266
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
267
– Әпкемнің екі көзі төрт боп отырған шығар. Қалай-
да бару керек. Жел қойса, шаң басылар. Күн жаз ғой.-
деп өрекпіді отағасы.-Қорықсаң сен бармай-ақ қойғың,
салт атпен өзім барып қайтайын.
– О не дегенің, секемшіл кемпір мені жоқтап басың
бәлеге қалар.
Бұлар бір бітімге келе алмай жатқанда, иіліп сәлем
беріп, шегір көз қара келіншек сөйлей кірді.
– Мына желдің құтырынуын-ай. Шаң деген көз аш-
тырар емес. Қалай бүгін жүретін болдыңыздар ма?-
Абысын абысынға сұраулы кейіппен қарады.
– Күн
райы болмай тұр десем, қожайын бой берер
емес. «Әпкемді көзі тірісінде көріп қалайық» дейді. Әрі
«сәл» деген хабар да жетіп отыр. Ол кемпірдің қайбір
сүйеушісі бар дейсің. Өле кетсе, бар салмағы бізге тү-
седі ғой. Жалғыз төркіні –біз.
– Бірталай жасқа келген-ау?
– Жетпістің жетеуінде ғой. Бұ дүниеден не жақсылық
көрді сорлы. Әлпештеп өсірген жалғыз ұл қарамай қа-
тын артынан қалаға кетті. Өле кетсе, бір уыс топырақ
салуға жарамас, сол шіркін бала..
Екі әйелдің асығыс әңгімесін сырттан желге шағылы-
сып жеткен отағасының даусы бұзды.
«Шешесі-ау, тездет, арба жегулі».
Ақ шәлісін асығыс жамылып жатып, отағасының
әйелі шегір көз абысынына сеніммен тіл қатты:
– Ал, келін біз келгенше
қайынсіңлің қасыңда бол-
сын. Қайыным үйде болса, малды жайғай тұрар. Біз де
көп кідірмеспіз.
Ат-арбалы екі жолаушы аттанып бара жатты. Бара-
тын жерлері алыс емес – көрші колхоз. Екі араны бөліп
тұрған асу ғана. Әйтпесе, екі колхоз жалғасып жатпақ.
Тек сол...Сағымтаудың асуы ғана айырып тұрған. Тек
сол ғана..
– Әй, бойжеткен, бұралмай кір үйге. Немене, әке-ше-
шең Меккеге кетіп бара ма, сонша қарадың соңынан,-
деген қалжың-шыны аралас шегір көз жеңге Балқыш-
тың сөзінен кейін Ақбұрым іргелес тұрған оның үйіне
бұрылған.
Есіктен бас сұққанда арақ пен темекінің ащы иісі
мүңк етті. Төргі бөлмеде үй иесі Бүркіттің қасында
екеу отыр. Бірі – көрші ауданнан инженер болып келген
ашаң жүзді, кірпі шашты Бәрмен деген жігіт те, бірі –
осы ауылдың табақ бет сары тракторшысы. Табақ сары
– «жан достарының» қойған аты. Бүркіт пен табақ сары
құзғын сәріден әлденеге даурығып, қызылөңеш болып
жатқан жайы бар. Еңсесі биік, ірі денелі, орақ мұрын,
қысық көзінен қулығы танылып тұратын Бүркіт өз тұр-
мысына онша-мұнша пайдасы тиіп жүрген екі қонағы-
ның таңдайын жібітіп отырғанына мәз.
Әлдекімнен жасқанғандай
дағдарып отырған инже-
нер жігіт қызға сыпайы көрінді ме, кім білсін...
Ауызғы бөлмеде шешесін жоқтап жылаған Бүркіттің
баласы. Оны жұбатып Ақбұрым тұрды. Балқыш жең-
гесі дарбаза аузында көрші-қолаңның біреуімен дем-
де шүйіркелесе қалыпты...Көшені жынды құйын кезіп
жүр. Әйтеуір, бұл үйде Ақбұрым ұзақ отырған жоқ.
Шаңды дауылдың азынаған үні де сәскеге жетпей ба-
сылған. Ендігі сәтте жарқын жаз момақан мінезіне кө-
шер еді. Иә, көшер еді... бірақ олай етпеді..Ендігі сәтте,
бозборан дауылдың ұлыған үні өшіп, ару қыздың сың-
сыған даусы, жамағайын-көршілердің зар төккен айға-
йы жаз бейнесін жамылған ауылды түбірінен теңселт-
кендей еді. Қазақ шерін осылай тарқатады емес пе?!