34
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
35
сыр-сипаты ашылып, моральдық-этикалық
тұжырымдар
жасалып, қоғам, дүние, жаратылыс жайының сырлары
танылады. Ашық сөздің сұрақ-жауап формасында сұрақ
қарапайым тыңдаушы атынан да, есімі көпке белгілі бше-
шен атынан да берілуі мүмкін.Алдыңғының сұрақ берудегі
мақсаты
танымдық қана болса, кейінгісі шешендік сын,
түптеп келгенде сөз сайысына шақыру екенін аңғаруға бо-
лады. Мысалы, атақты Сырым батырдың Үргеніш шешені-
мен айтысы сондай сұрақ-жауап құрылымында беріледі.
«Үргеніш шешені:
– Сөз анасы не?
– Су анасы не?
– Жол анасы не? – деп сұрайды. Сырым батыр:
– Сөз анасы – құлақ,
– Су анасы – бұлақ,
– Жол анасы – тұяқ! – деп жауап береді. Үргеніш ше-
шені:
– Дау мұраты не?
– Сауда мұраты не?
– Қыз мұраты не?
– Жол мұраты не? – дейді. Сырым батыр:
– Дау мұраты – біту,
– Сауда мұраты – ұту,
– Қыз мұраты – кету,
– Жол мұраты – жету, – дейді. Үргеніш шешені: Намазда
жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, мұныңыз не? – деп
сұрайды.
– Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды
қалай көрдіңіз? – дейді. Сырым батыр:
– Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген
адам Сырымды күнде жеңеді, – дейді/2,57/.
Көріп отырғанымыздай,
бұл диалогтың құрылымынан
екі түрлі сипат танылады. Сөздің бір бөлігі халықтық жұм-
бақ өлең сипатында болса, екіншісі ауызекі сөйлеу синтак-
сисі үлгісінде беріледі. Дегенмен, халықтық жұмбақтың
табиғатына тән «жекеден тұтастың, тұтастан жекенің сипа-
тын білдіру» тәсілі жұмбақталған нәрсенің болмысын ора-
ғыта ашып, аңғарту шешендік сауалға да тән. Дегенмен, ол
сипаттар шешендік сөйлесулерде қысқа да ықшам келеді.
Әдетте, халықтық жұмбақтарда, жұмбақ өлең, айтыстарда
бір құбылыстың немесе өзара ұқсас құбылыстардың сын-
сипаты жұмбақталса, шешендік сұрақ-жауап формасында
шешендік өнердің дүниетанушылық-интеллектуальдық
қызмет аясының кеңдігіне сай бір емес, бірнеше, әртектес
деректі-дерексіз құбылыстар да жұмбақталады. Мәселен,
шешеннің «сөз анасы», «су анасы», «жол анасы» деген сөз-
дері меңзеу-метонимиялық алмастыру. Өйткені,
ана сөзі
тура мағынасында тек адамға ғана қаратылып айтылады.
Сол сияқты «мұрады» сөзінің де стилистикалық фрейм
ретінде алынып, өзге сөздермен тіркес құруы меңзеу-бол-
жал сипатындағы экспрессивті мағына береді.
Ал, қара сөз үлгісіндегі сұрақ-жауап тапқыр ой жүйесіне
құрылған. Сырым Үргеніш шешенінің сұрағына ритори-
калық сұрақпен жауап қайыруы арқылы оны бір сүрінді-
реді. Бұл Сырымның әрі байқағыштығы, әрі тапқырлығы.
Сырым қарсыласының сұрағына өзінің жауабын орайлас-
тыра айтуы арқылы сөзіне
жаңылтпаштық сипат дарыт-
қаны «жан-жағыңызға қарай береді екенсіз», «жан-жағы-
ңа қарамасаңыз, менің қарағанымды» деген тіркестердегі
қайталаулардан, ішкі ырғақтардың сақталуынан көрінеді.
Үргеніш шешені де «екі аяқты, бір адам» деп Сырымды
сөзден жаңылдырмақ болады. Алайда, Сырым «өз сөзін
соға берген адам» деп келемеж
етуімен қарсыласын сан
соқтырады. Бұл құрылымда драмалық сипат та жоқ емес.
Шынында сұрақ-жауап құрылымынан халықтық жұм-
бақ, жаңылтпаштардың образдылық сипаты аңғарылады.
Ғұлама М. Әуезовтің пікіріне сүйенсек жұмбақты сөз об-
разының кілті есебінде тануға болады/3,127/.
Сұрақ-жауап құрылымы сөз майталмандары көкейіндегі
дүние-өмір құбылыстары жайлы көп сауалды алып шы-