м.Әуезов шешендік
сөздер хақында
Ш
ешендік сөздер – ауыз әдебиетінің ең аз зерт-
телген жанрлық түрлерінің бірі. Бұның себебі
– кеңестік өктем саясаттың қазақ шешендік өнерінің
зерттелуіне тежеу салып келгендігі. Өйткені, шешендік
сөздерде халықтың ұлттық тарихы мен дүниетанымы
ғана емес, азаттық пен тәуелсіздікті, егемендікті аңса-
ған күрескерлік рухы жатты. Сондықтан кеңестік тота-
литарлық тәртіп тұрғысында шешендік сөздерді жинап
жариялау, зерттеу ісіне шек қойылып отырды. Деген-
мен, қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде (1927)
шешендік сөздерге «билер айтысы» [1;188] деген тер-
миндік атау беріп, оның билер сөзі екенін қалған жоқ.
Әйтсе де, әдебиет зерттеушілері күні бүгінге дейін
шешендік сөздерді фольклор қатарына қосып келеді.
Бұл орайда, ұлы М.Әуезовтің пікіріне сүйінсек, билер
сөзінің авторы қазақтың даңқты би-шешендері болмай
ма? Расында, шешендік сөз белгілі бір би-шешеннің
атынан айтылатыны мәлім. Ал, атақты В.Г.Белинский
фольклорда даңқты есімдер болмайтынын, ондағы көр-
кем сөз авторы халық екенін ескерткен [2, 9]. Осы пікір-
лерге қарамастан, шешендік сөздерді фольклорға телу
кеңестік дәуір тұсында би-шешендер есімін ауызға алу-
ға тайсақтағандық па, әлде фольклор мен авторлы ауыз
әдебиеті ара жігінің ғылыми тұрғыда түпкілікті ажы-
ратылмағандығы ма? Рас, шешендік сөздер ғана емес,
ғылым салаларын орыс физигі А. Г. Столетов, физиолог
К.А. Тимирязев сынды шешендерді танып, үлгі етудің мәні
зор. Дегенмен, өркениетке қол созған бүгінгі таңда ұлттық
академиялық шешендікті дамытудың, оны зерттеп-зерде-
леп, көпшілікке таныта білудің қажеттігі туындап отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ.
Мақалалар және әдеби зерттеу/Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы:
Жалын, 1991.-464 бет.
2.Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. –
208 бет.
3.Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері (Оқу құра-
лы). – Алматы, «Білім», 2003. – 260 бет.
4.Вомперский В.П. Риторика в России XVII-XVIII веках. –
Москва, Наука, 1988.-с.
5.Апресян Г. Ораторское исскуство. – Москва: Московский
университет, 1978. – с.
6.Темірболат А.Б. Риторика (основа ораторского исскуства):
Учебное пособие. – Алматы: Қазақ Университеті, 2005.-136 с.
7.Поль Л. Сопер. Основы исскуства речи. «Прогресс», 2002.-
373 с.
8.Далецкий Чеслав. Практикум по риторике. Москва, издат.
Центр А3, 1996. -192с.
9.Солганик Г.Я. Стилистика текста. – Москва: Филинта, Нау-
ка, 1997.
58
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
59
белгілі әдебиет зерттеушісі Е.Тұрсыновтың айтуынша,
жақын уақыттан бері ғана баспасөзде авторлы шығарма
деп танылған және осы күнге дейін авторлығы ауызша
сақталып келген қазақ ақын-жырауларының бай поэ-
зиясы, неге екені беймәлім, фольклор қатарына жатқы-
зылып келген [3,95]. Сондықтан кеңестік дәуір тұсында
жазылған еңбектерге (С.Сейфуллиннің, Ә.Мәметова-
ның) жаңаша көзқарас тұрғысынан баға беру лазым.
Осы тұрғыдан келгенде, кеңес дәуірінің соңғы кезең-
дерінде шешендік сөздерді шұқшия зерттеген ғалым
Б.Адамбаевтың көзқарастарында да қайшылық аз емес.
Ол: «Демек, шешендік сөзге авторлы шығарма ретінде
қараудың және авторларын анықтаудың ауыз әдебиеті
мен жазба әдебиетінің табиғи байланысын, жалпы қа-
зақ көркем әдебиетінің басталуын, қалыптасуын, даму
тарихын анықтай түсу үшін үлкен ғылыми мәні бар»
[4;38] дей отырып, енді бірде: «Демек, шешендік сөз-
дерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен, оны
кейін өңдеп-жөндеуші, сақтаушы-халық; сондықтан
оның шын иесі – авторы да халық дейміз [5,80],- деген
сөзінен кеңестік саясаттың ықпалы айқын танылады.
Ал, оның шешендік сөздердің құрылысына қатысты:
«Бірен-саран өңдеу-жөңдеу болмаса, түпнұсқаға түбе-
гейлі өзгеріс жасау кез келген кісінің қолынан келе бер-
мейді» [5, 128], – дейтін пікірі де шешендік сөздердің
«халықтығын» паш етіп тұрмағанын бағамдауға бола-
ды. Шындығында, М.Әуезов есте қалмаған ескі заман-
да шыққан Алдар көсе, Жиренше шешен әңгімелерін,
халықтық аңыздарды ғана қалың бұқара туындысы деп
бағалаған[6;244]. Демек, тарихи таңба бедері бар ше-
шендік сөздердің жайы басқаша. Олардың белгілі бір
би-шешенге тән екенін нақтылы тарихи оқиғалар шең-
берінде айқындауға болады. Айталық, «Қазыбек пен
Қоңтажы» сөзінің тек Қазыбек би, «Алтын Емел дауы-
на дауа» сөзінің тек Бөлтірік шешен атынан айтылуы-
ның мәнісі сонда. Олардың көпнұсқалы болуын мұра-
ны жеткізуінің шығармашылық қарымы деп түсінген
жөн. Сонымен қатар, шешендік сөздердің авторлығына
қатысты мәселенің бірі – дәстүрлі шешендік сөздердің
би-шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйт-
кені, оларды айтушы әрбір өңірдің адамы сөзі өтімді
болуы үшін көнеден қалған сөзді өз елінің беделді би-
шешендерінің атынан айтқан. Әрине, бұл көпшілікті
сөзге ұйытудың тәсілі екені де рас. Алайда, дәстүрлі
шешендік сөздерді белгілі бір би-шешендерге меншік-
теп беру қисынсыз. Тарихи деректер мен шежірелер,
жазба мұрағаттар айғақ болған жағдайларда да дәстүрлі
шешендік сөздердің алғашқы шығарушысын айқындау
қиын [7;154-155]. Дей тұрғанмен, ауызша сақталып
жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің билер сөзі екенін
жоққа шығара алмаймыз. Ал, дәстүрлі шешендік сөз-
дердің би-шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі
ауыз сақталып, ауызша таралғандығымен байланысты
екендігі дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Олай болса, ұлы М.Әуезов пікірін қазық ете отырып,
бүгінгі таным тұрғысынан шешендік сөздердің автор-
лы шығарма екенін танытатын еңбектің бірі – 1993
жылы жарық көрген Бөлтірік Әлменұлының «Ше-
шендік сөздер» жинағы (құрастырған Ж.Дәдебаев).
Өйткені, белгілі ғалым Ж.Дәдебаев «Бөлтірік Әлменұ-
лы және қазақ шешендік өнері» атты оқу құралында
[8] Бөлтіріктің, Төленің шешендік сөздерін олардың
төл туындысы ретінде қарастырады. Сондай-ақ, белгілі
зерттеуші С.Негимов те «Шешендік өнер» атты еңбегін-
60
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
61
де [9] қазақ би-шешендерінің шешендік өнері туынды-
сының көркем шығарма екендігіне көз жеткізеді.
Сонымен қатар, ұлы жазушы М.Әуезов аталмыш
еңбегінің «Билер айтысы» деген тараушасында бұл
жанрлық түрдің толық жиналмағандығы зерттеу ісінде
қиындық келтіретінің, сондықтан оны сол кезеңде тү-
гел жіктеп бөліп қоюға болмайтынын [3] айта отырып:
«Бірақ бұл жіктеу уақытына ғана жіктеу және ылғи ішкі
мағынасына қарай жасалған жіктер болады» [1;188] ,-
деп ескертеді. Шынында, М.Әуезов тұжырымдарының
шешендік сөздерді бүгінгі жаңаша таным көкжиегінен
бағалауда айтарлықтай мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |