94
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
95
і. Жансүгіровтің «Жолдастар»
романының зерттелу
мӘселелері
Қ
азақтың көрнекті ақыны І. Жансүгіровтің проза-
лық шығармалары, әсіресе оның 1935жылы жа-
рық көрген «Жолдастар» романы туралы зерттеу ма-
қалалар, еңбектер көп емес екені белгілі. Осы іспетті
пікірді кезінде айтулы ғалым Мырзабек Дүйсенов те
білдіре келіп: «Бұл кезде Сәкен Сейфуллиннің «Айша»,
«Жер қазғандар» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу»
романы, Бейімбет Майлиннің «Раушан-коммунист»,
«Азамат Азаматыч» повестері, С. Мұқановтың «Адас-
қандар», «Темір тас», М. Әуезовтің «Қараш-қараш
оқиғасы», Ғ. Мүсіреповтің «Бір
адым кейін, екі адым
ілгері» повестері туған өнімді кезең еді. Осы кезеңде
І. Жансүгіров «Жолдастар» атты романымен қазақтың
өскелең прозасына өз үлесін қосады»,/1, 125/ – деп жа-
зады. Рас, XX ғасыр басында жарық көрген романдар-
дың да ықпал-әсері жоқ емес еді. Сондықтан екінші
кітабы жазылмай қалған І. Жансүгіровтің «Жолдастар»
романының бірінші кітабының да мазмұны мен пішіні
кеңестік дәуір туғызған аласапыран шақтарды қамти-
ды. Зерттеуші М. Дүйсенов: «Жолдастар» романының
бірінші кітабы негізінде революция алдындағы қазақ
кедейлері мен жұмысшыларының өмірін көрсету арқы-
лы қазақ даласындағы таптық жіктің ашылуы,
сөйтіп
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы фев-
раль буржуазиялық революциясы кезіндегі дүрбелең,
одан Октябрь революциясының дәл қарсаңындағы Ұлы
социалистік революцияға қазақ жігіттерінің әзірлігі сөз
болады» /1,126/, – деп романның мазмұнын байыптай-
ды. Зерттеуші жалшылықпен қор өмір кешкен Сатанды,
қанаушы саудагерге еріксіз қосылған Нәзипаны, паро-
ходта істейтін жұмысшылар Мардан, Мәмбеттерді ро-
манда қоғамдық тартыс үстінде көрінетін негізгі кейіп-
керлер қатарында танытады. Зерттеуші роман кейіпкері
Сатанды қалыптасу үстінде көрсетудегі олқылықтарға
ой жүгіртеді. «Соңғы тарауда еңбек еткісі келіп жүр-
ген, қайрат-қуаты мол Сатан анда-санда бір-ақ көрі-
неді»/1,28/. Сондай-ақ, романда кісі ақысын жеуді кәсіп
еткен «қу тұяқ саудагер» , Сатанның қожасы Шалматай
романда нанымды бейнеленгенмен, «кісі өлімі бола-
тын тартысқа бұл да көп араласпайды»/1,28/. Зерттеуші
Шалматай бейнесіне байланысты бірталай кемшілік-
терді көрсетеді. Олардың бастысы-Шалматай бейнесін
жасаудағы жетімсіздік. Ал,
романдағы шыққан тегі
мықты Мысық қажының қызы Нәзипа Шалматайға
«ата аруағынан аса алмай» тоқал болып келгенмен, өзге
қазақ қыздарындай тағдырына бас ұрмайды, «татар мұ-
ғалім Фазылды сүйеді»/1,129/. Зерттеуші Дәукен сияқ-
ты құбылма типтерді типтерді де, Мардан, Мәмбеттер
сияқты орыс жұмысшыларымен бірігіп, санасы ояна
бастаған жұмысшыларды да әрекет, тартыс үстінде су-
реттейді. Дегенмен, жазушы «оларды нысаналы жеріне
жеткізбей орта жолда қалдырып қояды»/1,132/. М. Дүй-
сенов романның кемшіліктеріне көз жеткізе отырып,
адам портретін суреттеудегі өткір метафоралар мен
теңеулерге, автордың өзіне тән сарказмге толы тіліне
назар аударады. «Жаңа туа бастаған прозаның күрделі
түрінің алғашқы тәжірибелеріндегі кейбір кемшіліктер
96
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
97
тек қана «Жолдастар» романына ғана тән құбылыс емес,
бұл, негізінен, сол жылдардағы қазақ прозасының ро-
ман жанрындағы ортақ кемшілігі деуге болады»/1,133/,
– деп пікір түйгенімен, І. Жансүгіровтің роман жанрын-
дағы мол жоққа шығармайды.
«Жолдастар» романын зерттеушілердің бірі – Мұ-
ратбек Иманғазинов. Ол «Жолдастар» романының
поэтикасы» деген еңбегінде көбіне қазақ даласына
енген сауда капиталының көріністері Шалматайдың,
оның тізесі батқан Тәжи, Сатан сияқты кейіпкерлердің
іс-әрекеттері арқылы
бейнеленетіндігін қарастыра-
ды/2,141/. Зерттеуші жазушының Сатанды «байдың
малын ұрлады» деп ұрлыққа қимайтынын, Тәуке батыр
мен Самалықтардың «қарақшылықтарын» да «елдің
қамы үшін» деп санайтындығын дұрыс айқындайды.
Жазушының роман кейіпкерлерінің сол кезеңде қазақ
даласына еніп жатқан «жаңалықтардың» жақсы-жама-
нын айыра алмай өрескел қателіктерге бой алдыруын
нанымды суреттегенін шынайы бағалайды. Алайда, М.
Иманғазинов та «кейіпкерлердің көбісі эпизодтық қана
роль атқарып, образ дәрежесіне жете алмай қалғанын»
көрсетеді/2,158/. Зерттеуші еңбегінде романда бей-
неленетін халықтық ғұрып ерекшеліктеріне, пейзаж-
дық суреттеулердегі тіл шеберлігіне нақты мысалдар
келтіреді. Жазушының «қазақ ауылының жайма-шуақ
жатқан кешкі уақыттағы сырт көрінісін» панорамалық
пейзажбен суреттеудегі сәтті детальдарды айғақтайды.
Зерттеуші М. Иманғазинов академик М. Қаратаевтың:
«І. Жансүгіров мұнда өмірдің, қазақ әдебиетінде бұрын
мүлде көтерілмеген, тіпті
тың жатқан салаларын қоз-
ғады. Мысалы, қала өмірі-1916 жылғы майданға алын-
ған қазақтардың қара жұмыстардағы істеген хал-жайы,
өндірісте, құрылыста, пароход пристанында жұмыс іс-
теген қазақ еңбекшілерінің күші бұрын әдебиетте мүл-
де сөз болмаған»/2,164/, – деген пікіріне сүйеніп, «сол
тұстағы жұмысшылардың таптық санасының өсу жол-
дарын» реалистікпен баяндаған шығарма қатарында
танытады. Әрине, «Жолдастар» романы «қазіргі әде-
биет әлеміне қоғам өмірінде болып өткен қыруар құбы-
лыстарды эпопеялық үлгіде көрсете алатын шығарма»
болмағанмен, кейінгі ұрпақ тарихқа айналған тағдыры-
мыздың ақиқаты туралы көркем мағлұмат ала алатын
«алтын архивімізге» айналары хақ.
Ал, Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романының
баяндау жүйесіне көз жүгіртер болсақ, ең алдымен
оның сыртқы құрылысынан да, ішкі мазмұнынан да
фольклорлық негіз аңғарылады. Роман тараулары өлең-
мен басталады, тіпті өлең араласып отырады. Мысалы:
«Мардан Ертістегі өздері айтып жүретін жүкшілердің
жырына ыңырсиды: «Ертіс, Ертіс енеміз, Елден аңсап,
келеміз, Жаздай өлең айтамыз, Күз
жалаңаш қайта-
мыз...»/3,235/,-деген өлең жолдары жұмбақ өлеңдердің
мақамына ұқсағанмен, сауда капиталы тығырыққа тіре-
ген сол кездегі жұмысшының хал-күйін жеткізеді. Ро-
манның «Бастау» аталатын бірінші тарауындағы пейзаж
да сол тұстағы қазақ ауылының типтік бейнесін айқын
кестелейді: «Жазғы түн. Кедей ауылдың ешкі лағы қо-
расында бір уыс қана болып ұйысып жатыр. Көкке той-
ған соң қара тіл болып көк жалаған сиырлар қазыққа
байлаулы күйінде ыңқ-ыңқ етеді. Бірлі-жарым шолақ
кісенін сылдыратып, ауылдың артындағы өзекте оттай-
ды. Тәжидің көк құнаны да соның ішінде. Ит үрмей,
қоңыз ұшпай, түн тып-тыныш бола қалған бір мезгіл
еді»/3,15/. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін-
98
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
99
де тұтастай қазақ ауылының экономикалық тіршілігі
көрініс тапса, Ілияс романында өзі нысанаға алған ке-
дей ауылының сипаты ерекшеленеді. Бұнда да фольк-
лорлық тәсілдер қолданылады. Мысалы, «бір уыс қана
болып ұйысып жатқан ешкі-лақ»
кедей ауылдың жұ-
таңдығын тым кішірейте суреттеу-литота үлгісі болып
табылады. Кедей ауылдың жылқысы көп емес екенін,
олардың сықпытын да жазушы «шолақ» деген синек-
доха арқылы нақты бейнелейді. Осы тұста ақын Ілияс
жазғы түннің тылсым бір сәт тыныштығын ырғаққа,
дыбыстар үндестігіне құрылған бір сөйлем бойына
шеберлікпен сыйғызады. Соңғы сөйлемде «үр»-«ұш»-
«ыз»-«ыш» дыбыстарымен қоса «мей»-«пай»-«түн»-«-
тын» де үндестікке құрылғаны айқындалады.
Міне, осындай тілдік-образдық сипаттарына қараған-
да І. Жансүгіровтің «Жолдастар» романы өз тұсындағы
кемшіліктеріне қарамастан, поэтикалық ерекшеліктер-
ге бай көркемдік нысаны болып табылады. Сондықтан,
І. Жансүгіровтің ақындық, фольклорлық дәстүрге бай
«Жолдастар» романының предметтік-образдық жүйесі
терең мәтіндік байыптауларды қажет ететіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: