Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет72/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
251
дарды суырып ала алмаса, жай тентектік істеп, таяқпен 
шұқып: «Шоқисыңдар ма?» деп үрейлерін ұшыратын. 
Сонда оның беті ашудан қызарып кететін. Егер Колька 
шайыр үшін басқа бір нәрсе төлей алса, оған әлгі құсты 
ешқашан көрсетпеген болар еді. Бірақ не істейсің, ауыл 
маңында қарағайлы орман да жоқ. Әкесі екеуі іздеп те 
көрген, кездеспеді. Сонда әкесі Кольканың түкке тұр-
майтын нәрсені іздеп әуреленгеніне қатты ренжіді.
Орманға барған олар олжалы болды. Өйткені Колька 
үлкендігі қарғадай бір құсты тауып алды. Тұмсығы да 
жалпақ, темірден соққан тәрізді, қанаттары да үлкен, 
тек қана ұшпайды, әлі кішкентай, өскенде бүркіт сияқ-
ты үп-үлкен болады.. Тіпті күштілігі сондай Колканы 
қанаттарына отырғызып алып, орман таулардың ар жа-
ғына жеті дарияға апарады... Иә, ол үшін жақсы қарап, 
жас шағынан қолға үйретіп, әлпештеп бағу керек. Сон-
да ол өскен кезде еңбегіңді жүз есе қайырады деген 
әкесі. Өйткені, крук (кәдімгіқарңа тұқымдас құс, бірақ 
бұл атауы сирек қолданылады) –жергілікті құс емес.. 
Бұрын соңды болып көрмеген, тіпті бұл өлкеге қалай 
келгенін де түсініе алмайсың. Жаңғақ ағашының түбін-
де отырған Колька құсты бірінші болып көрді. «Папа, 
анау қарғаны қараңыз» деп саусағын шошайтты. Олар 
жақындап келгенде де, құс ұшқан жоқ. Балдақ таянып 
тұрған сияқты, жайған қанаттарына сүйене, жартылай 
жабық көзімен қарағаны қандай аянышты. Әкесі оған 
иіліп келіп, сипап еді, ұшпады. «Е, Колька, бұл тіптен 
де қарға емес,-деді ол.-
Бұл-крук, тек кішкентайы және бұл жерге қайдан 
келген? Мұны үйге алып жүр, жақсы қоректендіріп
баға біл, қандай болатынын сонда көресің».
Колька аздап қорықса да, құсты қолына алды. Қан-
дай ыстық еді. Шыныда да бұрын соңды болмаған құс 
екенін сезді. Құстың қанаттары Кольканың алақанын 
ысытып жіберді. Ол үрейленгенмен, қасында әкесі бол-
ған соң қорыққан жоқ. Кішкентай құстың ыстық де-
несін кеудесіне қысып әкеле жатқанда, оның жылуынан 
өз бойына қандай да бір қуат пайда болғанын сезінді.
«Папа, сонда ол қаншалықты өсетін болады?» – деп 
Колька алға жүгіріп шығып әкесінің көздеріне қарады. 
«Құстар тез өседі».
Олар үйге ене бергені сол еді, шешесі қарсы шыға 
келді: «Екеуің мойынымда отырғандарың аздай, енді 
қарға алып келіпсіңдер!» «Мама, бұл қарға емес, крук,-
тек кішкентай, өсіңкіресің, жарай ма?» «Көзін жоғалт 
әрі! Қайда апарсаң сонда апар, үйге әкелме». 
«Мама бұл круктың балапаны ғой?..»
«Сен оны көбірек тыңдай түс, жоқтан өзгені айтсын» 
деп ашуланған шешесі тіпті құсқа қараған да жоқ.
Сосын Колька сарайға келді де, картонжәшіктің әр-
түрлі қалдықтарын жинап орын жасады. Оған крукты 
отырғызып, алдына бидай шашып, ыдыспен су қой-
ды. Бірақ, круктың ішкісі де, жегісі келмеді. Мүмкі, 
кішкентай балапан болғандықтан шығар, мүмкін бас-
қа бір нәрсені жеп үйренген шығар. Неге десең, крук-
жергілікті құс емес. Мына жәшік те жақында оған тар 
бола бастайтын шығар деп ойлады Колька тағыда. Ше-
шесі бұның қандай құс екенін көрсін сонда...
Ол осы ойларымен әруақта сарайға кіріп, крукқа 
қарайтын да, өздерінде осындай құс тұратынына сен-
бейтін секілді. Шіркін! Колька оны біреуге көрсетіп 
мақтанғысы-ақ келеді. Бірақ, әкесі біреуге көрсетудің 
керегі жоқ; бұл қайдағы бір торғай емес қой деген.


252
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
253
Әкесі күнде аулада скрипка ойнайды. Колька соның 
сүйкімді бір жақсы музыкасын ұнатушы еді. Олар-
дың ауылында скрипка өзге ешкімде жоқ еді ғой: ақсак 
Майсақ та сырнайда ойнайтын, біреудің үйлену тойы 
немесе қандай да бір мейрам болғанда ағайынды Коме-
диялар қолдарында сырнайы болмаса да, сөзбен айтып, 
дабыл соғатын. Ал скрипканы жұрт тек кинодан ғана 
көруші еді.
Колька енді үй жанынан ұзамай, ылғи әкесінің қасын-
да айналшақтап жүретін болды. Бұрын ол жақта кешке 
дейін көше кезіп кететін немесе тоғанға көгергенше шо-
мылатын. Бірде Колька шомылудан кейін үйіне жүгіріп 
келе жатқанда, кенет оған Джус жолыға қалды да: «Ше-
шең саған тағы да әке тауып әкеліпті, өзі Мизоновка-
дан дейді. Жалғыз емес скрипкасымен келіпті» деп қи-
қылдап күлді. Сонда Кольканың кеудесі қысылғандай 
болып, қуанар -қуанбасын білмей, аулаға кірді де, те-
рек түбінде тоқтап қалды (ауыл бойынша жалғыз терек 
бұлардыңауласында өсетін). Скрипканы көруге асықса 
да, үйге кіруге батпады. Осылай тұра берді, тұра берді. 
Үйде нәзік те көңілді музыка естілгенде ғана кірді. Жү-
рексінетін дәнеңе де жоқ еді. Стол басында Микитенко 
ағай мен Христа әжей, жаңа , гүлді орамал жамылып 
шешесі отыр екен және... Ол орындығымен бөлменің 
ортасына жылжып отырып, скрипкасын иегінің астына 
қысып алдыды да, одан қарлығыңқыраған нәзік дауыс 
шығарды. Кольканы көргенде, ұялғандай болып, скрип-
касын түсірді де, сарғыш көздерімен мейірлене қарады 
да: «Мен оны қадан болсада таныр едім, шешесінен ай-
нымайды» деді. Шешесі болса: «Коленька, біз саған ба-
зардан бүлдірген әкелдік. Кел, ала ғой» деді. Жағымды 
сөйледі. Бірнеше күн осылай сөйлеп жүрді де, кейін-
нен Колькаға да, әкесіне айқайлай бастады... енді келіп,
тіпті крукқа да... Мейлі, әкесіне дімкәс, әлсіз қызметші 
болғаны үшін ұрыссын (бірақ ол қандай ақ көңіл адам), 
мейлі, Кольканы кешке дейін бір жақта безіп жүретіні 
үшін балағаттасын, ал крукқа не үшін тиіседі? Ол 
ешкімнің мойнында отырған жоқ. Ештеңе жемейді де, 
әлі кішкентай. Ал, Колька оны Джусқа көрсетсе, шайыр 
үшін ақша төлемейтін де болады.
̶ Петь, естимісің, Петь? Мен саған бірдеңе көрсетем, 
тек сен ешкімге айтпа, жарай ма? 
̶ Нені? 
̶ Крукты.
̶ Қандай крук? 
̶ Сондай бір құсты.
̶ Соқ, өтірікті, соқ.
̶ Жоқ, шын айтам. Тек ол әлі кішкентай, бірақ өскен-
де...
Колька шыдай алмай, уйге қайтар жолда оған бәрі – 
бәрін айтып берді. Ең дұрысы бұл туралы үндемеу ке-
рек екенін білседе, шыдамсыздық Кольканың тілінен 
скрипкадан ысқымен музыка шығарғандай құпияны 
шығарып қойды. Өйткені, Джустың көзі жаман, көзі 
тиюі мүмкін ғой.
– Ол өскенде, бүркіт сияқты, мүмкін одан да үлкен 
болады, сонда... – Колька тағы не болатынын айта ал-
май, ауа жетпей мүдіріп қалды. 
Міне, олар сарайға да келді. Колька құстың үрейін 
ұшырмау үшін, есікті жайлап ашыңқырап, саусағы-
мен ернін басып, аяғының ұшымен бұрыштағы картон 
жәшікке жақындап келді. Джус та мұрны ақырын ғана 
пысылдап көріп тұр. Колька алдамапты. 


254
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет