68
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
69
(«Несчастная Жамал», «Печальная Мариям», «Смотри-
ны») халықтық поэтикалық дәстүрлерді көрсетеді [12,
132-138]. Бұл жаңа қалыптаса бастаған қазақ прозасын-
дағы оқырманды роман мазмұнын эмоциональдық қа-
былдауға дайындайтын поэтикалық экспозициялардан
көрінеді. Сондықтан көптеген поэтикалық интекстер
қазақ романдарының көркемдік телімдерінің қатарында
саналады. Роман жүйесінде кездесетін өлеңдер кейіп-
керлердің сөздері мен ой сезімдеріне экспрессивтік мән
жүктейді. Сондай-ақ зерттеушілер З.Ахметов, Е.Лизу-
нова «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы М.Әуе-
зовтың Абай өлеңдерін тура мәнінде де, келтірінді
мәнінде де пайдаланғанын көрсетеді. Демек фольклор-
лық поэтикалық интертекстер мен цитаттарды қолдана
отырып, қазақ жазушылары өз шығармаларына ұлттық
сипат береді, мотивтерді шығармашылықпен жаңғыр-
тады, оның мазмұнын көркемдікпен байытады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі қазақ прозасы мен поэзия-
сына фольклордың бай қазынасы негіз болып, интер-
текст поэтикасының дамуына ықпал етті деуге болады.
Басқа елдердің мәдениетінде сирек ұшырасатын,имп-
ровизацияға негізделген шешендік өнері мен жыраулық
поэзиядағы және авторлы ауызша әдебиеттің өзге үлгі-
леріндегі интертекстуалдық байланыстар ұқсастықтар,
үндестіктер, жаңғырулар, жаңашылдықтар туғыза оты-
рып, қайталанбас поэтикалық құндылықтарды құрай-
тынына көз жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: