Құрастырушы: э.ғ. к., доцент А. А


Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



бет2/2
Дата09.08.2017
өлшемі353,34 Kb.
#23236
1   2

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



1 тақырып Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

Сабақтың мақсаты – студенттерге кәсіпкерліктің мәні туралы, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру түрлерін, олардың түрлерін және негізгі ерекшеліктерін қалыптастыру.

Сабақты өткізу әдістері - жеке немесетоптасқан тапсырмалар, іскерлік ойындар, сұрақтарға жауаптар.
2 Тақырып Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Сабақтың мақсаты – студенттерге кәсіпкерліктің мәні туралы, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру түрлерін, олардың түрлерін және негізгі ерекшеліктерін қалыптастыру.

Сабақты өткізу әдістері - жеке немесетоптасқан тапсырмалар.
3 тақырып Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру әдістері және түрлері туралы студенттерге кешендік ұсыныстарын қалыптастыру.

Сабақ жүргізу әдісі - жеке тапсырмалар.
4 тақырып Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету

Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік қызметтің персонал санын жоспарлау әдістері туралы студенттерге ұсынуды және оларды басқаруды қалыптастыру.

Сабақ жүргізу әдісі - жеке тапсырмалар.
7 тақырып Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері

Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік құпия туралы студенттердің ұсынысын қалыптастыру.

Сабақ жүргізу әдісі - жеке тапсырмалар.
Бағыт бойынша семинарлық сабақты жүргізу:

- кәсіпкерлік құпияның мәні;

- кәсіпкерлік құпияның түрлері: экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық;

- кәсіпкерлік құпиядан құралған, мәлімдеменің құрамы және көлемі;

- кәсіпкерлік құпияның шекаралары;

- коммерциялық құпияны қосатын мәліметтерді анықтау бойынша ұсыныстар;

- коммерциялық құпияны ашудан кәсіпорынның жоғалуы.
8 тақырып Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

Сабақтың мақсаты – тәуекел түсініктері туралы студенттердің кешендік ұсыныстарын, олардың түрлерін және бағаларының әдістерін қалыптастыру.

Сабақ жүргізу әдісі – жеке тапсырмалар, тапсырмаларды шешу.

9 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы

Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы туралы студенттерге ұсынуды қалыптастыру.

Сабақ жүргізу әдісі - жеке тапсырмалар.

Бағыттар бойынша семинар сабақтарын жүргізу:

- кәсіпкерліктің инфрақұрылымының ерекшеліктері және мәні;

- кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы институты ретінде шағын бизнес орталығының қалыптасуы;

- шағын кәсіпкерліктің ақпараттық қызмет көрсетуін қамтамасыздандыру;

- шетелдерде кәсіпкерлік инфрақұрылымның дамуы.



11 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік қызмет тиімділігінің жаңа бағалауын студенттерге қалыптастыру.

Сабақ жүргізу әдісі - жеке тапсырмалар.
8. Өзіндік жұмыстың тапсырмалары

1 тақырып Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

Кәсіпкерлік мәні. «Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктерінің айырмашылығы. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны. Кәсіпкерліктің мақсаты және міндеті. Кәсіпкерлік қызметінің субъектілері. Кәсіпкерліктің құқықтары және міндеттері. Кәсіпкерлік қызметтің кепілдемелері.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ
2 тақырып Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісінің ұйымдастырушылық факторлары.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
3 тақырып Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру.

Кәсіпорын қаржы ортасы. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері. Кәсіпкерлік келісімдерді несиелендіру. Лизингтік операциялар. Кәсіпкерліктегі факторинг.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
4 тақырып Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету.

Кадрлық қамтамасыз етудің мәні. Потенциалды еңбек ұжымына қойылатын талаптарды қалыптастыру. Жаңа персоналды іздеу каналдары және оны таңдау әдістері. Еңбек келісім –шартына қол қою.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
5 тақырып Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары.

Кәсіпкерлік келісімдер және оның түрлері. Келісімшарт – кәсіпкерлік (коммерциялық) келісімдерді өткізудің негізгі құжаты. Келісімшарттың негізгі нысандары және олардың мазмұны.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
6 тақырып Кәсіпкерлік мәдениет

Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы. Кәсіпкрелік ұйымдардың мәдениеті.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
7 тақырып Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері.

Кәсіпкерлік құпияның мәні. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі. Кәсіпкерлік құпияға кірмейтін мәліметтер жинағы.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
Тақырып 8 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні. Тәуекелдер мен жоғалатулардың түрлері, олардың жіктелуі. Тәуекелді тудыратын факторлар.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ.
Тақырып 9 Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы.

Кәсіпкерлік инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктері. Шағын бизнес орталықтарының кәсіпкерлік инфрақұрылымның институты ретінде қалыптасуы мен құрылуы.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ
Тақырып 10 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі.

Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің пайда болу шарттары. Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапершілігі. Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерінің орндалуын қамтамасыз ету әдістері.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ
Тақырып 11 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау.

Экономикалық тауардың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Өндіріс шығындарын талдау. Өткізу нарығындағы тауарды талдау. Кәсіпкерлік қызметте бәсекелестік табысты талдау.

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ
Тақырып 12 Кәсіпкерлік қызметті тоқтату.

Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға әсер ететін себептер, жағдайлар мен факторлар. Кәсіпкершік ұйымдардың қайта құрылуы. Кәсіпкерлік ұйымдардың жойылуы. Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы (банкроттығы).

Бақылау түрі: конспект, ауызша сұрақ
9 Курстық жұмыстың тақырыптары ұсыну
«Кәсіпкерлік» пәні бойынша курстық жұмыстардың мазмұны
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі бағыттарының экономикалық негіздемелері және оның функциялары бойынша тәжірибелік дағдыларды алу. Курстық жұмыстың тақырыбы оқытушының келісімімен таңдалады.
1 Кәсіпкерлік қызметті қаржылай қамтмасыздандыру;

2 Өз ісін қалыптастыру және тіркеу тәртібі (жекеше және ұжымдық кәсіпкерлік);

3 Кәсіпкерлік құпияны және оны қорғау әдістерін қалыптастыру (кәсіпорын мысалында);

4 Кәсіпкерлік қызметкердің өндірістік бағдарламасын қалыптастыру;

5 Кәсіпкерліктегі шаруашылық байланысты ұйымдастыру және талдау;

6 Кәсіпкерлердің жауапкершілігін талдау;

7 Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту (кәсіпорын мысалында);

8 Кәсіпкерлік қызметке арналған салық ережелерін таңдаудың негіздемелері;

9 Бәсекелестік және оның кәсіпкерлік қызметіндегі рөлі;

10 Кәсіпкерлік қызметтің стратегиясын қалыптастыру;

11 Кәсіпкерлік қызметті несиелендіруді ұйымдастыру;

12 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау шарттарын қалыптастыру;

13 Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар әзірлеу;

14 Венчурлық кәсіпкерлікті дамыту;

15 Кәсіпкерлікті дамытудағы бизнес-инкубаторының рөлі;

16 Кәсіпкерлік қызметтегі бизнесті бағалау;

17 Кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігі;

18 Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру;

19 Қазақстан Республикасындағы жеке меншікті кәсіпорынды ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында);

20 Кәсіпкерлік қызметтегі келісімді ұйымдастыру;

21 Кәсіпкерліктегі сыртқы сауда операцияларын ұйымдастыру;

22 Кәсіпкерлік қызметті ақпараттық қамтамасыздандыру;

23 Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы;

24 Франчайзинг және оның кәсіпкерлік қызметіндегі рөлі;

25 Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы;

26 Кәсіперлік қызметтің мәдениеті;

27 Кәсіпкерлік қызметті стратегиялық жоспарлау;

28 Кәсіпкерлік қызметтегі лизингілік операцияларды дамыту және талдау;

29 Кәсіпкерліктегі бәсеке қабілеттілікті арттыру стратегиясын әзірлеу (кәсіпорын мысалында);

30 Кәсіпкерлік қызметтің қайта ұйымдастырылуы және жойылуы;

31 Банкроттылық және оны жеңу;

32 Қазақстан Республикасындағы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуы;

33 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді бағалау әдістерін талдау;

34 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру шартындағы кәсіпкерліктің даму болашағы (БСҰ);

35 Кәсіпкерліктегі несиелі серіктестікті қалыптастыру және дамыту;

36 Ғылыми-технологиялық парктер және оның кәсіпкерлік дамуындағы рөлі;

37 Қаржылық кәсіпкерлікті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында);

38 Өндірістік кәсіпкерлікті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында);

39 Сақтандыру кәсіпкерлікті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында);

40 Инновациялық кәсіпкерлік жобаны ұйымдастыру және әзірлеу.


Курстық жұмыстың көлемі 30 беттен кем емес. Курстық жұмыс әдістемелік нұсқаулардың негізінде орындалады және стандарттарға сәйкес дайындалады.

Оқытушы тексергеннен кейін курстық жұмысты қорғауға жібереді. Курстық жұмыс қорғаланнан кейін баға қойылады. Курстық жұмыстың қорғалуы бекітілген комиссиямен іске асырылады.


10. ОСӨЖ кеңесінің кестесі (ОСӨЖ СӨЖ дің 25% құрайды)

Ағымдағы семестрге барлық сұрақтар бойынша кеңес ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.


11. Білім алушының білімін тексеру кестесі

Дәрістерге қатысу мен практикалық сабақтар 0-100 балмен бағаланады.


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тақырыбы, тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

1-9

3 апта




4-ші апта

2

Реферат

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

1-4

2 апта




6- ші апта

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







Межелік бақылау

8- ші апта

4

Реферат

Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету

3-5

2 апта




9- ші апта

5

Реферат

Кәсіпкерлік мәдениет

5-7

2 апта




11- ші апта

6

Реферат

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

7-9

8 апта




14- ші апта

7

Межелік бақылау

Модуль 3,4







Межелік бақылау

15- ші апта



12. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері


Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.

КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.

Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:




Әріптік жүйедегі баға

Балдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер

Білім алушы барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспау жағдайлары деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі. Сабаққа кем дегенде екі рет қана қатыспауға рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет кешігу бір сабаққа қатыспаған деп есептелінеді. Сабаққа екі реттен көп қатыспаған жағдайда оқытушы бұдан әрі студентті мәселе әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа кіргізбеуге құқығы бар. Дәрісте берілген курстың студенті болып табылмайтын бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.

Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.

Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 367 б.

2 Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 791 б.

3 Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.



  1. Нұрғалиева А.А. Ауылдық аудандара әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі. Дисс. жұмыс. Алматығ 2010 ж.

Қосымша

5 Қағибат А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: бақылау жұмысын орындауғы арналған әдістемелік нұсқау 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығыеың студ. арналған. - Павлодар: Кереку, 2009. – 14 б.

6 Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. - Алматы: Экономика, 2006. – 106 б.

7 Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2008 – 252 б.

8 Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы: LEM, 2007. – 294 б.

9 Түсіпбеков Т., Теңізбаева Т. Кәсіпорын экономикасы (дидактикалық материалдар және көрнекті құралдар): оқу құралы [Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынады] - Астана: Фолиант, 2008. – 192 б. – (Кәсіптік білім)






Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет