208
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
209
оқып-тоқығанымен табиғатынан
дарыған сөз өнеріне
деген өміршең сүйіспеншілігі өнер өрісіне бастағаны
ма..
Ғылыми еңбектерімен қоса әдеби-сын мақалалары-
ның да легі толастар емес.«Адам іздеген Бақыт» (2012)
деген мақаласында жазушы-драматург, сыншы Серік
Асылбекұлының қырық жылдан бергі шығармашы-
лық еңбегі туралы сын-толғамдарын тұжырымдайды.
Жазушының қаламгерлік қасиеті жайлы: «Тіршіліктің
мың-сан әуені бұғып жатқан бұла дарынды түртіп оя-
тып, жаны тыншымай жазуды бастаған» дейді. Жансыз,
дерексіз құбылыстарға
жан бітіре суреттеген сыншы-
ны осындай тұстарда өзі кейіптеген жазушының жан
әлемімен тұтастыра танисың. Сірә да, бұл оның жазу-
шылық өнердің қыр-сырын жетік біліп, оқып-тоқып,
зерттегенінен емес, өз бойында да бір күштің бұғып
жатқаны ма деп қаласың? Ол Қ. Мәдібайдың тағы да
өнермен өрелес түсіп жататын сыншылық қыры демес-
ке болмайды.. Осы мақаласында өзі де: «Оқу-тоқу, үй-
рену-еліктеу деген бойда қуат болмаса – бос сөз» деп
Серік «кейіпкеріне» қаратып айтқанымен, автордың өз
болмысын да көреміз.
Қ. Мәдібайдың әдеби-сын мақалаларының тағы бір
таңдаулысы «Айтматов шолған қиырлар» (2012) деп
аталады.Қысқаша
қайырып айтсақ, сыншы мақалада:
«Адам атты жан иесінің әкетіп бара жатқан артық-
шылық туралы осал ұғымдары бар. Артықшылықтың
асып-тасыған барлықпен, аспандатып еліктіретін атақ-
даңқпен, биіктен төмен астамси қарайтын билікпен өл-
шенетін өлшемдері болмаса керек. Артықшылық–Ал-
ладан, жаратылыстан дарыған адамдық ұстанымдарда.
Бұл–Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығындағы
алдамайтын айқын, мөлдір ағыстардың бірі»,-деп жазу-
шы шығармашылығындағы адамгершілік ұстанымның
аса тегеуірінді көркемдік әлеуетін пайымдайды.Рас,
әлемге мәшһүр болған Айтматовтың қандай мәселені
де әлемдік көркемдік кеңістікке алып шығатыны бұрын
да сан мәрте айтылып-жазылғанмен, оныҚанипаш Қай-
сақызыныңөзіндік көру нүктесінен танып, сыни тол-
ғам-тоқтамдарын оқырманын ой
орманына енгізетін
философиялық астары қалың тынысты тілімен тербете
алуы да сын өрісіндегі өзгеше беталысты байқатады.
Әдеби сын саласында өзін-өзі шыңдаумен ешбір ты-
нымсыз оқып-тоқып, тоқтаусыз ізденіс үстінде жүрсе
де, өзі жастайынан ынтыға оқыған шетел әдебиетіне
тіс батыруға батылы да бара қоймады, ары да жол бере
қоймады. Десе де, «Мәдени мұра» бағдарламасы бо-
йынша Теодор Драйзердің «Сестра Керриін», ағылшын
классик жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Р.
Киплингтің «Шағын ертегілерін» қазақшаға сәтті ау-
дарған деуге болады.
Қазіргі ғалымдық-ұстаздық, сыншылық қарым-қабі-
леті толысқан шағында «Қазақ
романының көркемдік
өрісі» (2013) аталатын компаративистік талдауға құ-
рылған әдеби сын мақаласын «жазбасқа шарасы қалма-
ған сәтінде» ғана қолына қалам ұстаса керек. Өзі жаста-
йынан бас алмай оқыған Бальзагы екен.. Мақала авторы
Оноре де Бальзак жайын бүге-шігесіне дейін білетінге
ұқсайды. Бальзакты зерттеген Пьер Барберистің де ең-
бегімен таныс екенін аңғартады. Бальзакты ірі реалист
деп танитын әдебиеттанушы ғалым Қ. Мәдібай: «Баль-
закты сіңіру үшін оның стиліне ден қою керек. Бальзак
құйылған қорғасындай зілді сөз қолданыстарға бейім,
ол сөздің сөлін сезініп отырып жазады...» (қысқартып