110
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
111
лиев оқулығының соны бір сипаты десе болады. Ке-
ңестік жүйе тұсындағы зерттеушілерді айпағанның
өзінде, бүгінгі тәуелсіздік туы желбіреп тұрған шақта
да, шешендік сөздерді фольклорға телушілер кездеседі.
Ғалым ондай пікірлерге: «Халқымыздың даналығы мен
саналылығының айқын көрінісі,
оның бай ауыз әде-
биеті десек, оның ең алғашқы туғызушысы да, жетіле
жырлап, талай ғасырлардан аман алып шығып, кейінгі
ұрпақтың қолына аман табыс етушісі де жезтаңдай жы-
раулар мен адуын ақпа ақындар» (1,11), – деп уәж айта-
ды. Әрине, бұл фольклорға авторлығы ауызша сақтал-
ған (Сыпыра, Қазтуғандардан бастап, бергі Махамбет,
Жамбыл, Кенен, Исаға дейінгі ақын-жыраулардың және
би-шешендердің ) «көрпесін» жабу емес. Рас, М.Әуезов
пен С.Сейфуллин шешендік сөз нұсқаларының билер
сөзі екенін айтқан . М. Әуезов «Әдебиет тарихы» (1927)
атты еңбегінде ауызша әдебиет түрлерін («Билер айты-
сы», «Зар заман ақындары») көрсете отырып, оларды
фольклор қатарында қарастырады. Бұл, әрине, ауызша
әдебиет терминінің сол саяси кезеңге тән қайшылықты
қыры.(4, 3). Демек, бүгінгі күні де айтарымыз – келер
ұрпаққа фольклор мен авторлығы ауызша сақталған
әдебиеттің ара жігін ашып танытуда Х.Сүйіншәлиев
оқулығын өнеге ете білудің қажеттігі.
Ендігі айтпағымыз, Х.Сүйіншәлиевтің аталмыш
оқулығының «XVIII ғасыр әдебиеті»
тарауына енген
би-шешендер шығармашылығы туралы зерттеулерінің
мән-маңызы хақында болмақ. Әрине, әдебиет тарихын
зерттеуші XVIII ғасырдағы қазақ шешендік өнерінің
даму, гүлдену кезеңдерін күрделі тарихи оқиғалармен
сабақтастырады. Оқулық авторы қазақтар мен жоң-
ғарлар арасындағы ұзаққа созылған жойқын соғыстар
жайын баяндауда тарихшылар мәліметтеріне сүйенеді.
Сол қиын-қыстау кезеңде қазақ хандығының саяси
өмірінде ерекше орын алған би-шешендердің қоғамдық
қызметін дәріптейді. Ғалым қазақ би-шешендерінің ел
басына қысылтаяң кез туғанда, алауыздыққа жол бер-
мей, қазақ хандығын билеу ісін қолға алып, елдікті
сақтап қалғандығын, ел ішіндегі телі мен тентекті жөн-
ге салып, ел мен жер, жесір, құн дауларын әділ шеш-
кендігін жеріне жеткізе түсіндіреді. Зерттеуші би-ше-
шендердің көркем сөз мұраларын: «Олар халқымыздың
ұлттық әдебиетінің өзіндік бетін танытатын, өзге елдер
өнерінен өзгешелейтін таза, төл туындылар» /1,312/, –
деп бағалайды. Бұған қоса, ғалымның: «Асылы, кейін
зерттеу жұмыстары жолға қойылған кезде, біз қазақ ше-
шендері мен билері өнерінің тарихын өзіне бөлек жасап,
оны дербес ғылым дәрежесіне көтеруге тиіспіз./1,313/,
– деп зерттеу көздеріне ашық бағыт сілтеуі де тыным-
сыз ізденімпаздығының,
ғалымдық қырағылығының
айғағы. Әйтсе де, ғалымның біраз ой-арманы бүгінде
іске асырылуда десек те болады.
Олай болса, Х. Сүйіншәлиев елдің үш арысы атанған
Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шығармашылығын сөз
еткенде, олардың шешендік өнерінің қандай ерекшелік-
терін тап басып таныта алды, қандай жаңаша тұжы-
рымдар ұсынады деген мәселеге ойыспақпыз. Оқулық
авторы әйгілі үш бидің шешендік өнерінің өрістеуіне
олар өмір сүрген замандағы ел басына төнген қауіп-
қатер, ішкі-сыртқы қоғамдық жағдай,
дау-дамайлар
түрткі болғанын көрсетеді және би-шешендер аралас-
қан оқиғалардың тарихилығын дәйектейді. Мысалы,
Төле Әлібекұлы (1663-1756) жайында: «Қазақтың тө-
реші, әрқашан әділ төбе биі. Тәуке ханның тұсында