Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет62/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
өрісті өнеге
Қ
азақ тілі – айбынды ана тіліміз мемлекеттік тіл мәрте-
бесін алған күннен бастап, республикамыздың жоға-
ры оқу орындарының орыс тілді аудиторияларында екінші 
тіл ретінде оқытыла бастады. Осы мақсатта әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған практи-
калық қазақ тілі кафедрасына 1992 жылы «Жазушы» бас-
пасындағы тәжірибесімен келген Зейнехан Сейітханқызы 
бастапқыда университет аудиториясының есігін жасқана 
ашқан еді. Шынында да, өзі осы университет түлегі, қазақ 
тілі мен әдебиеті маманы болғанмен, бұл кәсіптің өзгеше 
бір қырымен шұғылдануына тура келді. Тәуелсіздік алып, 
ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып бөркімізді 
аспанға атып жүрген шақта қиындыққа мойымай, тәуе-
кел етуді кафедра меңгерушісі, профессор Талғат Сай-
ранбайұлы әр оқытушының құлағына құюмен болатын. 
Оның әрбір сөзі жігерін жаныған Зейнехан Сейітханқызы 
тынымсыз іздене бастады. Орыс, шетел тілдерін оқыту 
тәжірибелерін шұқшия қарағанда ұққаны- нақты мәтін 
қажет екендігі. Оқытушы сөмкесін сол кездегі практика-
лық қазақ тілін оқытуға арналған бірлі-жарымды еңбектер 
мен газет қиындыларына толтырумен тәжірибе жинақтай 
бастағанын жасырмайды. Алайда уақыт өте келе оқытушы 
тіл үйретудегі өз ізденістерінің молығып қалғанын сезініп, 
экономика факультетінің орыс тілді аудиториясына ар-
налған «Қазақ тілі» оқулығын жазып шығуы сол кезеңде 
елеулі жетістік еді. Өйткені, жоғары мектептерде қазақ 
тілі әр мамандыққа қатысты оқытылады. Келе-келе оқы-
тушының тіл үйрету практикасын ғылыммен ұштастыруы 
кезек күттірмейтін қажеттілікке айналып, профессор Т. С. 
Сайранбаевтың жетекшілігімен 1995 жылы «Қазіргі қазақ 
тіліндегі мезгіл пысықтауыш» атты кандидаттық диссер-
тация қорғады. 2001-2003 жылдары әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафед-
расының меңгерушісі қызметін атқарды. Мінез-бітімі қа-
рапайым, өзін әрдайым төменшік ұстайтын, ұстамдылығы 
кісіні таңдандыратын оның ерекше ұйымдастырушылық, 
білімпаздық қасиеттері, әсіресе ешқашан мойымайтын ең-
бекқорлығы осы кезде танылған еді. Кейін қызмет бабы-
мен Астанаға барып, 2006 – 2010 жылдары Еуразия ұлт-
тық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының 
меңгерушісі қызметін атқарғанда еңбегі еселене түсті. Тіл 
үйретуді тынымсыз әрекет деп түсінетін ғалым: «Ғылым 
тоқтауды сүймейді» дейді. Ғылым мен практиканы ұш-
тастырудың маңыздылығы 2001-2005 жылдары үздіксіз 
жариялана бастаған гуманитарлық факультетке арналған 
«Қазақ тілі оқулығының практикалық курсы» (2001; 2010; 
) және осы аттас 2002, 2003 жылдары әр түрлі маман-
дыққа арналып «Раритет» баспасынан бір емес, бірнеше 
дүркін басылып шығып жатқан оқулықтардың сол кезеңде 
және қазірде зор сұранысқа ие болғанын Зейнехан Сейіт-
ханқызының студенттері мен әріптестері жақсы біледі. 
Қазірге дейін кітапхананың кітап беру бөлімінде Күзеко-
ваның «Қазақ тілін» алуға тұрған студенттер кезегіне көз 
сүріндіреміз. Тіпті, сол кезеңнің өзінде-ақ ғалым-ұстаз 
2003 жылы «Таным» баспасынан жарық көрген «Қазақ 
тілі. Тілді оқытып үйретудің екінші кезеңіне арналған 
оқулығында», «Қазақ тілі. Мемлекеттік қызметкерлерге 
арналған» оқулығында (2000) және осы аттас оқулықтың 
(2005) 2-ші басылымында өзге ұлт өкілдеріне тіл үйре-
тудің жаңаша әдістемесі сипатында танылған деңгейлік 
оқытуды сынға салған еді. Осы деректердің өзі-ақ Зейне-


216
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
217
хан Сейітханқызының үздіксіз ізденісін, еңбекқорлық қа-
сиетін таныта бастады. 2005 жылы әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің Ғы-
лыми кеңесінде «Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы 
теориясының лингвистикалық негіздері» атты докторлық 
диссертациясын қорғады. Оқулық теориясын жазуына 
мұрындық болған ғылыми кеңесшісі көрнекті лингивист, 
профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменованың ұстаз-
дық қамқорлығын, жолбасшылық еңбегін Зейнехан Сейіт-
ханқызы әрдайым жылы лебізбен әңгімелейді.
