Элонгация сатылары
Ал егер, антикодон а-РНҚ кодонымен комплиментарлы болатын болса кешен ыдырап, оның аа-т-РНҚ-сы А-орталықпен байланысады. ГТФ ГДФ-ке дейін гидролизденеді, ал соңғысы ЕF-1и факторымен бірге босанып шығады да әрі қарай рибосомадан тыс ЕF-1ѕ –пен бірге ГДФ-ның ГТФ-ға айналуына қатынасады және аа-т-РНҚ-ның кезекті молекуласымен байланысады.
б) Пептидтік байланыстың түзілуі. Циклдың алғашқы сатысынан кейін рибосоманың П-орталығында пептидил-т РНҚ, А-орталығында аа-т РНҚ орналасқан. Олардың акцепторлық ұштары және аминқышқылдар қалдықтары ПТФ-орталықта болады. Соңғысы, яғни ПТФ орталық пептидил-трансферазалық реакцияны қалыптастырады, яғни екі аминқышқылдар арасында пептидтік байланысты қалыптастырады. ПТФ реакциясы нәтижесінде пептидил 1 аминқышқылына ұзарады.
в) Транслокация. Циклдың 3 сатысында а-РНҚ жаңадан түзілген пептидил-т РНҚ-мен бірге бір кодонға солға қарай жылжиды. Осының нәтижесінде П-орталықтағы аминқышқылы рибосомадан шығып кетсе, А-орталықтағы пептидил-т РНҚ П-орталыққа өтеді, А-орталықта а-РНҚ-ның келесі кодоны болады және кезекті аа-т РНҚ–мен комплиментарлы байланысуға дайын.
Транслокация сатысына ГТФ және транслоказа деп аталатын элонгация факторы (ЕF-2) қатынасады.
Осымен элонгацияның бір циклы аяқталып, келесі циклы басталады. Пептидтік тізбектің бір аминқышқылына ұзаруы үшін 2 ГТФ молекуласының энергиясы жұмсалады.
Трансляцияның терминациялануы
Трансляцияның аяқталуы туралы сигнал рибосоманың А –орталығына 3 «мағынасыз» кодонның кез-келгенінің –УАА, УАГ не УГА орналасуы болып табылады.
Бұл кодонды аа-т-РНҚ емес , терминацияның ақуыздық факторлары (еRF) таниды. Мұндай факторлардың екеуі белгілі, олардың бірі-УАА, УАГ-кодондарын таныса, екіншісі- УАА және УГА кодондарын таниды.
еFR факторлары «өздерінің» кодондарын танып пептидил трансферазалық (ПТФ) орталықтың гидролазалық белсенділігін стимулдайды. Осыған сәйкес т РНҚ мен пептид арасындағы байланыс гидролизденеді .
Трансляцияның терминациялануы
УУА-терминациялық кодон; еRҒ-терминация факторы; ГА-гидролазалық белсенділік; И-инициаторлық аминқышқылы (метионин). Осыдан кейін пептидтік тізбек, т РНҚ және а-РНҚ диссоциацияланып рибосоманы тастап шығады, ал рибосома екі бөлшекке ыдырайды да жаңа полипептидті синтездеуге дайындалады.
Трансляция ингибиторлары
Көптеген антибиотиктер қожайын жасушасындағы трансляция процессіне айтарлықтай әсер етпей микроағзалар трансляциясының арнайы ингибиторлары болып табылады. Олар рибосоманың кіші не үлкен бөлшектеріндегі қызметтік орталықтарға әсер етеді.
а) Стрептомицин- рибосоманың кіші бөлшегіндегі П-орталыққа әсер етеді. Осылайша ол инициаторлық аа-т РНҚ-ның (формил мет-т РНҚи мет) П-орталықпен байланысуын қиындатады, яғни ақуыз биосинтезінің иницияциясына ингибиторлық әсер етеді.
Ақуыз синтезінің иницияциясы басталғанымен стрептомицин пептидил-т РНҚ–ның рибосоманың кіші бөлшегімен байланыуын әлсіздендіреді, бұл рибосомалық кешеннің әлсіз болуына және күні бұрын ыдырап кетуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |