Пайдаланылған әдебиет:
Рымғали Нұрғали. Драма өнері. Алматы: «Санат» баспа-
сы, 2001. 480 бет
бұла бастау. тың толғамдар
Қ
азақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті
әдебиет сыншысы, Халықаралық жоғары мектеп
ғылым академиясының Құрметті академигі, Еларалық
қоғамдық Айтматов академиясының академигі, Қазақс-
тан Жазушылар Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы
сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, фи-
лология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фара-
би атындағы ҚазҰУ-дің құрметті кафедра меңгерушісі,
белгілі жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 85 жасқа толу
мерейтойы қарсаңында оның шәкірті профессор Қани-
паш Мәдібайдың «Тұрсынбек Кәкішұлы – сәкентану-
шы» атты студенттерге арналған көмекші оқу құралын
қолыма қайта-қайта алып, толқи тебірендім. (Еңбек
2007 жылы Т. Кәкішұлының 80 жасқа толу мерейтойы
қарсаңында жарық көрген екен) Мені толғантқан уақыт-
тың озғаны емес, бүгінде барша қазақтың ұстазына, ұс-
таздардың ұстазына айналған, ұлт руханиятының қор-
ғаушысы атанған ұстазымыз Тұрсынбек Кәкішұлының
ғылыми еңбектерінің өзі түлеп ұшқан және өзі қырық
бес жылға жуық табан аудармай еңбек етіп келе жатқан
әл-Фараби университетінде қазақ әдебиетінің тарихы
мен сыны бойынша оқытылатын пәндерде көп оқулық-
тардың қатарында пайдаланылып қана қоймайтынды-
ғы, болашақ кәкішұлытану курсының іргесі қаланатын-
дығы – бұла бастаудың көзі ашылғандығы. «Тұрсынбек
Кәкішұлы – сәкентанушы» деген атпен жарық көріп,
124
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
125
көмекші оқу құралы ретінде қолданылуға лайық шағын
еңбектің жазылуы сондай нышанның белгісі болса ке-
рек. Бұл көмекші оқу құралының жазылуына факультет
басшысының мұрындық болғаны және оны ұстаздың өз
шәкіртінің оған деген ыстық ықыласпен жазып шығуы
тағы да көңіл қуантады. Әдетте жеке ғылыми мектеп ір-
гетасы қалануына бұйрық жүрмейді. Ол ғылыми орта-
да рухани ордаға өз-өзінен айналады. Бұл – кез-келген
ғалымның маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Әйтсе
де, бұндай несібе Тұрсынбек Кәкішұлының маңдайы-
на тегіннен тегін бұйырған жоқ, ол ғылымның «тар
жол, тайғақ кешулерінен» өтті. Міне, бұла бастаудай
шағын еңбекте автор осы жайды ғылыми негізде тың
толғамдармен тарқатады.
Өзі де бүгін ұстаз, ғалым атанып, әдебиет сыншы-
сы ретінде танылып, ұстазымен бірге бір факультет
қабырғасында еңбек етіп жүрсе де, ұстазы Тұрсынбек
Кәкішұлын әріптес деуге аузы бармайтын, кеше де,
бүгін де өзін оның алдында шәкірт сезініп именіп жү-
ретін Қанипаш Мәдібай оның көп қасиеттерін таны-
ғандығын, одан өзі де ғибрат алғандығын аңғартады.
«Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының жоқты із-
деп, барды түгендеп, толықтырумен келе жатқан ғылы-
ми дағдысы, еңбекшіл қасиеті көпке мәлім» (1, 5)-дейді.
Еңбек авторы Тұрсынбек Кәкішұлының ғалымдық кел-
бетінің алғашқы нобайын осылай сызғанмен, оны қара-
пайым, момақан еңбек торысы деуден аулақ. Өйткені,
өзіміз алдынан өткен ұстазымыз расында да, еңбек ав-
торы айтқандай, «ұлы мінезді ұлтына ұқсап туған ұл»(
1,5) екені белгілі. Өйткені, оның «көлгірсіп сөйлеуді
көтермейтін, жалпақтап, жарамсақтануға жақын жүре
алмайтын»(1,5) өзгеден оқшау қасиетті қазақы мінезі
бар. Оны «тар жол, тайғақ кешулерге» салған да осы
қасиеті болса керек.
Қазақ әдебиеттануында алаш әдебиетінің алып тұл-
ғасы Сәкен Сейфуллин жайлы жазылған мақала, зерт-
теулер аз емес, алайда автор еңбегінде сонау бала кез-
ден есімін ерекше сезіммен жүрегіне сақтаған қызыл
сұңқар, ақын Сәкенге әрдайым ынтық болған, Сәкеннің
қайраткерлік ғұмыры мен суреткерлік әлеміне том-том
кітаптар жазған бірегей сәкентанушыны тұлғалауды
мақсат етеді (1,5).
Жасы ұлғайса да, уақыт көшінен қалмай, тынымсыз
ізденісін тоқтатпаған жанкешті ғалымның зерттеу-
лері жөнінде автор: «Тұрсынбек Кәкішұлының соңғы
зерттеулері XX ғасыр басындағы аласапыран уақыт-
тың ақиқатына қайта оралуымен ерекшеленеді.» (1,6)
-дейді. Сөйтіп, Т. Кәкішұлының жаңа замандағы сә-
кентануын 3 кезеңге бөліп қарастырады. Белгілі зерт-
теуші Қ. Мәдібайдың пайымдауынша, бірінші кезең
ақын Сәкеннің азаматтық, төңкерісшіл тұлғасын ашу
болса, екінші кезеңі С. Сейфуллиннің тарихи тұлғасын
ол ақталғаннан кейін түскен көлеңкелерден арылту жо-
лындағы арпалысқан ізденістері, үшіншісі – XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті тарихы тұтастай ғылыми ай-
налымға қосылған соңғы 20 жыл (1,6). Зерттеуші: «Өт-
кен мен бүгіннің халық тағдыры жалғап жатқан, ұлттың
рухани өзегі жатқан тарихи арқауын шорт кесіп тастау
дейтін тарихи қателіктерге тағы да тұсалып қалмаудың
таңдау сәті туғанда бүкіл ғұмырын қазақ өркениетін
өрге тартуға бағыштап келе жатқан жүрегі ояу, зер-
десі зерек, бүгінде ұлт үлкені дейтін құрметі бар Тұр-
сынбек Кәкішұлы арғы-бергіден тартып келе жатқан,
мейлінше толығып, орныққан ой-толғамдарын тағы
126
МС
Достарыңызбен бөлісу: |