6-тапсырма 4800 метрден жоғары тауларда, тіпті экваторда да үнемі қар жатады. Жер шарында 6000 м-ден биік, шыңдары қармен жабылмаған таулар болуы мүмкін бе?
Жауабы:Қардың жиналуына жағдай жасамайтын климаты соншалықты құрғақ жерде Оңтүстік Америка, Лулайака тауы
7-тапсырма Егер таулардың етегінде ең жылы айдың орташа температурасы + 15 ° C болатыны белгілі болса, Орал тауларының шыңдары жазда қармен жабыла ма? Жауабын түсіндіріңіз.
Жауабы: (жоқ, өйткені 1000 м көтерілгенде, температура 6 ° C-қа төмендейді, ал Оралдың ең биік шыңы - Народная, оның биіктігі - 1895 м, демек, жоғарғы жағында температура + 7 ° C болады, бұл температурада қар жиналмайды)
8-тапсырма Неге Арктиканы зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт термометрді қолдануды ұйғарады?
Себебі спирт термометр дәлірек көрсеткіштерді береді. Иә/жоқ
Себебі сынаптың қатаю температурасы спирттің қатаю температурасынан төмен.
Иә/жоқ
Себебі спирттің қатаю температурасы сынаптың қатаю температурасынан төмен.
Иә/жоқ
Жауабы: 1-жоқ; 2-жоқ; 3-иә
9-тапсырма Келтірілген шкала бойынша
Мадагаскар аралының температурасын Цельсий және Фаренгейтпен анықтаңдар
Жауабы: 200С; 680 F
10-тапсырма Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.
Ғарышкер скафандрды кигенде неге (неліктен) терлеп кетпейді?