Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады.
Иә/Жоқ
Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды
4-тапсырма
Алматы оқушылары ауа райын тыңдаған соң, ауаның температурасы туралы пікір таласып отыр. «Бүгін радио бойынша сағат 12-де ауа температурасы -10°C деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. Абай даңғылынан жоғары тұратын ағам үйіндегі термометр -8°C көрсетті» -деді Cерік. Оған Нұргүл қарсы шықты:
«Райымбек даңғылынан төмен тұрамын. Біздің термометріміз сағат 12-де -12°C көрсетті». Балалардың екеуі де дұрыс айтып тұр: Алматының әр түрлі жерлерінде орналасқан термометрлер бір уақытта әр түрлі температураны көрсетеді. Осыны қалай түсіндіре аласыңдар?
Жауабы: суық ауа жылы ауадан ауыр. Қыста салқын ауа жоғарыдан төмен түседі, сондықтан төменде ауаның температурасы төмен болады. Қазастандағы Алматы қаласы Алатау етегінде орналасқан, сондықтан қаланың оң түстік жағы солтүстік жағынан жоғары орналасқан. Сондықтан бір уақытта Алматының әр түрлі жерінде әр түрлі температура байқалады.
5-тапсырма Саяхат кезінде Чарльз Дарвин әлемнің түрлі нүктелерінде жиі аялдады. Бірде биік шыңдардың бірінде тоқтаған кезде Дарвиннің серіктері қазанның суы қайнап тұрғанына қарамастан ұзақ уақыт картоп піспегеніне таң қалды. Картоп ұзақ уақыт қайнаса да қатты күйінде қалды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?