Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
237
сол кезде сіз есіміңізді қайталауға тиіссіз. Бұл- олардың 
ұлттық діліне тән әдептерінің бірі.
Әңгімемізге қайта оралайық, мәселен, әл-Фарабиді 
ғұлама дейміз, осы қатарға Ахмет Байтұрсыновты, Әл-
кей Марғұланды тағы басқа шын мәніндегі ғұламала-
рымызды қосуға болады, Абай, М. Әуезов секілді ұлы 
тұлғаларымыз да бар. Ал, кез-келген ғылым докторла-
рын, жазушылар мен қоғам, өнер қайраткелерін ұлы, 
көрнекті, ғұлама деп дәріптеу орынды ма, шындыққа 
сай ма? Шындығында, данышпан, ғұлама, ұлы деуге 
лайықты ғалым, жазушы, ұлы тұлғалар бір ғасырда бір 
туады емес пе? Ұлы адамдар өмірін зерттеушілердің 
айтуынша, ұлы дарын ешкімге ұқсамайтын тұлға, та-
биғат ерекше жаратылған перзенті, олардың туындыла-
ры дүниені өзгертеді, адамзатқа бақыт әкеледі. Ал, осы 
күні сіз бен біз ұлы, ғұлама атап жүргендердің атқар-
ған ісі алдыңғы аталған ұлы тұлғалардың еткен еңбегі-
не, қалдырған өнегесіне теңдес пе, алдымен соны ойла-
нып көрдік пе, жазарман қауым? Арнайы академиялық 
титулдар (дәрежелер) бар, мемлекеттік марапаттар бар. 
Рас, академикті академик немесе көрнекті тұлға деуге 
әбден болады, ал ұлы деуге негіз болу қажет. Мәселен, 
қазақ тау-кен инженериясының негізін қалаған акаде-
мик Қаныш Сәтбаевты ұлы тұлға деп тануымыздың 
жөні бөлек екені ақиқат. Бүгінде кейбір ғалымдарымыз-
ды ұлы, көрнекті, ғұлама, тіпті белгілі, танымал демей-
ақ, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы бойынша атасақ та 
жеткілікті емес пе? Елбасының өзі айтқандай, ғылыми 
дәрежелер берудің науқандық «штампқа айналған» ке-
зеңінің «жемістері» бұған да риза болмас па екен?! Жо-
ғарыдағы керемет эпитеттер телінген тұлғасына лайық-
ты болса құба-құп дер едік. Солардың ішінде көрнекті 
(выдающееся) деген сөзді кез-келген ғалым, жазушыға 
телиміз. Орыс халқы «көрнекті» деп дәріптеуді А.Н. Ве-
селовский, М. Бахтин сияқты ғалымдарының, М. Шо-
лохов, В. Распутин сияқты жазушыларының үркердей 
тобына ғана лайықты көреді. Мысалы, біз көрнекті жа-
зушы Ғ. Мүсіреповті көбінесе сөз зергері деп атаймыз. 
Ал, енді жақыннан бері осы бір сирек талғамымызды 
өзгелерге де албаты тели бастадық. Белгілі деуге тұ-
рарлық жазушы, ғалым, өнерпаздарымызды танымал 
деп, тіпті одан да асырып көрнекті деп жүргенімізге не 
жосық? Жә, сонда танымалы қайсы, белгілісі қайсы, 
көрнекті деп кімді айтпақ керек дейсіз ғой? Оны бекітіп 
қойған ештеңеміз жоқ, қалауыңыз білсін, бірақ даңғаза-
лыққа бой алдырмай аздап бағамдай алсақ, басымыздан 
бағымыз таймас еді?
Мысалы, жазушы қауымы туралы айтар болсақ, мен 
оқырман ретінде О. Сәрсенбаев, Ә. Сараев секілді қа-
ламгерлердің кейбірін жазушы деп қана танимын, бүгін-
де Р. Мұқанова, А. Кемелбаева, А. Алтай, Д. Амантай 
белгілі жазушылар екені өзі де белгілі,, ал Ғ. Мүсіре-
пов. І. Есенберлиндей текті тұлғалардың көрнекті, бір-
туар жазушылар екеніне сөз жоқ, М. Мағауин, Д. Дос-
жан секілді әлем халықтарына танымал, көп оқылатын, 
тіпті көрнекті деуге лайықты жазушыларымыз бар. Бұл 
ұзақ-сонар көшімізді түгендемей-ақ қоялық, басымыз 
дауға қалып жүрер. Мен оларды сараптан өткізуден ау-
лақпын, тек мысқалдай мысал болсын деп айтқаным 
және менің субъективті пікірім деп ойлаймын. Кімнің 
кім екені әрі-беріден соң әркімнің өзіне мәлім ғой, 
мүмкін «ұлы» дегеніміздің қызметі ғана «ұлық» болар, 
«кіші» дегеніміздің кісілігі зор шығар, десек те, асыра 
мақтауға жол бермеу өз қолымызда емес пе? Артық-кем 


238
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
239
айтқанымызға, қапа болмассыз, ағайын. Әркімнің тал-
ғамы әртүрлі дегенмен, кемеңгерді де кемерден асыр-
маған жөн болар. Асыра мақтаудың әсерінен өз орнын 
білмей, «мен сондай екенмін» деп астамшылыққа бой 
алдыратындар қай жерде де бой көрсетіп қалатыны 
белгілі жайт. Сондықтан аузымыздан шыққан сөзге 
абай болып, әркімді, әр құбылысты өз атымен атау да
әр адамның сөз мәдениетін байқатса керек.
Бүгінде өнер сахналарында «жыпырлаған жасан-
ды жұлдыздар» көбейді, солардың бірін белгілі жүргі-
зушінің «эстрада гауһары» деп атағанын естідік. Ре-
жиссерлер бір мезет неге ойланбайды, эстрада гауһары 
деген әдемі эпитетті Роза Рымбаева сияқты санаулы 
саңлақтарға телісе жарасар еді? Сондай даңғазалықтан 
жиренесің.. Қазір кім болса сол әнші ғой деп қолды сіл-
теп көзжұмбайлыққа салатын уақыт емес, қоғамдық 
ұйымдар тарапынан қай саладағы келеңсіз құбылыс-
тарға да тежеу салатын уақыт жеткен сияқты. Өйткені 
мәңгілік ел болудың талаптарына сай өмір-салтымызды 
жаңғыртып, сөз мәдениетін жетілдіруді көздеу қажет-
ақ. Өйткені, бұл айтылған мәселелердің қайсысы да ру-
хани мәдениетімізге сын болса керек. 
Әлеуметтік өмір-тұрмысымыздағы қарым-қаты-
наста дағдыға айналып кеткен бір келеңсіздік жайы. 
Әрине, орыстілді мекемелерде қызметтестер арасында 
қарым-қатынас ресми екенін бәріміз білеміз. Қызмет-
тегі қарым-қатынастарда бір-бірін «ағай», «апай» деу 
қазақтілді мекемелерге тән. Бірақ, сол біздің ағайын 
орыс көршісіне «Нина Петровна» деп қиылып тұра-
тынын қайтерсің? Өйткені, көршісі әу баста өзін солай 
таныстырады, олардың ұлттық мінезі алыстан сый-
ласуды жөн көреді. Ал, біздің қазақтілді мекемелерде 
балабақша мен мектепті былай қойғанда, жоғары оқу 
орындарында осы уақытқа дейін қызметтестер бір-бірі-
мен ресми қарым-қатынастарда «ағай», «апай» деген 
жалпақ сөздерді қолданады. Жаман сөз емес, жалпы 
атау, жақындықты білдіретін жылы сөз, құлағымыз да 
әбден үйренген, көшеде, үйде, қолдануға болады. Ал, 
бүкіл өмір-тұрмысымыз әлемдік стандартқа бейімделіп 
жатқан қазіргі кезеңде, мәжілістерде, түрлі жиындар-
да сөйлегенде, мекеме басшыларымен немесе әріптес-
терімізбен ресми қарым-қатынастарда немесе мерей-
тойлық мақала жазғанда «ағай», «апай» деп қайрылу 
қызмет этикасына жатпақ емес. Тіпті, бұндай жалпы 
үлгідегі қарым-қатынас мекеме басшысы мен қызмет-
кер арасындағы лауазымдық шекке де (субъординация-
ға) да нұқсан келтіреді деген ойдамыз. Кейбір мекеме 
басшылары қызметкерлердің бір-бірімен қарым-қаты-
наста «мырза», «ханым» деген сөздерді пайдалануын 
талап ететінінен де хабардармыз. Біздің ойымызша, 
бұл да дұрыс емес. Бұл сөздерді қызметте емес, театр-
да, той-думандарда, көшеде және тағы басқа қоғамдық 
орындарда қолдану жарасымды. Шетелдіктер қоғамдық 
орындарда «мсье», «мисисс» деп қайрылады ғой. Ал, 
Австрия еліне іссапармен барып қайтқан біздің универ-
ситеттің ағылшын тілінің оқытушысы Насихат Өтем-
ғалиева қала мэрінің қабылдауында болғанын, ол өзін 
Штефан деп таныстырғанын, солай атауды сұрағанын 
айтып таңғалдырған еді. Тіпті әлгі Штефан ақ жаға-
лы әкімге емес, тынымсыз еңбек үстіндегі қарапайым 
адамға ұқсайды екен. Дегенмен, әр елдің салты бас-
қа. Біз олай ете қоймаспыз. Десек те, қызметте, ресми 
орындарда бір-бірімізді «ағай», «апай» дегенді қойып, 
сондай-ақ жоғары оқу орындарында студенттердің 


240
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
241
өз ұстаздарын «ағай», «апай» деуін тоқтатып, ресми 
қарым-қатынасқа көшуін талап еткен жөн. Мысалы, 
Анарбай Сағиұлы, Сәлима Әбдіраманқызы деудің еш 
сөкеттігі жоқ. Ендігі уақытта балабақша мен мектептер-
де бұл мәселені бірден жолға қоюға болады. Тілі шық-
қан баланың тәрбиешісінің аты-жөнін айта алатынына 
өз немерем баратын «Айналайын» аралас балабақша-
сымен қарым-қатынастарда көз жеткіздім. Бөбекжай 
меңгерушісі Мәрзия Жұмайқызы, Алиса Николаевна 
секілді тәлімгерлер ресми әдептерді біліктілікпен жол-
ға қоя білген. Тағы бір есте болатын бір жай: жоғары 
мектеп оқытушыларының дәріс үстінде немесе басқа 
уақытта студенттерге «балалар» деп қайрылып, «қарақ-
тарым, шырақтарым» деп айналып-толғанып жатуы да 
қазіргі студент пен оқытушы арасындағы ресми серік-
тестік қарым-қатынасқа сәйкес келмейді. 
«Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар» дегендей, 
кейбір әдет-дағдыларымыздан арылатын кез келген 
сияқты. Өйткені, жер бетінде халықтық мәдениеті 
әлем жұртшылығына танылатын, ұлттық құндылықта-
рын жоғалтпай, биік ұстайтын, толқын-толқын ұрпақ 
өсіріп мәңгі жасай беретін өміршең ел болу оңай емес. 
Сондықтан, еліміздің әрбір саналы азаматы қоғами қа-
рым-қатынастарда сөз мәдениетін сақтап, өнегелі елдің 
ұрпағы екенін әрдайым есте ұстар болса, мәдениетіміз 
бен өмір салтымызға нұқсан келтіретін кемшіліктер де 
азайған болар еді. Жаңаруға жанымыз құмар қауымбыз 
ғой, көкейде жүрген көп ойдың бірін тарқаттық, жөнсіз 
сөге көрмеңіз, оқырман!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет