Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Уралбаева Қ. А. Тел: 87013120074



бет11/12
Дата18.11.2019
өлшемі313,24 Kb.
#51991
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
кызыкты химия

31 есептің жауабы:


Химиялық реакция теңдеуі:

а) CuSO4 + H2S = CuS + H2SO4

б) 4Br2 + H2S + 4H2O = H2SO4 + 8HBr

(Бромартық мөлшерде алынған)

Мынадай жағдайда а) түзілген қышқылдың электрөткізгіштігінің жоғары болуына байланысты электрөткізгіштік артады, реакцияға жұмсалған тұзбен салыстырғанда (мыс иондарына қарағанда, сутек иондарының қозғалғыштығы жоғары болады). Мынадай жағдайда б) электрөткізгіштік мәнінің өсуі аса маңызды (бір моль күкірт қышқылы және 8 моль бромсутек қышқылы түзіледі), соған байланысты күкіртсутектің концентрациясын дәлірек анықтап алуға болады, бірақ жоғары концентрациялы сіңіргіш зат– бром суын алуға болмайды, сондықтан ерітіндінің сіңіргіш көлемі үлкен емес.



32-есеп. Екі белгісіз А және Б қатты заттарды концентрленген азот қышқылы ерітіндісімен өңдеген кезде газ тәрізді В заты, Г затының ерітіндісі және Д тұнбасы түзілді. Дәл осы өлшеп алынған салмақ үлгісін 150 – 200 оС температураға дейін қыздырған кезде ешқандай өзгеріс байқала қоймайды, ал егер өлшеп алынған салмақ үлгісін (800 – 900 оС) температурада ауа қатысынсыз қыздыратын болсақ, тек қана екі өнім ғана түзіледі: М металы мен қалыпты жағдайда газ тәрізді Е заты түзіледі. Бұл заттар тәжірибе жағдайында тұрақты болады. Осы өнімдер А және Д заттарының қоспасын қақтаған кезде де түзіледі. Егер Е газын ізбес суы арқылы өткізген кезде алғашында тұнба пайда, содан соң толығымен еріп кетіп, ертіндіде Ж заты түзіледі. М металының үгіндісін ұзақ уақыт бойы (450 оС) температурада қыздыратын болсақ, ауада құрамында массалық үлесі бойынша 9,334% оттек болатын З қосылысы алынады. З заты сілтінің артық мөлшерінде толығымен ериді және сұйытылған азот қышқылының сұйытылған ерітіндісінде біршама ғана ериді. Белгісіз А- З, М заттарын атап, баяндалған жағдайлардағыбарлық реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Бұл реакциялардың ішінен қайсысы өндірісте кеңінен қолданылады?



32 есептің жауабы:


З – оксиді. Оның құрамы MnOm болсын. Онда оның молекулалық массасы nx + 16m тең, осыдан x – металдың атомдық массасы.

%O = = 0,09343; x = 155,3m/n

а) n = 1, MOm, m = 1,2,3

б) n = 2, M2Om, m =1,3 мұндай шешім жоқ

в) n = 3, M3Om, m = 1,2,5

m=4, это Pb3O4

г) n = 4, M4Om, m = 1,3,5,7 –шешімі жоқ

Осыдан, З – Pb3O4.

3Pb + 2O2 = Pb3O4

Pb3O4 + 6 NaOH + 4H2O = 2Na2Pb(OH)4 + Na2Pb(OH)6

Pb3O4 + 4HNO3 = 2Pb(NO3)2 + PbO2 + 2H2O

Е газы – көміртек диоксиді немесе күкірттіңдиоксиді, яғни ізбес суы тұнба түзеді, бірақ содан соң еріп кетеді. Көміртек диоксиді алып тастау қажет, яғни құрамында Pb, C және O кез-келген қосылыс концентрленген азот қышқылымен қыздыра отырып әсер еткенде толығымен еріп кетеді.

Е заты – күкірт диоксиді болсын, онда Д тұнбасы азот қышқылында ерімейтін, қорғасын сульфаты болып табылады.

Егер Д заты – қорғасын сульфаты болса, онда А – күкірт немесе қорғасын сульфиді болып табылады. Онда қоспа 200 оС қыздыруға төзімді, онда күкіртті алып тастау қажет.

А затының құрамында оттек болмайды, онда Б затының құрамында міндетті түрде оттек болуы қажет, яғни қорғасын және күкірт болуы мүмкін. Егер Б затының құрамында қорғасын болмайтын болса, онда ол зат күкірттің диоксиді болуы мүмкін, (газ– болуы мүмкін емес); күкірттің триоксиді де болуы мүмкін емес, қыздырған кезде булану құбылыс байқалады. Осыдан, Б заты құрамында қорғасын болады деп шешуге болады. Егер Б затының құрамында күкірт болатын болса, онда екі түрлі нұсқаны ұсынуға болады –PbSO3 және PbSO4; бірақ мұндай қосылыстар жауапқа сәйкес келмейді, себебі қоспаны ыстық концентрленген азот қышқылының ерітіндісімен өңдегенде қоспада PbS осы заттардың кез- келгенімен ерімейтін PbSO4 түзеді, сонда ерітіндіде азот қышқылының артық мөлшерінен басқа заттар қалмайды.

Қорытынды: Б затының құрамында қорғасын және оттек болады, бірақ құрамында күкірт мүлдем болмайды. Pb үш оксидінің ішінен тек қана PbO ғана сәйкес келеді, қоспа азот қышқылымен тотыққан кезде қоспада PbS с Pb3O4 немесе PbO2 тұнба екі затта ғана түзіледі (PbSO4 және PbO2).

Реакция теңдеуін жазамыз:

PbS + 8HNO3 = PbSO4 + 4H2O + 8NO2

PbO + 2HNO3 = Pb(NO3)2 + H2O

PbS + PbSO4 = 2Pb + 2SO2

Ca(OH)2 + SO2 = CaSO3 + H2O

CaSO3 + SO2 + H2O = Ca(HSO3)2

800-900 оС температурада Ажәне Взаттары М және Езаттарын береді:

PbS + 2PbO = 3Pb + SO2

Бұл реакция қорғасынды өндірісте алу үшін қолданылады. Осыдан: А – PbS, Б – PbO, В – NO2, Г – Pb(NO3)2,

Д – PbSO4, Е – SO2, Ж – Ca(HSO3)2, З – Pb3O4.
33-есеп.Қиын балқитын металдың жоғарғы хлориді ашық-сары түсті кристалдық зат болып табылады. Аузы жабылған ампулада хлоридті осы металдың ұнтағымен қосып қыздырған кезде осы металдың басқа хлориді түзіледі. Реакция нәтижесінде алынған өнімнің сандық құрамын анықтау үшін екі түрлі анализ жүргізді:

Массасы 0,0703 г өлшеп алынған салмақ үлгісін сутегінде қақтады. Алынған газды ерітіндіге сіңірді, ол үшін газ 0,01 моль натрия гидроксидіне жіберілді, алынған ерітіндіні бейтараптау үшін концентрациясы 0,1 моль/л көлемі 89,9 мл тұз қышқылының ертіндісі қолданылды.

Массасы 0,1124 г басқа өлшеп алынған салмақ үлгісін ауада қыздырды. Осы кезде массасы 0,0789 г түсі ақ, жоғарғы оксид алынды.

Белгісіз металды атап, оның хлоридтерінің формуласына мысал келтіріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет