Атмосфера” тарауы бойынша тапсырмалар
1- тапсырма.Қазақстан Алтайының құрамына Тарбағатай, Азутау, Күршім, Оңтүстік Алтай таулы жоталары кіреді. Осы айтылған жоталардың ішіндегі Күршім жотасының шыңдарының бірі Дара тауының биіктігі белгісіз. 2014 21 жылдың 2 тамызында ұйымдастырылған экспедицияның мәліметі бойынша Дара тауының шыңында атмосфералық қысым 445 мм/с.б. көрсетті. Ал шыңның етегіндегі Қара-Қаба ойпатының 1600 м биіктігінде атмосфера қысымы 615 мм/с.б. көрсетті. Дара тауы Қара-Қаба
ойпатының 1600 м биіктігінде атмосфералық қысым 615 мм/с.б. көрсетсе, 445мм.сб. көрсеткен Дара тауының биіктігі қанша ? - Дара тауының биіктігін есептеңдер. - Өскемен қаласынан Дара тауына саяхат жасаңдар. Саяхат жасау барысында жолда кездескен табиғат нысандарына сипаттама беріндер.
2- тапсырма.Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.
Жауабы: А
3- тапсырма.Атмосфералық жауын-шашын
Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ.
Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады?
Достарыңызбен бөлісу: |