Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
119
лық категория – жанр өз структурасында көркемдік да-
мудың бұрынғы байлығын сақтай отырып, әрбір жаңа
шығармада соны сипатта көрінеді»/1,8/, – дейді.
Драматургия жанрларының трагедия, комедия, драма
болып бөлінетіні белгілі. Аталған еңбекте ғалым олар-
дың әрқайсысын жанрлық түрлерге жіктеп зерттейді.
Трагедияның жанрлық түрлері: эпикалық трагедия,
адамгершілік-тұрмыстық трагедия, тарихи трагедия;
Комедия: сатиралық комедия және лирикалық комедия;
Драма: қаһармандық драма, саяси-әлеуметтік драма,
ғұмырнамалық драма, қазіргі драма. Бұлар біз сөз етіп
отырған «Драма өнері» зерттеуінің мазмұнын құрай-
ды. Дегенмен, біздің мақсатымыз бұлардың баршасын
шолу емес, белгілі ғалым Р. Нұрғалидың драматургия
жанрларының жүйесін зерттеудегі тың әдістерін па-
йымдау болып табылады.
Зерттеуші Р. Нұрғали М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек»
эпикалық трагедиясының халық аңызына құрылуын
Гетенің «Фауст» трагедиясы сюжетінің халық әдебиеті-
нен, ал Шекспир пьесаларының сюжеті басқа авторлар
шығармаларынан алынуымен қатар қояды. Бұл жай-
ды зерттеуші жай ғана салыстырудан аулақ. Шекспир
шығармаларын зерттеушілердің еңбегіне үңіліп: «Зерт-
теушілер трагедия («Отеллоны» айтып отыр. – Р.Ә.)
сюжеті жазушы Джиральди Чинтионың новелласы сю-
жетін қайталайтынын көрсетіп отыр. Тіпті ұсақ деталь
ұқсастықтары да бар екен. Бірақ байыпты үңілген адам
екі шығарманың арасында жер мен көктей айырмашы-
лық бар екенін көреді.»/1,23/, – деп, әрі қарай өзі қыра-
ғылықпен таныған өзгешелікті екшейді. Бұдан Р. Нұр-
ғали зерттеуінің компаративистік бағыты да танылады.
«Еңлік-Кебек» пьесасының жанрлық ерекшеліктерін
анықтау үшін зерттеуші оған негіз болған аттас аңыз-
дың екі әңгіме, екі поэма түріндегі нұсқаларындағы
ауытқулар мен ұқсастықтарды, тұрақты детальдарды
анықтап алуға да көп күш сарқады. Сонымен қоса,
«Еңлік-Кебектің» 1917, 1922, 1943, 1956, 1956 жылдар-
дағы жазба нұсқаларын салыстырып, текстологиялық
талдаулар жүргізеді. Пьесаның әр кезеңдеріндегі сах-
налық қойылымдары мен оған айтылған сындарды ой
елегінен өткізіп, сахна шеберлігі жайында соны пікір-
лер өрбітеді. Ұлы М. Әуезовтің сол кезеңдегі «Еңлік-
Кебекке» қатысты шығармашылық тағдырын ашына
сөз етеді.
Әрине, трагедия жанрының ерекшеліктері трагедия-
лық қаһарман мен трагедиялық тартыстан тыс бола ал-
майды. Абыз, Есен, Еңлік, Кебек сияқты қаһармандар
характері қақтығыста ашылады. Зерттеуші: «Тартысты
үсті-үстіне ширықтыру, психологиялық кризиске жаңа
түрткі беру, сөйтіп қаһармандар келбетін кескіндеу реа-
листік драматургияға етене нәрсе»/1,28/, – деп түйіп,
әлем драматургиясындағы характерлердің реалистік
тәсілмен сомдалатынына көз жеткізеді.
Трагедиядағы тартыстың басы – Есен-Еңлік-Кебек
линиясындағы конфликт қана емес, соны сылтау еткен
екі ру арасындағы ежелден келе жатқан алауыздық –ру
тартысы. Бұның салдарын зерттеуші: «Бір орталыққа
бағынбаған, әрқайсысы өзінің ұсақ мүддесін қызғыш-
тай қорыған рулар арасындағы жұлқыс – феодалдық
қоғамның негізгі қайшылығынан туатын үлке трагедия-
лардың бірі»/1,31/ – деп көрсетеді. Шынында, эпика-
лық трагедиядағы тартыстың шиеленіскен тұсы – екі ру
билерінің бет-бетпе бет келіп шарпысуы. Билер сахна-
120
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
121
сының көркемдік қуаты ересен зор, «деміңізді ішіңізге
тартқан жітілікпен қадағалайсыз»/1,32/. Зерттеуші М.
Әуезовтің Кеңгірбай, Еспембет, Көбей, Қараменде би
характерлерін берудегі жасандылықтан ада шеберлік-
терін, пьесадағы Есен, Еңлік, Кебек, Абыз бейнелерін-
дегі жан-жақтылықты да терең талдайды. Тартысқа
түскен билердің ішкі-сыртқы әрекеттерін, олардың
шешендігін, билер сахнасының полифониялық сипа-
тын саралайды. Ызғарлы, суық Кеңгірбай, содырлы
Еспембет, майысқақ Көбей, сұңғыла Қараменде харак-
терлері сахналық өнердің сан қилы шеберліктерімен
тұтастықта ашылатынына көз жеткізеді: «Характердің
толық ашылып, тұтас көрініс беруіне ситуация, драма-
лық жағдай әсер етсе, екінші жағынан ол ситуацияның
жаңаруына, басқаша қалыпқа түсуіне өз тарапынан
ықпал жасайтын күш – характер.Әсіресе, драматургия
жанрына хас бұл заңдылық «Еңлік –Кебек» трагедия-
сында айрықша көрінеді»/1,37/, – дейді зерттеу авторы.
Сахналық әрекетке толы билер тартысының ширығып
шегіне жеткен тұсын ол: «Өз күшігін өзі жеген қас-
қыр іспеттес билердің ырғасып-ырғасып ақыры тапқан
жолдары – Еңлік пен Кебекті өлтіру. Сол сұмдық өлімді
өз қолымен орындаушы – Еспембет»/1,37/, – деп көр-
сетеді. Кебектің Еспенбетті атпауын зерттеуші жендет
Еспенбеттердің жеңілмейтіндігімен түсіндіріп: «Эсте-
тикалық, идеялық жүк арқаламаған өлім шығарманаң
көркемдік қуатын әлсіретеді»/1,37/, – дейді. Ал, соңғы
актідегі Кебек қолынан қаза тапқан Есен өлімі де, зерт-
теушінің түсіндіруінше, оның барлық ұтылыстарының,
жер соғып қалуларының заңды қорытындысы, күйреуі
/1,37.
Қазақ драматургиясының жанрлық белгілерінің қа-
тарына оның халықтық дәстүрлермен байланысын
жатқызуға болады. Мәселен, пьесадағы «Абыз – ха-
лық арманын, қасиетті идеяны арқалаушы жан»/1, 42/.
Абыз Кебекке ағынан жарылып халықтық дәстүрде
бата береді. Зерттеуші Р. Нұрғали Абыз монологтарын-
дағы «халық», «ел» деген лейтмотивтерді Шекспир,
Островский, Тренев драмаларындағы жеке сөз лейт-
мотивтерінің көркемдік қызметімен салыстыра қарай-
ды. Сондай-ақ, Әуезов пьесасындағы Жапал бейнесін
фольклордағы типтік кейіпкерлермен сәйкестікте қа-
растырады.
Көрнекті әдебиеттанушы, дарынды тұлға Р. Нұрғали
ғылыми еңбектерінің қай-қайсысынан көп қырлы та-
лантын көруге болады. Соның бірі – білімір шешендігі.
Ауызша есіліп сөйлейтін білімпаздың, жазғанда да ар-
ғымақша көсілетініне ешкім шүбә келтіре алмас дейміз.
Соның дәлеліндей, біз сөз етіп отырған «Еңлік-Кебек»
трагедиясы жайлы зерттеуінде Еңлік – Есен арасында-
ғы күрделі психологиялық сәтті: «Қыз жүрегі тулап тұр.
Қызылға шүйліккен құзғындай Есен тұр әлгі. Тұра ұм-
тылса, оның қолынан қорғансыз қызды кім алар. Ара-
шалар дос қайда. Паналайтын тұс қайсы. Үйден шыға
алмай шөгіп қалған қарт әке ме. Бойы дір еткендей.
Жабы болып жерге қарап өске жоқ Еңлік. Келер сөздің
кезегін жібермейді ешкімге, тайқи соқты деп Есеннің
өзі де айта алмас. Алдағы күннің не дайындап тұрға-
нын көріп алар»/1,26/,- деген талдауында теңеу, инвер-
сия, риторикалық сауал, буын үндестігі, драма тіліне
тән ырғақ та бар ма дерсің, бірақ соның бәрі оқырман-
ды өзіне баурап қана қоймай, ситуацияның түпкі мәнін
122
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
123
ашуға ғана қызмет етеді. Сондықтан сыншы ғалымның
сыршыл стилі әдеби талдауларына көрік қосары анық.
Біз көрнекті әдебиет зерттеушісі Р. Нұрғалидың
жанрлық жүйеге қатысты теориялық тұжырымдарын,
зерттеудегі ғылыми ұстанымдары мен жаңа бағытта-
рын «Еңлік-Кебек» эпикалық трагедиясы бойынша жа-
зылған еңбегі негізінде тұжырымдадық.
Достарыңызбен бөлісу: |