Тіл үйрету әдіскерлік шеберлікті терең меңгергенде 
ғана өнерге айналатынын, ана тіліміздің мемлекеттік мәр-
тебесі асқақтайтынын профессор З. Сейітханқызы ертерек 
сезінді. Оқытушының аудиторияға кіргенде алып кіретін 
материалдарының әдіскерлік әлеуетіне, ғылыми-иннова-
циялық ерекшеліктеріне терең мән арта бастады. Бұл ұс-
таз-ғалымды оқулықтар мен оқу құралдарын, сөздіктерді 
үздіксіз жазуға мәжбүр етті. Өйткені, сол кезеңдегі өзге 
ұлт аудиториясына арналған кейбір еңбектер уақыт та-
лабына жауап бере алмайтын еді. Десек те, тіл үйретудің 
дәстүрлі әдістері болғанмен, қандай тиімді әдіс-тәсілдер 
болсын қашанда уақыт талабына сай жаңғыртып отыруды 
қажет ететіні анық. Осы мақсатта Зейнехан Сейітханқы-
зы 1996-2001 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті қазіргі шығыс тілдері кафедрасының доценті 
қызметінде жүріп, мамандыққа қатысты «Қазақ тілі (ха-
лықаралық қатынас факультетіне арналған) оқу құралын» 
(Алматы,2-ші басылым, 2008), «Дипломатия: оқу құра-
лын» (Астана: «Елорда», 1998. Бірлескен авторлықта), 
сондай-ақ «Қазақ тілі ( бастапқы деңгейде оқытуға арнал-
ған) оқу құралы»( Алматы, 2005.), «Қазақ тілі практикумы 
жаттығулар жинағын» ( В1, В2 деңгейге арналған. Астана, 
2010.), «Қазақша сөйлейміз» сөйлеу жаттығуларын (Алма-
ты, 2010.), «Қазақ тілінің экономика факультетіне арналған 
оқу құралын», (4 – ші басылымы. Алматы, 2011.), «Қазақ 
тілінің гуманитарлық факультетке арналған оқу құралын» 
(2-басылымы. Алматы, 2011.) және осы типтес көптеген 
еңбектермен қоса, «Қазақстан республикасының мемле-
кеттік стандарты (Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік 
тілдік құзыреттіліктері А1, А2, В1, В2, С1» ( Астана, 2009 
жыл) атты сүбелі еңбектерін жазуы ереше ғалымдық қа-
рым мен табандылықты талап еткен еді. 
2010 жылдан бастап Назарбаев университеті Гумани-
тарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (SHSS)
қауымдастырылған профессоры қызметіне ауысқан З.С. 
Күзекова аталған университеттің халықаралық деңгейдегі 
беделін арттыру бағытында тың ізденістерге жол ашып 
келеді. Көптеген оқулықтарында грамматика функцио-
налдық аспект негізінде жазылды, бұл ғалымның ұзақ уа-
қыт бойы қузап келе жатқан ғылыми мәселелерінің бірі, 
әрі тіл үйретудегі өнімді тәсіл болып табылады. З. Күзе-
кованың «Қазақ тілінің функционалды практикалық грам-
матикасы: жоғары оқу орындары филология факультетінің
студенттеріне, оқытушыларына, ізденушілеріне арналған 
оқу құралы» (Астана, 2015 ) осы бағдарда жазылған тың 
еңбегінің бірінен саналады. З.С. Күзекова оқулықтарының 
құрылымы тіл үйретуге ғана емес, қазақ тілін екінші тіл 
ретінде үйренушіге ұлттық құндылықтарымызды таны-
туға бағытталуымен ерекшеленеді. Ұстаз-ғалым өз тәжі-
рибесінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен шетелдік 
студенттердің де тілін сындыруға барынша күш салады. 
Алайда, тіл үйренуге деген құлық болмаса, барлық, әдіс-
тәсілің де зая кетері рас. Дегенмен, қазақ тілінің мемле-
кеттік мәртебесі орнығып, тіл үйренгендердің қатары бұ-
рынғы жылдардан әлденеше есе өскені әмбеге аян десек 
болады. Сондықтан, тілші-ғалым тіл үйренушіні қызық-


218
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет