасында». Австрия психологы З.Фрейд тұңғыш рет ғылымға сана ұғымын енгізген.

Жаңаша ойлау бүкіл адамзатты нәсіліне, дініне шыққан тегіне қарамай ортақ түсінікке мәмілеге шақыру.

 Біздің ойлау жүйемізде әлі күнге дейін еркін ойлауға жібермейтін тосқауыл бар. Ол -санамыздағы идеологиялық сірі түсінік (стереотип). Бұл әу баста «ақ» пен «қараға» құрылған.

Сана дегеніміз – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану.

 Сана әр адамға тән дара қасиет. Адамға – тән жеке сана - өзіндік – самосознание – қоғамдық сана жеке санаға қоғамдық сана ықпал жасасйды. Екеуіне тән ортақ нәрсе – қоғамдық болмыс.

Адам санасы өте күрделі. Адам санасы қскен орта, қоғамға, ұлттық ерекшелікке байланысты. Сананың көрсеткіші: өзіндік «мен» жалпы «мендер».

Сана белгісі-алдына нақты мақсат қою – орындауға кірісу – себеп-салдарын түсіну – қателіктерін түсіну – нәтиже.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет