Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
43
генмен, кейіпкердің сырт тұлғасының сипатталуынан-ақ 
тыңдаушы оның ішкі құлқының қандай екенін жорамал-
дайды. «Қыз Жібек» жырында типтік сипаттағы сұлудың 
қандай болатындығы Жібектің идеал образы арқылы су-
реттеледі. Оның сырт бейнесі қыз жанының рухани та-
залығымен сәйкестендіріледі. Сұлу осындай болу керек 
деген халық танымы мен түсінігі идеал образдың жан 
әлемінен қайшылық іздемейді, оның мінезіне көркі сай 
екені жорамал ретінде сездіріледі. Жырда бірінші қыз:«-
Шытырма көйлек үстінде, Нұр сәулесі бетінде Бұралып 
кетіп барады»/4, 24/, – деп суреттелсе, үшіншісі: «Отыз 
түйе жетелеп, Сары мая үлектеп, Мұрындығы сары жез, 
Бұйдасын ескен жібектен.
Толған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып, Бұра-
лып кетіп барады»/4,24/, – деп мүсінделеді. Ал, Жібекті 
тапқан шешесінің сұлулығы былай пішінделеді: «Асыл-
дай болып есіліп, Нұрдай болып шешіліп, Ақ маңда-
йы жарқылдап, Танадай көзі жалтырап, Алтынды кебіс 
сартылдап, Көшті тартып барады, Жібектің тапқан ше-
шесі» /4,24/. Бұл мысалдарда жыршы «шытырма көйлек 
үстінде» немесе «алтынды кебіс сартылдап» деп қыздар-
дың киген киім-кешектерінің материалдық негіздерін 
сипаттап қана қоймай, олардың жетегіндегі сары маяны 
да зат-дүниелік, сән мағыналарын беретін мәдени-мате-
риалдық таңбалар арқылы суреттеп, этнографиялық мі-
нездеме береді. 
Енді Жібектің сұлулығын сипаттайтын портреттік
элементтер екінші кейіпкер – оған ынтызар Төлегеннің 
әсері, көзқарасымен бейнеленеді. Суреттелуші құбылыс-
тың эстетикалық әсері одан әрі арта түседі. Бұдан жыр-
шы-автордың субъективациясы кейіпкер қабылдауымен 
бірлесіп кеткендігін аңғаруға болады. Бұл тұста қазіргі 
жазба әдебиеттегі ортақ төл сөз үлгісіндегі стилисти-
калық тәсіл бастаулары да қылаң береді. «Қыз Жібекті 
Төлеген Ақылы менен танып тұр. Көз мейірі қанып тұр. 
Бейіштен жанған шамшырақ, Көзі ойнап жанып тұр. 
Белі нәзік талып тұр, Тартқан сымнан жіңішке, Үзіліп 
кетпей неғып тұр» /4,24/. Жырда Жібектің жекелік порт-
реті жыршы симпатиясымен былайша дараланады: «Қыз 
Жібектің ақтығы, Наурыздың ақша қарындай, Ақ бетінің 
қызылы Ақ тауықтың қанындай. Екі бетінің ажары, Жаз-
ғы түскен сағымдай /4,24/.
Көш бойындағы Жібекке дейінгі он бір қыздың сұлу-
лығын салыстыра сипаттау амалы градацияға ұласады. 
Қыз Жібекті махаббаттың піріне балап асқақтата, та-
бына бейнелеген жыр ырғағында романтикалық, пате-
тикалық леп, сұлулар портретін бейнелеудегі күрделі 
теңеулер арқылы жасалған градация мен метафоризм 
фольклорлық дәстүрді айқындайды. Алайда,бірінші қыз 
бен үшінші қызды суреттеудегі «толықсып», «бұлық-
сып», «бұралып» деген бірыңғай қимыл-сын пысық-
тауыштардың «кетіп барады» деген күрделі нақ осы 
шақтағы етістікпен тіркесуі ашық та, жасырын да тір-
кесуі қозғалыс үстіндегі сырт сымбат, кескін-келбетті 
аңғартатын, Қыз Жібектің шешесін мүсіндеудегі града-
цияның қимыл-сын пысықтауыштан жасалуы да оның 
бет-пішін, дене бітіміне сай әсем грация – қимыл-қоз-
ғалыс сапаларының жанды құбылыстарын бедерлейтін 
динамизм нышандары ғана деуге болады. Сондай-ақ
«танадай көзі жалтырап» деген портреттік сегменттегі 
«көзге» қатысты теңеудің белгісі «жалтырап» деген бей-
нелеуіш сөзден жасалған көсемше тұлғалы етістік қана 
емес, «бейіштен жанған шамшыраққа» баланған көздің 
«ойнап жанып тұр» деп нақ осы шақтағы күрделі етістік 
арқылы сипатталуы экспрессивті-эмоционалды мағына 
бергенмен, сұлу жар, асыл ана образы жырдың баяндау 


44
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет