222
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
223
тар өлең мөлдіреп тұратын еді. «Жігітке жеті өнер де
аз» демекші, бұрынғы ақындар батыр, балуан, шешен
де болған емес пе? Соның бәрі Медеуде бар еді. Қай-
сыбірін айтайын, жалған дүние, сұм ажал өлді деуге
сыймайтын атпалдай азаматты ортамыздан ерте жұлып
кетті ғой!..
...Түсінбейді түңілмеген,
Жұлдыз болып жанармын.
Тәңір жазса түбінде мен,
Өлеңіммен қалармын, –
депті асыл дос бір өлеңінде.
Өз тағдырын өзі пішіп кеткендей. Жұлдыздай жанып
түскен Медеу Жұмабаевтың
артында қалған жырла-
рын ұрпаққа мәңгі мұра ету көзі тірілерге аманат деп
білемін. Айта алмай кеткен сөзі, арманы көп, өмірді
сүйген, өлеңге ғашық, көктемге ғашық еді Медеудің
мөлдіреген ақын жаны..
...Ғашықпын мәңгі көктемге,
Сүйемін аққу,
қыранды.
Өмірден мынау өткенге,
Өлеңмен жаздым дұғамды...,
– деп Медеудің өзі
айтқандай, көктемге ғашық болып, өлең-өмірге ғашық
болып, кісілік тұғырын биік ұстап, адалдықтан айны-
маған асыл досым, ақын досым Медеудің қазасына
қайғырып отырып жазған осы жолдарым оған дұға-
дай дарып, пейіште нұры шалқысын деймін.. Ал, оның
артында қалған аяулы жары Гүлшаттың,
қызы Дина
мен бүлдіршін ұлы Ақарыстың қайғысына ортақта-
сып, көңіл айтамын. Қайтесің, дүние жалған!..Айтыл-
май кетті ақын- арман... Сенің «дарқан көңіліңді кім
ұғар?»..
Енді бәрі өткен шақта қалғаны ма?.. «Өлді деуге сыя
ма...»..
«Сөз түзелді тыңдаушым, сен де түзел» деп қойып,
әңгімені Абайдан бастайтын Медеудің отырған жері
жыр-думан, әзіл-күлкі, сырлы әңгіме болатын.
...Кешегі өткен Мағжан,
Қасым ұлылар,
Жырларында туған дала мұңы бар.
Әр шумақта махаббаттың сыры бар,
Менің дарқан көңілімді кім ұғар?,
– дейді. Бұл – Медеу.
«Өзіммен мәңгі бірге ала кеткен, Менің нәзік жаным-
ды кім түсінер?» деген
Мұқағали жолдарын Медеу жиі
қайталаушы еді. Сөйтсек, өзі пір тұтқан Мұқағалиымен
адами да, ақындық та үндестігі көп екен ғой... «Қара-
сазға барғанда» өлеңі ақиық ақынға деген сағынышы...
Кейінгі Жұматайларды да жыр жолдарына сыйғызды.
Бұларды айтпағанда, оның ақын екенін дәлелдейтін
суретті , сазды жырлары, баллада, толғаулары да бар.
Қайғылы қара сөзімде оларды талдап танытуды жөн
көрмедім. Біраз өлеңдері танымал басылымдарда жа-
рық көрді. Бірақ, Медеу жиі танылуға асығып аптықпа-
ды. Жүрегі оған өлшеулі өмірі қалғанын айтпады. Ал,
өзі жемісті жылдарын алдан күтті ме, кім білсін?..Ажал
айтып келмейді деген екен..
Тұңғыш жинағы аттас «Түнгі бекеттер» өлеңінде:
.
.. Жырыма мен де толғанып,
Тәуелсіздікті қосамын.
Қазағым үшін қорғанып,
Кеудемді оққа тосамын
, – дейді. Бұл нәзік жү-
ректі ақынның ғана емес, елін сүйген ердің сөзі емес
пе? Шынында, өмірдегі Медеудің дене бітімі шомбал,
баяғының батырларын елестетін. Көзінде өрлікпен қа-