Gro EL/Gro ES кешенінің құрылысы
Бұл жүйе ақуыздары бір-бірімен түптерімен кіріккен екі «қазан» пайда етеді, олардың біреуі «қақпақпен» жабылған.
Әрбір «қазанның» қабырғалары және түбі шеңберленіп орналасқан Gro EL ақуызының 7 молекуласынан (субъединицадан) құрылған.
Әрбір субъединицада 3 домен болады (10 сурет):
-апикальдық («қазан» тесігінде орналасқан);
-аралық («қазанның» қабырғасын қалыптастыруға қатынасады);
-экваторлық («қазанның» түбін және «қазандар» арасындағы байланысты қалыптастырады).
«Қазан» тесігі оның басқа бөлімдеріне қарағанда тарлау болып келеді, ал орталық бөлігінің диаметрі 9 нм тең.
Е.соli жасушасында 700 ге жуық осындай кешен болады. Осы кешеннің бір «қазанының» «қақпағы» -Gro ES ақуызының 7 субъединицасынан құрылған.
«Қақпақтың» ақуызбен байланысуы Gro EL конформациясын өзгертеді. Ашық «қазанның» ішкі бетінде гидрофобтық радикалдар көптеп кездеседі, ал жабық «қазанның» ішкі бетінде-гидрофильдік радикалдар басым болады.
Gro EL ақуызы субъединицасының құрылысы
(Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
Ақуыз конформациясының мұндай өзгерулері АТФ гидролизі нәтижесінде бөлінетін энергия көмегімен жүзеге асады.
Бұл жүйенің қызмет етуі төмендегідей болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |