Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
45
ағымындағы экспрессивті, биік теңеулер арқылы жасал-
ғанмен, ауыз әдебиетіне тән сипаттама портрет екенін 
аңғартады.
Шынында, ежелгі эпикалық жанрлардың қай-қай-
сысында болсын кейіпкердің сырт келбеті оның мінезі 
мен болашақ іс-әрекетіне сай болып суреттеледі. Жалпы 
бұндай сәйкестік, типтендіру образдың тұтастығы үшін 
қажет болғанмен, белгілі бір үлгі-қалыпта бейнелеу заң-
дылығы қазақ фольклорында болғандығын академик С. 
Қасқабасовтың: «Жыршы болмысты, батырдың өмірін 
суреттегенде, оны белгілі бір схемаға, қалыпқа салады, 
сөйтіп кейіпкер бейнесін идеалды типтік сипатқа түсі-
реді, оның ешбір даралық қасиетін қалдырмайды, бейне-
леніп отырған қоғамның түсінігіне, тыңдаушы түсінігіне 
сәйкес дәріптеп, мадақтайды»/3,31 /, – деген тұжырымы
айқындайды. 
Ал, қазақ эпостарының сюжеттерін мотивтерге бөліп 
қарастырған белгілі ғалым Ш. Ыбыраев: «Батырлардың 
жеке басына тән белгілері іс-әрекет үстінде де, қозғалыс-
сыз қалпында да мотив-мінездеме түрінде сипатталып, 
сюжет құрамайтын мотивтің осы түрі композициялық 
тәсілдермен қызметі жағынан тұтас жүретіндігі бай-
қалады»/5,263/, – деп портрет-мінездеменің қызметін 
көрсетеді. Мотив-мінездемені мотив-ситуацияның бір 
тобы ретінде таныта келіп, мотив-ситуацияда теңеудің 
қызметі негізінен кейіпкердің портретін берумен байла-
нысты екеніне, сюжеттің динамикалық іс-әрекетті бей-
нелейтін сәттерінде де теңеудің дені кейіпкердің тұлғасы 
мен жүріс-тұрысына қатысты екеніне назар аудартады. 
Белгілі ғалым Ш. Ыбыраев «Алпамыс» жырының экс-
позициясындағы Ұлтанқұлдың портретіндегі әсірелеу 
тәсілінің де теңеу арқылы жасалғанын көрсетеді/5,270/. 
Қазақ шешендік сөздеріндегі гротескілік бейненің те-
ңеу арқылы жасалғанын, оның халық ауыз әдебиетіндегі 
портрет үрдісінің интерпретациясы екенін бұрынғы жұ-
мысымызда/6,149-151/ пайымдаған болатынбыз. Алай-
да, теңеудің әралуан вариацияларының тоғысуы, әсіресе 
гиперболалық теңеу арқылы жасалған гротескілік бейне 
шешендік сөздердің баяндау жүйесіне тән ықшамды-
лыққа бағындырылады, сондықтан сатиралық сарында-
ғы жекелік портреттерде таңбалық белгілерді Ұлтанқұл 
портретіндегідей түгел санамалап суреттеуге мүмкіндік 
берілмейді. 
Шешендік сөздердің баяндау телімдерінде портрет-
таңбалар аз емес. Олар адресанттың адресатқа көзқара-
сын әзіл немесе кекесінін мегзеу арқылы сипаттауынан 
да көрінеді. Мәселен, ер Жәнібек Сары Шуаш шешен-
мен сөз сайысында оның әлпет-кейпін синекдоха түрін-
де әзілмен бедерлеп, қарсыласын сөзден тоспақшы бо-
лады: « – Сен кемсек ауыз, жарғақ құлақ, Жылқыға суат 
болмас ылайсың » /7, 135/ – дегендегі мегзеулер мінездік 
типтің әлпет ерекшелігін юмор астарында кескіндейді. 
Алайда Сары Шуаш тапқырлық танытады.
Ал, диалог құрылымындағы ирониялық суреттеме-
лер халық танымындағы дәстүрлі теңеулер арқылы 
жасалады: «Көзің көк тұздай, Мұрның істік біздей» /8, 
361/. Шешен қарсыласының ұнамсыз мінез-құлқын адам 
тіршілігінде танымал жағымсыз белгісі бар заттармен 
салыстырады. Осындай диалог құрылымдарына көбіне-
се драматизм тән деуге болады.
Тіпті, шешендік толғау,шешендік нақыл сөздерде жақ-
сы мінез бен жаман мінез жайы ұждандық-этикалық, фи-
лософиялық тұрғыдан ашық тұжырымдалады: «– Жақсы 
кісі ақылымен тәуір болады, Мінезі қорғасындай ауыр 
болады, Құлағы естімейтін сауыр болады, Кедейдің жал-


46
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
47
ғыз керіндей Құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады» /7, 
76/. Бұндай семиотикалық құрылымдарда тұтастай ал-
ғанда адамгершілік идеясы объективтендіріледі.
Мүсіндеу өнерінің халықтың ұждандық-этикалық 
дискурстармен байланысы да жоқ емес. Ондай портрет-
тер семиотикалық, символикалық рәуіште сипатталады. 
Мәселен, Жиембет жырау семиотикалық мәндегі авто-
портрет жасайды: «Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс 
пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау та-
йындай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, 
Періктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай» /9,81/.
Жыраулар поэзиясында жалпылау мәндегі портрет 
үлгісі де кездеседі. Ол – зар замандағы қазақтың сырт 
кейіптемесі, демек, жалпылық мәндегі пішіндеме қата-
рына жатқызуға болады. Қазақ дегенде нақты бір қазақ 
адамының кескін-келбеті жоқ, жырау зар замандағы қа-
зақ халқын тұрмыстық, эпистемологиялық бағдары бо-
йынша тұтастықта суреттеуді мақсат тұтады: «Сақалына 
сары шіркей ұялап, Миығына қара шыбын балалап, Жа-
зыда мал іздеген қазақтың Басы қайда қалмаған» /9,71/.
Жырау қазақтың қыспақ замандағы азапты тұрмысын, 
жан күйзелісін сырт кейпіндегі ерекшеліктерді града-
ция арқылы: «Сақалына сары шіркей ұялап, Миығына 
қара шыбын балалап...» деп үдете сипаттап, оны рито-
рикалық сауалмен түйіндейді. Бұл толғаудағы публис-
тикалық -риторикалық стиль ізін аңғартады. Сондай-ақ: 
«Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен Есіл де менің 
кеңесім»/9,81/, – деген толғауда жыраудың Есім ханды 
«Еңсегей бойлы ер» деп сипаттауындағы реалистік ұста-
нымы антропометриялық өлшемнің тарихи, физиогно-
миялық дерекпен сәйкестігінен аңғарылады.
Жоғарыда сөз еткен эпостық жырдағы сұлудың 
кескін-келбеті Ақтамберді толғауында өзгеше интерп-
ретацияға түседі: «Бұлттан шыққан ай бетті, Мұнардан 
шыққан күн бетті Айттырса бермес сұлуын Аппақ қы-
лып маңдайын, Бұғақ қылып таңдайын, Қиылдырып 
қастарын, Төгілдіріп шаштарын, Күніне аламанға Тегін 
олжа қылар ма екенбіз!?»/9,88/. Әлбетте, алғашқы екі 
жол синтаксистік параллелизмге құрылған 7-8 буынды 
жыр өрнегі болғанмен, портретік таңба «бет» дәстүрлі 
сұлулық символдары ай мен күннің анықтауыш мағы-
насындағы күрделі эпитет арқылы жасалған сапалық 
белгілерімен шендескендіктен қатыстық сын есім жұр-
нағын қабылдайды. Бұл метонимиялық әліптеме «Ат 
басты, Арқар мүйізді. Бөрі кеуделі, Бөкен санды» деген 
қарапайым жұмбақ құрылымының өзгеше интерпрета-
циясы екенін аңғартады. Сондай-ақ, таңбалық белгілер 
«қиылдырып», «төгілдіріп» тәріздес қимыл-сын пысық-
тауышпен тіркесіп, сұлудың қимыл-қозғалысы сәтінен 
елес беріп, экспрессивті-эмоционалды мағына иелен-
генімен жазба әдебиеттегідей «тілдік бояулар эпикалық 
каноннан пластикалық көрнекілікке ауысып» /2, 60/ 
кете алмайтындығы жанрдың тарихилығын аңғартады. 
Алайда, жырау суреттеуіндегі кескіндеме қазіргі жазба 
прозадағы «адамды мүсіндеудегі кеңістік, жарық, түс,-
субъект» ұғымдарынан да ада емес екенін пайымдауға 
болады.
Осыған қарағанда, фольклор мен авторлы ауыз әде-
биетінде қазіргі көркем прозадағыдай «іс-әрекет бары-
сындағы адамның жан әлемі мен оның сыртқы көрінісінің 
авторлық эмоциялар арқылы қабыса суреттелуі» /2,33/,
баяндау ағымында түрлі көркемдік-стилистикалық 
тәсілдер арқылы толысатын динамикалық портрет үлгісі 
жоқ десек те, оның алғашқы бастау көздерін, жалпы ал-
ғанда эпикалық жанрдың даму, жаңғыру үдерісін тану-
ға болады. Көркемдік-стилистикалық тәсілдер де жоқ 


48
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет