50
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
51
подразумевается строго научное по
характеру красноре-
чие, отличающееся глубокой аргументированностью, вы-
сокой логической культурой, строгим стилем речи, к тому
же имеющее специфическую терминолгию»/5 92/, 0 ака-
демиялық шешендіктің айрықша сипаттарын атап өтеді.
Бұған қоса, қазіргі риторикада академиялық шешендіктің
мазмұнына тән шынайылық, ақпараттық толымдылық,
қозғалып отырған мәселенің ғылыми жаңалығы, өзектілігі,
материалдың толық жетімділігі сияқты ерекшеліктері де
ескеріледі. Жоғары оқу орындарындағы
ұстаз-ғалымдар
мен мектеп мұғалімдері ғылыми конференция, семинарлар
мен симпозиумдарда өз ойларын ортаға салып, көсіле сөй-
легендерінде академиялық шешендікке жол ашылғанын
байқауға болады. Сондықтан академиялық шешендікті пе-
дагогикалық риторикадан бөле жара қараудың жөні жоқ.
Оқытушылар мен мұғалімдердің шешендік шеберлігі бір
мақсатқа бағындырылады. Ол: студенттер мен оқушылар-
ға білім беру, олардың бойына сол білімді игеру дағдыла-
ры мен машықтарын қалыптастыру. Сондықтан сөз болып
отырған шешендік өнер тегі тақырыптың айқындығымен,
жүйелі, дәлелді баяндауға құрылып, түсінуге жеңілдігі-
мен, сөздің тыңдаушының қиялын қозғап, сезіміне әсер ете
алуымен, диалогтық ерекшелігімен, бір аудиторияда неме-
се класта үнемі қайталанып отыратындығымен де сипат-
талады. Ұстаз-ғалымдар студент-шәкірттерге
білім беріп
қана қоймай, олардың жан әлемін байытады, адамгершілік
қасиеттерді сіңіріп, рухани-эстетикалық құндылықтарды
танытады.
Академиялық және педагогикалық шешендіктің бір
түрі – лекция. Ол жөнінде Г. Апресян: «Лекция всегда от-
личается определенной обстоятельностью изложения и,
как правило, имеет прежде
всего познавательное значе-
ние. Лекция отличается углубленоостью ораторских суж-
дений и умозаключений» /5,92/,-деген тұжырым айтады.
Зерттеуші ғалым А.Б. Темірболат «Риторика» (2005) атты
оқу құралында студенттердің өткен материалды игеру
негіздерін қалыптастыру мақсатын көздейтін дидактика-
лық лекцияның ғылыми (нақты ғылым саласынан түсінік
беру), дүниетанымдық (ғылыми дүниетанымдық көзқа-
расты қалыптастыру), әдіснамалық (нақты ғылым саласын
зерттеудің әдістері туралы түсінік беру), ұйымдастырушы-
лық (семинар,
лабароториялық сабақтарға, коллоквиум,
СӨЖ сияқты басқа оқу-жаттығу түрлеріне негіз болады),
тәрбиелік (ғылым-білімге қызығушылығын ояту) қызмет-
терін көрсетеді/6, 86/.
Әрине, лекция – жоғары оқу орындарында оқытудың
дәстүрлі түрі. Лекция оқу бағдарламасына және оқулық-
тың (бар болса) мазмұнына сәйкес оқылады. Осы орайда,
аталмыш
оқу құралы авторының айтуынша, лекцияның
мазмұны нақты ғылым саласының қалыптасқан негіздерін
қамтиды, ғылыми мәселені шешудің міндеттері әдіс-тәсіл-
дерін белгілейді, ұғым-түсініктерді талдайды,
ғылыми
мәселенің болашақ дамуы мен қазіргі жағдайына баға бе-
реді, теориялар мен концепцияларға, тарихи құбылыстар
мен заңдылықтарға талдау жасайды. Лекцияда айтылған
әрбір тұжырымға мысалдар арқылы көз жеткізеді. Лек-
цияда оқытушының өз тәжірибесінен байқағандары мен
байламдарын да ортаға салуға мүмкіндігі бар/6,86/. Де-
генмен, әрбір лекцияның мазмұны жинақы,
құрылысы
нақты болуы шарт. Өйткені бұл студенттің лекцияны қыс-
қа тұжырымдар мен қорытындылар түрінде жазып алуына
мүмкіндік туғызады. Сондықтан, лекцияның құрылысы да
«үштік тұтастықтан» (шешендік өнердегі «үштік тұтас-
тық»: шешен сөздің басы, ортасы, аяғы) тұрады: кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды. Әдетте, кіріспеде лекцияның
мақсат-міндеттері белгіленеді,
оның өткен тақырыппен
байланысы айтылады, қаралатын мәселеге қысқаша сипат-
тама беріледі, тақырыпқа сай әдебиеттер ұсынылады. Ал,
негізгі бөлім тақырып мазмұнын толық қамтиды. Олар:
келтірілген тұжырымдардың дәлелдемелері, теориялар-