Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Уралбаева Қ. А. Тел: 87013120074



бет10/12
Дата18.11.2019
өлшемі313,24 Kb.
#51991
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
кызыкты химия



29есептің шешуі:


Ерімейтін тұздың еритін қосылыстарға айналуы келесі жағдайларда жүзеге асады:

1) Қышқыл –негіздік әрекеттесу.

а) Қышқыл тұздың орта немесе негіз тұздың тұнбасына әсер етуі:

MgCO3 + 2NaHSO4 = MgSO4 + Na2SO4 + H2O + CO2

Cu(OH)2CuCO3 + 4NaHSO4 = 2CuSO4 + 2Na2SO4 + 3H2O + CO2

б) Гидролитті қышқыл ерітіндісінің орта немесе негіз тұзға әсер етуі.

MgCO3 + 2AlCl3 + H2O = MgCl2 + 2Al(OH)Cl2 + CO2

Реакция негіз тұзбен ғана жүреді. Алюминий хлоридінің ерітіндісі артық мөлшерде алу қажет, себебі негізгі алюминий хлоридінің тұнбасының түзілуін болдырмау қажет.

в) Еритін қос тұздардың түзілуі:

2AgNO3 + AgI = 2AgNO3AgI

Бұл реакцияда күміс нитратының концентрленген ыстық ерітіндісі қолданылады.

2) Тотығу-тотықсыздану реакциялары:

Cu2S + 5Fe2(SO4)3 + 4H2O = 2CuSO4 + 10 FeSO4 + 4H2SO4

Бұл реакция байытылмаған кен орындарынан мысты алу үшін қолданылады.

3) Комплекс түзілу:

AgBr + 2Na2S2O3 = NaBr + Na3[Ag(S2O3)2]



Фотографиялық процесте тұрақтандырғыш зат ретінде қолданылады.

30-есеп. Сыйымдылығы бірдей манометрлермен жалғанған, жеті вакуумдалған кварцтық ампулада заттың өлшеп алынған салмақ үлгісін тұрақты температураға дейін қыздырды. Ампуладағы белгілі қысымды белгілеп, оларды ақырын суыта отырып құрамындағы заттарды анықтады. Алты тәжірибенің нәтижесі кестеде келтірілген. Осы нәтижелерді түсіндіріп және жетінші тәжірибе бойынша бос клеткаларды толтырыңдар.




Тәжірибеге дейінгі ампуладағы заттар (моль)

Қысым (атм)

Тәжірибеден кейінгі ампуладағы заттар (моль)

1

FeCO3

FeO

MgCO3

MgO

FeCO3

FeO

MgCO3

MgO

2

0,1

-

-

-

42

0,1

-

-

-

3

0,2

-

-

-

42

0,2

-

-

-

4

0,1

0,1

-

-

42

0.1

0,1

-

-

5

-

-

0,1

-

310-3

-

-

0,1

-

6

-

-

0,1

0,1

310-3

-

-

0,1

0,1

7

0,1

0,1

0,1

0.1

















30 есептің шешуі:


Бірінші үш пробиркада бірдей қысым орнады, осыдан бұл қысым тепе-теңдік қысымы болып табылады, ол тұз мөлшеріне және оған қосылатын оксидтің мөлшеріне байланысты болмайды:

FeCО3 қ.FeO қ. + CO2 газ Kp = P(CO2) = 42 атм


Бұл басқа үш пробиркағада байланысты болады:

MgCО3 қ.MgO қ. + CO2 газ Kp = P(CO2) = 310-3атм


Жүйедегі тепе-теңдік қысымы FeCO3 – FeO – CO2 мөлшері MgCO3 – MgO - CO2 жүйесімен салыстырғанда 104 есе үлкен, болады. Олай болса, бұл заттардың барлығы да бір-бірімен байланыста болады да, темір карбонатының айрылу реакциясында оң жаққа қарай ығысады. Көміртегі диоксиді магний оксидімен толық дерлік әрекеттеседі. Онда №7 тәжірибедегі Т температурадағы қысым мөлшері 310-3 атм тең болады. Олай болса, №7 тәжірибедегі қатты фазаның құрамы: 0,2 моль MgCO3 және 0,2 моль FeO (сонымен MgO және FeCO3) болады.

31-есеп.Ластанған ауадан күкіртсутекті анықтаудың бір әдісі төмендегіше жүргізіледі: зерттелетін ауаның белгілі көлемін бромның сулы ерітіндісі арқылы немесе мыс сульфаты өткізіп және ерітіндінің электрөткізгіштігінің өзгерісін өлшейді. Жоғарыда аталған сіңіргіш заттардың бірі күкіртсутектің концентрациясын кең диапазонда ( 0 ден бастап 50 мг кубометр ауада) анықтау үшін қолданылады, ал басқасы –аз концентрацияда ( 0 ден бастап 5 мг кубометр ауада) қолданылады, бірақ жоғары сезімталдығы арқылы ажыратылады. Анализ жүргізілген екі жағдай үшін де сіңіргіштерді таңдаудың мәнін түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет