2-тапсырма.
Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма? Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз.
3-тапсырма.
Энергияның балама салаларын дамыту не үшін қажет деп ойлайсыз?
4-тапсырма.
Кейбір жанартаулық тау жыныстарында көптеген бос қуыстар болады (1-сурет).
1-сурет – Жанартаулық тау жыныстары
Бұл бос қуыстар қалай пайда болған?
А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, жәндіктер оның ішінен шұңқырлар қазған.
В. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінде газ көпіршіктері бөлініп шыққан.
С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары тамған.
D. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінен кішкентай тастар түскен.
5-тапсырма.
Дүние жүзінің ең ірі гейзерінің бірі – Эксельсиор гейзері АҚШ Йеллоустон паркінің кереметі болып саналады. Оның су бұрқағы жағасы шың құзды және/немесе жартасты болып келетін көлдің ортасынан жоғары қарай атқылайды.
Гейзердің атқылауы барысында болатын құбылыстарды суреттеңіздер.
6-тапсырма.
Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, Канзас, Небраско штаттарында жиі байқалады. Аталған штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерінде қорғаныс баспаналар салады.
Бұл құбылыс қалай аталады?
7-тапсырма. Аласа таулы өлкелер
Гүлжан еліміздегі аласа таулар туралы деректер жинап, аласа таулардың биіктіктерін кестеге енгізді (4-кесте).
4-кесте – Таулардың биіктіктері
Таудың атауы
|
Биіктігі
|
Қызылтас
|
1283 м
|
Қызыларай
|
1565 м
|
Кент
|
1415 м
|
Қарқаралы
|
1403 м
|
Баянауыл
|
1026 м
|
Гүлжан жинақтаған деректерін диаграмма түрінде көрсетпекші болды. Диаграмма салуды аяқтаңыздар (2-сурет).
2-сурет – Диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: |