II.Үй тапсырмасы:
Бірде зат есім, бірде етістік болатын омонимдерді қатыстырып сөйлем құрап келу.
III.Жаңа сабақ
1.«Бәйге» ойыны
Етістік нені білдіреді?
Етістік қандай сұраққа жауап береді?
Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
Жасалуына қарай нешеге бөлінеді?
Болымсыз етістік қалай жасалады?
Сабақты етістіктың мағыналық ерекшелігі қандай?
Салт етістікке қай септік керек?
Туынды етістік қалай жасалады?
Үнемі көмекші етістікті ата?
2. Топтастыру стратегиясы
туынды
негізгі болымды
Етістік
дара болымсыз
күрделі
сабақты
салт
3.Венн диаграммасы. Дара және күрделі етістіктердің ерекшеліктерін ажырату.
Мысалдар
1.Қар жауып тұр.
2.Мен күліп жібердім.
3. Нөсер құя жөнелді.
4. Ол құлай жаздады.
5.Анам ертең келмекші екен.
|
Негізгі етістік
|
Көмекші етістік
| 4. Сәйкестіндіру әдісі.
5. Ұйқасын тап. (Өлеңге әркімнің де бар таласы)
1. Баспа сүтті төгілген
Мал айрылар (Желіннен)
Мейманасы тасқанға
Осылайша дедім мен.
2. Асығыспыз десек те,
Ал мынаны есепке:
Ақсақалды атаның
Алдарынан (Кесе өтпе)
3.Сұғанақты ақтама,
Сумақайды жақтама.
Жерде жатқан біреудің
Ала жібін (Аттама)
4. Ұсақ сөзді терме
Ойнап босқа күлме
Қонақ қашар үйіңнен
Босағаны (Керме)
5. Бесіктегі сәбиге
Ұйқы деген аз көп пе,
Құтты мекен балаға
Бос бесікті (Тербетпе)
6. Үнемі көмекші етістік- Е
Көмекке келер- (Күнде)
Тағы бір көмекші- Жазда
Оны білетіңдер – (Аз ба?)
Келесі көмекші- Емес
Керек жерде онымен- (Кеңес)
6. Кітап- асып- таспайтын досымыз.
236- жаттығу
Тіре сөздерді пайдаланып мәтін жазу.
7. Қызықты сұрақтар.
(Мақалмен ойың өрілсе)
Сұрақ жауаптарының қай сөз табынан болғанын анықтау,құрамына қарай талдау.
Орда бұзып, қамал алып жүрген адам неше жаста?
Тоқты жыққан батыр мен серке жыққан батырдың саны нешеу?
Үнемі ертеңі бітпей жүретін адам?
Семіздікті көтере алатын жалғыз жануар?
Білекті мен білімдінің атқаратын жұмысы?
Өрге баспайтын жұмыс?
Кісі естігенде сұлтан болғанша,
Қай елде ұлтан болған жаксы.
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
Қосымша сұрақтар қойып сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма
«Адамгершілік – ізгі қасиет» тақырыбына ой толғау жазып келу.
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау
«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»
1 -қазан қарттар мерекесіне арналған «Қарттарым – асыл қазынам » атты кештің сценарийі
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
2-жүргізуші
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты мерекемен құттықтау үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Сакауова Алима Закарияқызын шақырымыз.
2-жүргізуші
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Жаса , қазағым» орындайтын Жармағамбетов Руслан
1-жүргізуші:
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін дей келе, бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап айтатын өлеңдерімен ортаға шақырамыз. 1-класс оқушыларын қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші: Қазақ халқы үшін домбыра аспабының орны ерекше. Ортаға Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол!» күйімен Ақтотыны шақырамыз.
1 жүргізуші: Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» оқитын Тілеужан Гүлжайнар.
2 жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Саржайлау» биімен Мөлдірді ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Әкеме» орындайтын Алмас
2 жүргізуші:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде тебірінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ән «Асыл әжем» орындайтын Рамазанқызы Лаура
1 жүргізуші:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе
Ән «Ана туралы баллада» орындайтын Бөлекбаева Мөлдір
2 жүрг: Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата-әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар деп ортаға бишілерімізді шақырамыз
2 жүр: Гүл-гүл жайнап әріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
«Асыл досым» әнін қарсы алайық.
Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата-әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз болса,сөз кезегін өздеріңізге береміз.
Әуезов әлеміне саяхат
ПӘНІ
|
Қазақ әдебиеті
|
КЛАСС 11
|
3.ХІІ.2014.ж.
|
ТАҚЫРЫБЫ
|
Әуезов әлеміне саяхат.(қайталау сабағы)
|
МАҚСАТЫ
|
М.Әуезов шығармашылығының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу;
Көркем шығарманы талдау жүйесін қалыптастыру;
Әуезов шығармашылығын қорытындылау;
Салт-дәстүр,әдет-ғұрыпымызға деген құрмет сезімін туғызу;
Өзіндік талдау,жинақтау жасап,ойлай білуге дағдыландыру;
Ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
|
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
|
ОҚУШЫ: Ойын жинақтайды,қорытындылайды,шешімге келеді.Шығармаға талдау жасап,тақырыбы мен идеясын ашады.
Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына деген құрмет сезімі оянады.Әдеби көркем тілде сөйлеуге дағдыланады.
Ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыда жеткізе біледі.Өзгелердің көзқарастарымен санасады,өзара қарым-қатынас орнатады.
|
САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
|
МҰҒАЛІМНІҢ
ІС-ӘРЕКЕТІ
|
ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
|
БАҒАЛАУ
|
РЕСУРСТАР
|
І.Қызығушылықты ояту
(7-8 минут)
|
Серпілген сауалдар.(Сұрақ жазылған қағазды домалақтап оқушыларға лақтыру)1.М.Әуезовтің туған жері,ол жерде дүниеге келген ұлы адамдар? 2.М.Әуезов шығармаларын ата. 3.М.Әуезов не үшін абақтыға қамалды,қанша уақытын темір торда өткізді? 4. «Әуезов әйелдері»дегенді қалай түсінесің? 5.М.Әуезовтің ең алғаш жазылған мақаласы қалай аталады,оны неше жасында жазды?
|
Қағазды қағып алып,ондағы сұрақтарды топпен ақылдаса отырып,жауап береді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
Дұрыс жауап берген оқушылар ауызша мадақталады .
|
Парақшалар
|
ІІ. Мағынаны ажырату
(25 минут)
|
1-топ. Әуезовтің туған өлкесіне саяхат немесе Әуезов шығармаларының жазушы туған жерімен тарихи байланысы.
2-топ. «Абай жолы» романындағы әдет-ғұрып,салт-дәстүрлердің көрініс табуы.
3-топ. «Абай жолы»романының тараулары.Венн диаграммасы (Абай,Құнанбай бейнелеріне)
4-топ.Кітаппен жұмыс.Кітап тарауларынан өздері қалаған үзінділердің тақырыбы мен идеясын ашу.
Пікірталас. «Еңлік-Кебек»трагедиясындағы қос ғашықтың ата-анасының ақ батасын аттап қашып кетулеріне қалай қарайсыңдар?
|
Оқушылар постер қорғайды.Қасиетті Мұхаң елі туралы айтпас бұрын Абайдың арғы атасы дүниеге келген Ырғыз өңірі, «Өзім де сол Ырғызды бір көрсем-ау деген» жазушы арманы айтылады.Балта-Орақ (аңыз айтылады) Күшікпай асуы («Қорғансыздың күні» әңгімесінің оқиғасы осы ел өмірінен алынған) Ақшоқы(Еңлік-Кебектің қаны сіңген) Ойқұдық (Алғаш рет «Еңлік-Кебектің»сахналануы,Үш қараш(«Қараш-Қараш»оқиғасының жазылуы,Жәнібек жайлауы(Абай,Тоғжан махаббаты)Мұхаң дүниеге келген Бөрілі тауы.
Романнан оқушылар шағын көріністер көрсетеді.Салт-дәстүрлер туралы баяндайды.
Романның тараулары туралы постер қорғау. Венн диаграммасын жасау арқылы Абай,Құнанбай бейнелерін ашып көрсету.
Өздері қалаған үзінділердің тақырыбы мен идеясын ашып көрсетеді.
Жақтап сөйлейтіндер жасыл стикер,қарсылар қызыл стикер көтереді.Бір адамнан шығып ыстық орындықта өз ойларын дәлелдейді.
|
Үш шапалақ
Бағдаршам
Үш шапалақ
Саусақпен бағалау
Үш шапалақ
Өзін-өзі бағалау
|
Флипчарт маркер
Флипчарт маркер
|
ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)
(10 минут)
|
Әуезов кейіпкерлеріне хат жазу.Топта талқылап үздік хат иелері автор орындығында хатын оқиды.
|
От шашу
|
|
ІV. Үй тапсырмасы
/3 мин/
|
Шығармаға дайындалып келу.
«Әлем таныған Әуезов»
|
|
|
Ат – ер қанаты
(Абайдың «Аттың сыны»өлеңіне талдау)
Ат, жылқы малын қазақ неше түрлі ғажап аңызға айналдырған. Қазақ мал баққан, көшпелі ел болса да, аттың жалында, арғымақтың сауырында өмір сүрген, сөйтіп жүріп, сыртқы жаудан елін, атамекенін қорғай алған. Абылай ханның, Қабанбай, Бөгенбай секілді хандармен айтулы батырлардың қанаты, жан серігі болған. Бәйге, ат жарыс, көкпар, сәйгүлік ат десе, қазақ ішкен асын жерге қойған, делебесі қозған, желіккен, жүйрік ,әрі сұлу ат міну, алғыр тазы, қыран бүркіт ұстау, естіде көрікті жар сүю- әр жігіттің арманы болған, осы төртеуі басында түгел жігіт дүние –мал жинамай –ақ, өзін кедей санамаған. Жаугершілік заманда үйдің белдеуінде аты байлаулы, найзасы тігулі тұрмай, елін қорғауға жаяу бара алмай, жолдастарына қалып қоюды әр жігіт өзіне намыс санаған. Халықтың кейбір салт-ырымы ақ тілеуі жылқымен байланыстырылады. Хандары таққа отырарда, ақ киізег отырғызып көтеріп, ақ биенің сүтіне шомылдырған, ел панасы- батырлар жауға қарсы ұрыста ақ боз ат мінген, құрбандыққа ақ тілекпен боз қасқа сойған. Не балаларға ат туралы бірнеше мақал-мәтел айтқызып, дәптерлеріне жазғызады. Қазақ халқы үшін жылқы, ат жұмыс күші, қазіргі техника түрлері секілді алысқа жедел жеткізетін көлігі, ел қорғаған батырлар мен ер азаматтардың сенімді серігі, қанаты болған, ішсе сүті (қымызы) – жанға шипа, тәтті сусын, жесе еті, жал-жаясы сүйкімді тағам екені еске салынады.
Абайда тұлпарды жақсы көріп қадірлеген, аттың мінез-қасиетін терең білетін атбегі, замандастарынан тұлпар, жорға аттарды қолқа салып ала білген және де өзі де басқаларға сондай аттарды талай сыйға тарқан адам болған.
Мен абай атам сиякты ат құлағында ойнамасамда, қазақтың қанымен берілген қасиетімен жылқы малын өте жақсы көремін. Ол туралы деректерді үнемі іздестіріп жүремін. Ол үшін маған ауылдағы атам, әкем және ұстазым көмектеседі.
Абай өлеңіндегі жүйрік ат бейнесін, оның мүшелерін, қасиет, белгілерін өзімше ашуға тырыстым.
Қамыс құлақ: жел соққанда, қамыстың ұлпа басының ыққа қарай иілетіні секілді, шапқан кезде жүйрік ат құлағын желкесіне қарай жатқызып алады. Сонда құлағына алдан соққан екпінді жел кірмейді, оның түбі ауырмайды, өзге дыбысты жақсы естиді.
Қой мойынды: қой мойнына ұқсас жұмырлана біткен ат мойны алыс жолға шапқанда талмайды. Аттың мойны талса, өзге мүшелері де ауырлайды, шаршайды.
Қоян жақ: етсіз, тақыр басын алдына соза шапқанда ат мойны талмайды, бүкіл денесін алға қарай жетектеп отырады.
Бөкен қабақ: бөкен – ең жүйрік, жылқы тұқымдас аң, оған түксиген қабақ біткен. Бәсекеде еліріп, құтырынып шабатын ашулы аттың бір белгісі.
Үңірейген сағақ: жүйрік аттың алқымының, тыныс жолдарының кеңдігінің белгісі. Ағызып шауып келе жатып, ат дұрыс демалып отырса, өкпесі алқынбайды.
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ: шынтақ аттың қабырғасын, кеудесін, қолтығын қыспайтындай кең бітсе, онда еркін тыныстап, ұзаққа шабады.
Салқы төсті: омырауы алға шығыңқы біткен.
Бота тірсек: аттың ботаның тірсегіндей майыса біткен артқы аяқтары шапқанда, алға қарай серпінді, екпінді, алымды, жер тірегіш, адымдағыш келеді.
Жауырыны жалпақ: ұзақ жолға мінгенде, бәйгеге шапқанда, адамға үстінің жайлы тыныш болуының белгісі.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, жұмыр тұяқ, тақыр бақай: бәйге атының мықтылығының, төзімділігінің, күштілігінің, жүйріктігінің, әсемдігінің белгілері.
Жылқы түсін білдіретін атаулар: жирен, қылаң, бурыл, торы, шабдар, кер, қара кер.
Жылқының жасына қатысты атаулар: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, байтал, бесті, бие, айғыр,ат.
Жүйрік, тұлпар ат атаулары: тұлпар, арғымақ, сәйгүлік, дүлдүл, саңлақ, қазанат, пырақ.
Жарыс түрлері: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс.
Бәйге: аламан бәйге – жүздеген, мыңдаған адам қатысқан, ондаған, жүздеген жүйрік ат қосылатын, аттар қашыққа (25- 100 шақырымға) жіберілетін бәйге түрі.
Жылқы, ат туралы мақал-мәтелдер: « Алып анадан туады, ат биеден туады», « Ат - адамның қанаты», « Атыңа ауыр жүк артпа, анаңа ауыр сөз айтпа», « Атың жақсы болса, тірі дүниенің пырағы, балаң жақсы болса, екі көзіңнің шырағы», «Жүзден –жүйрік, мыңнан- тұлпар», «Түйе – байлық, қой-мырзалық, ешкі-жеңілдік, жылқы –сәндік, сиыр-ақтық».
Жылқыға, ат әбзелдеріне, тұрмыс –салтқа байланысты ұғымдар: Ат жалын тартып міну- ер жету, азамат болу; ат құлағында ойнау- ат мінезін жақсы білу және пысық іске епті болу; ат құйрығын шарт түю-іске белсене кірісу, атпен алыс сапарға шығу; құлын-тайдай тебіскен- жұбын жазбай, тату-тәтті бірге өскен; тұлпардың тұяғы- жақсы адамның баласы, үрім-бұтағы; тұяқ қалды- баласы, көзі қалды; жылқы мінезді- батыл, қайсар, төзімді мінез және асау мінезді, менмен адам; үзеңгі жолдас- ертеден сырлас, құрбы-құрдас адамдар; құйысқаның берік болсын- талабың оң болсын (тілек); ат ұстар- дүниеге келген сәби ұл; ат ұстарың өзіңе тартсын- ұлың өзіңдей жақсы азамат болсын; бәйге атыңдай жараған- әбден бабына келген, қайратты, бақытты шағында тұрған.
Атқа салт мініп жүру үшін қажетті жабдықтарды ер - тұрман деп атайды. Ер-тұрманға ағаш ер және былғары мен киізден тоқым, желдік, терлік, тебінгі, айыл, үзеңгі, қанжыға, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, тұсамыс, өре, шідер, қамыт, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, кісен, т.б. әбзелдер жатады.
Ер – деп мінгеде тоқым үстінен салатын алдыңғы, артқы қасы бар үзеңгілі жабдық. Ағаштан шауып жасалынады. Ердің ашамай, қазақы ер, құранды ер, үйрек бас ер т.б. түрлері бар. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады.
Тоқым – аттың арқасында ер батып, ауыртпауы үшін салынатын төсеніш. Ол киізден сырып жасалады немесе сырты түгелдей қалың былғарымен қапталады.
Терлік – қойдың жабағы жүнінен жасалып, тоқымның астына салынады. Шеттерін былғары немесе матамен көмкереді. Терлік аты айтып тұрғандай, тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
Тебінгі – ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Тебінгі тоқым қысқа болған жағдайда аяқ-киім мен шалбардың балағын аттың терісінен қорғайды.
Үзеңгі – жануарға аяқ тіреп міну және отыру үшін қажет жабдық. Оны қоладан, темірден не ағаштан жасайды.
Қанжыға – салт атқа бөктерген затты байлайтын жіңішке қайыс тартпа
Құйысқан – ердің аттың мойнына қарай жылжып кетпеуі үшін былғарыдан қайыспен астарлап, қайып жасалатын әбзел түрі.
Өмілдірік – ердің артқа қарай сырғып кетпеуі үшін аттың кеудесіне тағатын әбзел.
Қамшы – негізінен, атты жүргізу, малдарды айдау үшін пайдаланылған, кейде қару ретінде жұмсалған құрал.
Кісен – жылқыны матау әбзелі.
Тұсамыс – ат ұзап кетіп қалмас үшін алдыңғы екі аяғын бір-біріне матап қоятын әбзел түрі.
Қамыт – атты арбаға, шанаға жегу үшін пайдаланылады.
Доға – жылқыны арбаға не шанаға жеккенде қамытты тәртеге жалғастыратын әбзел.
Таға – жылқының тосырқамауы немесе мұздан таймауы үшін тұяғына қағылады.
Жүген – міністегі немесе арба, шанаға жегілген жануарды басқару үшін қолданылатын әбзел.
Жүйрік ат туралы өз жұмысымды І.Жансүгіровтың өлеңімен аяқтаймын.
Жанына еліміздің жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең – ат, ішсең –қымыз, жесең- қазы,
Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.
Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Қызық - ақ біздің бәйге қырда шапқан,
Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей,
Аттарға шаң шығарып келе жатқан.
Тізбектелген сабақ үлгісі
сабақтың тақырыбы
|
Сабақтың мақсаты
|
Күтілетін нәтижелер
|
Модульдердің кіріктірілуі
|
Әдіс-тәсілдер
|
ресурстар
|
Бағалау
|
1-сабақ
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы әнші-ақындар поэзиясы
|
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы әнші-ақындар поэзиясымен танысу.Ерекшеліктеріне,тақырыптарына тоқталу.Салт-дәстүрді,адам бойындағы ізгі қасиеттерді құрметтеуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Ізденушілік,зерттеушілік қабілетін дамытып,көркем сөйлеуге дағдыландыру.
|
Бірлесіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады,мақсат қойып үйренеді,өзінің мықты,әлсіз жақтарын анықтай алады,екі құбылысты салыстырады
|
СТО,АКТ,жас ерекшелігіне сәйкес оқыту,көшбасшылық,қалай оқу керектігін
Үйрену,бағалау,дарынды балаларды оқыту,жаңа тәсілдерді пайдалану
|
Жигсо,деңгейлік тапсырма,көпірше,ассоциация,телефон арқылы мәлімет іздеу.
|
Постер,маркер,видео,пәнаралық байланыс
|
Екі жұлдыз бір тілек,бағдаршам,үш шапалақ,ауызша мадақтау.
|
2-сабақ
Біржан сал.Өмірі,ақындық дәстүрі.
|
Ақын шығармаларында өмір шындығының көрініс табуы.Өнерді құрметтеуге адалдыққа тәрбиелеу,сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.
|
Ізденеді,танымдық процесін анықтай алады,өз көзқарасын білдіреді,сыни тұрғыдан бағалай алады.
|
АКТ,СТО,жас ерекшелігіне сәйкес оқыту,көшбасшылық,бағалау,талантты және дарынды балаларды оқыту.
|
Деңгейлік тапсырма,Блум жүйесі,синквейн әдісі,эссе жазу.
|
Постер,маркер,пәнаралық байланыс.
|
Үш шапалақ,өзара бағалау,смаилик арқылы бағалау.
|
3-сабақ
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
|
Ақан серінің сан қырлы өнер иесі екендігін дәлелдеу.мәрттікке,жомарттыққа тәрбиелеу.Зерттеушілікке,өзгелердің пікірін бағалауға үйрету.
|
Мәліметтерді талдайды,сараптайды,жана ақпарат туралы пікір алмасады,таным процесінде қарым-қатынас шеберлігі қалыптасады.
|
Жаңа тәсілдерді пайдалану,қалай оқу керек екендігін үйрену,бағалау,дарынды балаларды оқыту,жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,СТО.
|
Блум жүйесі,деңгейлік тапсырма,ББҮ
|
Видео,постер,маркер,стикер
сызба
|
Критерий ,үш шапалақ,өзара бағалау,сұрақ қою арқылы.
|
4-сабақ
Шығарма
«Ақан сері
Мен Құлагер»
|
Өз ойын көркемдеп жеткізе білуге,сауаттылыққа үйрету.
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді(Блум таксономиясы әдісіне сәйкес)рефлексия жасай біледі,өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады
|
Қалай оқу керектігін үйрену,бағалау,СТО,АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту,көшбасшылық,жас ерекшелігіне сәйкес оқыту,жаңа тәсілді пайдалану
|
Блум жүйесі,деңгейлік тапсырма,ассоциация
|
Оқушы дәптері,қалам
|
Жинақтау баға
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |