Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р. Әбдіқұлова
91
нау алыс жылдарда оның өз қолымен қаланғанын бүгін-
де жиі сөз ете бастадық. Дегенмен, кемеңгер тұлғаның 
жазбаша шешендігін былай қойғанда, ауызша лекторлық 
шешендігі қандай еді?! Әрине, ол жайлы мәліметтер көп 
емес. Әйтсе де, бұл мақсатта аз да болса, саз жазылған 
естелік сынды ой-толғамдар жоқ емес. Соны бірі – ұлы
Әуезовтің аса дарынды шәкірті болған, өзі де өмірінің 
соңына дейін ҚазҰУ-да ұстаздық еткен академик, жа-
зушы Зейнолла Қабдоловтың «Ғұлама» атты мақаласы. 
Бүгінде бұл мақала тұңғыш қазақ университетінде ака-
демиялық шешендік негізін қалаған М. Әуезов екенін 
айғақтап, оның лекторлық шеберлігі мен шешендігін 
жалпақ жұртқа танытқан құнды жазба десек болады. 
Тағы бір байқайтынымыз, осы шағын естеліктің бойына 
көркемдік-эстетикалық, философиялық, этнопсихоло-
гиялық, этнопедагогикалық сипаттар тоғысқан. Әрине, 
бұл – өзге емес Қабдолов шеберлігі. Өйткені, бұл ма-
қаланы бүгінде «Менің Әуезовімнің» алғашқы бастауы 
ретінде де тануға болады. Әрине, З. Қабдолов мақала-
да ұлы ұстаздың белгілі бір нақты тақырыпқа арналған 
лекциясын, оның мазмұндық құрылымын, ғылыми ой-
лаудың жүйелілігін, я болмаса ақпараттық толымдылы-
ғын, жоғарыда айтқандай, лекция тілінің «көркемдігі» 
мен «жатықтығын» академиялық шешендікке қойылар 
талаптар тұрғысынан напа-нақ талдап беріп отырмағаны 
белгілі. Алайда, Әуезовке шәкірт болу бақытына ие бол-
ған, оның лекцияларын құлақ құрышын қандыра тыңда-
ған Қабдолов ұлы ұстазының шешендік қасиеттерін тап 
басып тани отырып, жалпы мәнде қысқа ғана оймақтай 
ойып, әсерлі де әдемі айшықтағанын, шешендікпен тол-
ғағанын көруге болады: «Алысқа шабатын жүйрік, ал-
дымен, біраз кібіртіктеп барып көсіледі деседі ғой. Сол 
секілді Мұқаң да басында біраз барлау жасайтындай, 
немесе неден бастауды ойлағандай қайта-қайта іркіле 
беріп, тамағын кенеп, үздік-создықтау тұратын да, бі-
рер минуттан кейін нөсерлете жөнелетін. О, енді бітті... 
Енді сіз уақыттың өткенін білмей қаласыз, шешеннің 
ой ағымымен жер дүниені шарлап кете барасыз» /5,105/ 
З. Қабдолов суреттеп отырған бұл сипат аудиторияның 
психофизиологиялық ерекшеліктерін, көңіл-күй ауанын, 
интеллектуалдық дәрежесін, қызығушылығын бет-жүз 
құбылыстарынан алдына ала зерттеп-барлап алу да ше-
шендікке тән сипат болғанменен, «бірер минуттан кейін 
нөсерлете жөнелу» сирек құбылыс қой. Бұл кез келген 
кәнігі лектордың қолынан келе қоймасы белгілі. Ал, 
«шешеннің ой ағымымен дүниені шарлап кету» дегенде 
лектордың тыңдаушысының қиялына қозғау сала алған-
дығын, студентті лекцияның мазмұнына үңілтіп, онымен 
психологиялық контакт орната алғандығын айтып отыр 
емес пе? Қабдоловтың тағы бір аңдатып отырғаны – Әуе-
зовке тән импровизация. Импровизация академиялық 
шешендіктің сахналық өнерге тән сипаттарының (артис-
тичность) бірі ғана емес, есте сақтаудың да бір түрі. Имп-
ровизациядан шешен-лектордың өз пәнін талап етілген
деңгейден артық білетіндігі – терең білімділігі де көрі-
неді. Шешен ой қоржынында жинақталған білімді қажет 
тұсында ерекше есте сақтау қабілеті арқасында табан ас-
тында суырып салып айтады. «Импровизациядан туған 
сөз миуасы, әлбетте, оқу-ғылым, ақыл-біліммен мұздай 
қаруланғандықтың, үнемі ой құшағында, қиял бесігін-
де тербелгендіктің белгісі»/6,32/ – дейді С.Негимов.
Шәкірті «қанатты кісі» деп таныған, «шабытсыз сөйле-
мейтін» лектор Әуезовтің «тиіп кеткен жері тәрбие, үлгі, 
өнеге болатын»/5,104/. Ол оқытушы-лекторларға солай 
талап қойылатындықты емес, үлгі-өнегенің ұстазының 
кісілік болмысынан өз-өзінен туындап жататынын айт-


92
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
93
қан екен. Бұны біз «Менің Әуезовімді» оқығанда терең 
түсіндік емес пе?
Нағыз шешен аудитория алдында қобалжығанын зәре-
дей де білдірмейді. Тіпті, не айтамын деп ойланбайды да. 
Аудиторияны серпілтіп, көпшіліктің назар өзіне аударып 
алудың, зеріктірмеудің амалын әпсәтте табады. Орынды 
әзіл-оспақ айтып жіберуге де шебер. Бұның бәрі рито-
рикада бұрыннан танылған тәсілдер. Дегенмен, оның 
табиғи шығуы шешеннің шеберлігіне байланысты екені 
хақ. Мақала авторы ғұлама лектордың сондай бір ше-
берлігін былай суреттейді: «Төрдегі стол жанына жай-
ғасып отырған соң, мол денесін мойнымен бірге бұрып, 
аудитория ішін шолып шығар еді де, қабырғада ілулі 
тұрған Абай суретіне азырақ көз тоқтатар еді: «Бәлі, мы-
нау Абайдың өзі емес, Абай роліндегі Қалибек Қуаныш-
баев қой. Шәкірттер ду күледі. Мұқаң күлмейді, қаба-
ғын паң, кербез шытып, тамағын кенейді /5,104/. Әрине, 
шешен адам тебіреніп сөйлер сәтте аудиториядағы бо-
лымсыз жайларға алаңдап, ойын бөліп алмауға тиіс. Ол 
көпшіліктің қатарлы болуға да тиіс емес. Демек, нағыз 
шешенге асқақтық тән. Автор Әуезовтің ұлы тұлғасын 
антоним (күледі-күлмейді), синоним (паң, кербез) арқы-
лы сәтті сомдайды. «–Тегінде, әдебиеттен сабақ беретін 
әр адам,- дейтін Мұқаң,-өз сабағын шын мәніндегі эсте-
тикалық сұлулық биігіне көтеріп әкетуі шарт» Лектор-
лық шешендікті осы тұрғыдан түсінетін»/5, 105/, – деп 
З.Қабдолов ұлы ұстазының академиялық шешендіктің 
қыры мен сырын терең меңгергенін танытады.
М.Әуезов лекциясының тілі... «Сөздегі саздылыққа, 
үндестікке көп мән беретін»/5,106/. Осыдан Зейнолла 
шәкірт те тәлім алса керек: «Мұқаңның майда қоңыр 
үніне бөленген, Мұқаңның дариядай шалқыған ақыл-
парасатына кенелген аудиториялар қандай кемелдікке 
меңзейді десеңізші»/5,108/. Күрделі эпитет, эпитеттік 
теңеу арқылы ұлы Мұхтардың асқақ тұлғасын шынайы 
бедерлеуін былай қойғанда, « Мұқаңның» деген қайта-
лау айтпақ ойын үстеп, ой бөліктерінде ұйқас құрып, ыр-
ғақ төгіп тұрған «бөленген-кенелген»-кемелдікке» деген 
сөздердегі дыбыс үндестігі құлаққа жағымды саз туды-
рып, Мұқаңның майда қоңыр даусымен сені де тербетіп 
тұрғандай ма?! Таныс мақам, таныс үн... Жо-жоқ, бұл 
Қабдолов-ұстаз... Иә, ол осылайша Әуезов шешендік 
мектебінің тұңғыш шәкіртіне айналған еді. Олай бол-
са, «Ғұлама» – академиялық шешендік сырлары жайлы 
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешендік сөзге тән 
қысқа да нұсқа сипатта бере алған көркемдік шеберлік 
үлгісі, автордың қаламына қас шешендік сиқыры ғана 
емес, М.Әуезовтің университетімізде академиялық ше-
шендік мектебі негізін қалағандығын айғақтайтын құн-
ды жазба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет