Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет77/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
273
лүп-лүп соққан Ақсұлудың білегінен ұстап тұрып кіші 
жеңге көзі шарасынан шыға жаздап, өтірік жылап: 
– Қыз-ау, Бегалы кестелі орамалыңды алып, қуанып 
кетіп, асауға мініп шаба жөнелді. Шаба жөнелгені құ-
рысын, мойны үзіліп мерт кетті!...-дегенде Ақсұлу өзен-
ге қарай жан ұшыра жүгіріпті. – Қаражолтай болғанша 
өлейін,-депті. – Сақау үшін бе!?-деп жеңгесі сенбепті.
Ақсұлу иірімге секіріп кетіпті.
Алғашында Ақсұлудың не үшін мерт болғаны әкесі-
не де, ел-жұртқа да беймәлім болады. Ақыры, қыздың 
махаббатына бас иген жеңгелері барлық шындықты ай-
тып, баяғы жасырып қалған кестелі орамалды Бегалы-
ның қолына табыс етеді. 
Енді өлген қызға ғашық болған Бегалы көз жасы көл-
көсір болып, осы ауылға келіп, өзен жағасын жағалап 
айғай салып жүріп алатын халге түскен екен. Су жаға-
лап жүріп:
– Ақсұйу, Ақсүйу-у!.. – деп шақырады екен. Ақыры, 
жынданып суға секіріп кеткен екен.
Е-е, Ақсу деген бұл өзеннің аты «Ақсүйу» деп ша-
қырған, алғашқы ақ сүю құрбаны болған сақау атбегінің 
сөзінен шыққан. Мынау биік белегір – Ақсуға ағып өл-
ген қыздың кемері.
Су ішінде қол ұстасып тұрған қос ғашық тек адал ма-
хаббат иелеріне ғана көрінеді...»
Сұлтан шал аңызды осылай аяқтар еді
 ***
«Әсіресе, көктемде су тасығанда көрінеді екен» деген 
сөз есіне түскенде Ақбұрымның тұла бойы шымыр ете 
қалды. Көздің жасындай мөлдіреген судан екі шелек 
іліп алды да, алды-артына қарамастан ауылға тартты.
Ақбұрым соңынан біреу қуып келе жатқандай өкпесі 
аузына тығылып, белегірден әрең көтеріле бергенде, 
ауыл жақтан шыққан салт аттыны көріп қуанып кетті. 
Сұлтан шал екен.
– Қызым, тұра қал, суыңнан бір жұтайын,-деп керзі 
етігі тырп етіп атынан түсті.Суды сіміріп алған соң:
– Сақпаншылар қажет боп, асығыс келіп едім. Ауыл-
дағы жұрттың «шай іш» дегеніне де қарамадым. Мал 
төлдеп жатыр еді.-деді саудырлап.
– Ата, – деді Ақбұрым жанары жалт ете қалып. – Мені 
де сақпаншылыққа алыңызшы.
– Құба-құп, балам. Бірақ, аға-жеңгең не дейді?
– Не деуші еді. Жіберуге тиіс, жібереді..,-деді Ақбұ-
рым жаудырай қарап.
– Жіберсе, ертеңнен қалмай кел, қызым.-деп Сұлтан 
шал белегір асып желіп кетті.
Ақбұрым мойынағаштың иығын жаншығанына қара-
май ауылға құстай ұшты...
 ***
Ақсу бойын жағалай өскен көк құрақтар көктемгі 
самалмен майыса билейді. Шек-сілесі қатып жарыса 
жүгірген бала жылғалар сол көк нудың арасына барып 
ымыраға келіп, өзенге бас қойып жатыр.
Аспанды қара, мың-сан құстың қанаты алашарбы 
бұлттарын әлдеқайда айдап әкеткендей таза. Міне, со-
нау мөлдір аспанға Ақсудан бір аққу қанат серпіді, көк 
құрақтар «қош» дегендей тербетіліп қала берді. Бірте-
бірте биікке көтеріліп, бірте-бірте кең әлемге еніп шы-
ғыс көкжиекті нысанаға ала ұшқан дара аққуға Ақбұ-
рым көз айырмай қарады. Дара сапар, алысқа апар 
дегендей аққудың қанат серпісі де тым бекем, тым-тым 


274
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
275
асығыс. Асыққан сайын алыстап барады, алыстаған са-
йын шығыс шұғыласына шомып барады, шомып бара-
ды...Әне, көз талдырып көрінбей де кетті. Дара сапары 
алысқа апарды ма, апармады ма, ол жағы белгісіз... Әй-
теуір, шұғыланы құшқаны анық.
Сақпаншылықтың көп қиындығы табиғаттың осын-
дай тамылжыған шақтарымен ұштасып, Ақбұрымға 
сезілмей сырғи берген.
...Бүгін сақпан аяқталар күн. Таңертеңгі дастарқан. 
Ақбұрым қабағы кіртиіп, ұзақ қамығып отырып, көзіне 
жас алғанда, Сұлтан шал мен кемпірі үрпиісіп қалды. 
Әуелде кемпір сасып қалып:
– Атасы, құран оқып жіберші, әке-шешесі түсіне 
кіріп жүр ме?-деді. Сұлтан шал құранды саудырлатып 
оқып салды. Ақбұрым сәл үнсіздіктен соң , жасқана тіс 
жарды:
– Сақпан аяқталды. Ал менің Бүркіт босағасына қай-
тып барғым жоқ.
Бұл сөзді Сұлтан шалдан бұрын кемпір құптады.
– Бармасаң бармай-ақ қойғын, қарағым. Атаң екеуміз-
ақ қой. Қасымызда бол. Бүркіт ренжісе, өзіміз жұқалап 
түсіндірерміз. Алыс емеспіз біз де. Бәріміз ағайынбыз.
– Иә, иә, жақсының жаттығы жоқ. Бүркіт пен Бал-
қыш келінге өзім түсіндірем. Қолқанат балалары бар, 
ренжи қоймас,-деп шал да аңқылдап қуанып қалды. 
– Ақыр шопан болам деп жүрсің ғой, қызым. Келесі 
жылы құдай бұйыртып, пінсияға шықсам, ақ таяғымды 
өзіңе тапсырамын. Ізін басар баласы жоқ жетім шалдың 
мына сөзі Ақбұрымға аянышты естілді. «Адамдар қы-
зық, – деп ойлады Ақбұрым. – бірін-бірі қуанта да, жы-
лата да, жұбата да алады. Және бірін-бірі мүсіркейтіні 
тағы бар».
Ақбұрым кейде осы шалға еркелеп, қойға кетпек боп 
тұрған оның қамшысын алып қоятын да:
– Ата, бүгін мен-ақ бағамын, сіз ауыл жаққа барып, 
қарияларыңызбен қауқылдасып, көңіл көтеріп келіңіз,-
дейтін. Сұлтан шалдың:
– Мұныңа шүкір, қызым. Қояқ-қой, үйренген әдетім 
ғой, өзім-ақ, баға берейін.-деп байбалам салғанына 
көнбейтін. Бүгін де сөйтті Ақбұрым. Қашан нағыз шо-
пан болғанынша осы.
Жаздың тағы бір күні дала төсінде өтті. Бүгіндік шуа-
ғыныңсоңғысын себелеп, қып-қызыл күн балбырап ба-
тып барады. Отар бытырай жайылуда. Көк шалғыннан 
тұмсықтарын айырар емес. Бозшұбар аттың үстінде 
қалт етпей отырған Ақбұрым әлденеден секем алды. 
Құлағына даланың түн құшағына бейімделіп сөне бас-
таған тіршілігінің ақырғы дүбірі жеткендей ме, қалай.. 
Батар күннің аясынан шыға қалған әлдекім желе жор-
тып келеді.
Жақындаған сайын жалғыздың тыныс-демі анық 
естілді. Енді таныды. Инженер жігіт Бәрмен ғой. Қы-
зылқасқаға қасқия мініп алуын... Жақындай беріп:
– Армысыз, аққу-қыз! – деп әзілдей амандасқан бол-
ды.
– Сау боларсыз. – Кештетіп кездескен жолаушыға 
Ақбұрым таңырқай қарады.
– Аққу-қыз-ау! – деді Бәрмен мұртына күлкі үйіріп. – 
Сенің құтты мекенің көл емес пе, шөлде қайдан адасып 
жүрсің?
– Бір жақсысы, аққулар адаса бермейді. Адаса қал-
са , шөлде жүріп-ақ көлде жүргендерден ажарлы көрі-
неді. Оқу оқымай, мал баққан адам сізге де ұнамай ма? 


276
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет