РҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет11/12
Дата02.02.2017
өлшемі3,33 Mb.
#8495
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Г.М. Смирнова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

ЦИМТО директоры,

п.ғ.к., доцент

е-mail: smirnova_gm@mail.ru



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ 2050:

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» ЖОЛДАУЫ
2014 жылы 17 қаңтарда ҚР Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауымен сөз сөйледі.

Ол но посвящено концептуальному анализу результатов масштабной Стратегии «Қазақстан - 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған. Ұлт Көшбасшысы біздің еліміздің өмірінің негізгі салаларын прогрессивті дамыту принциптерін тұжырымдады. Мемлекет Басшысының қазіргі жолдауы ерекше, себебі Мәңгіілк ел – отан тарихында мүлдем жаңа ұғым мен тұтастық жасауды көздейтін ұзақ мерзімді Стратегияны жүзеге асыру бойынша нақты бағдарлама болып табылады [1].

Бұл басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу көзделінген.Сол міндеттердің бірі өзім қызмет ететін сала-білім беру саласы.Бұл сала бойынша Елбасымыз мына төмендегідей мәселелерді шешуді және биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді Үкіметке тапсырды. Атап айтқанда Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыруды көздейді. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру көзделген. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жоспарлануда. Елбасы Жолдауында үлкен жетістіктерге жетуіміздің басты факторы ғылым екені баса айтылды. Ғылымсыз алға экономика, өндіріс те жүрмейтіні анық. Ал дамыған 30 елдің қатарына жетудің басты көрсеткіші – ғылымға көңіл бөлу. Сондықтан да Президент ғылымға қаражаттың бөлінетіндігіне маңыз берді.

Осы құжатта Ел Президенті экономиканы дамыту бойынша жеті стратегиялық қадамды анықтады, оларды жүзеге асыру Қазақстанды экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың сапалы деңгейіне алып шығуына арналған:

- Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының

бір қатар принциптері мен стандарттарын енгізу (ЭЫДҰ);

- ЖІӨ жыл сайын 4 пайыздан төмен болмай өсуіне жету;

- Қазіргі 18 пайыздан ЖІӨ барлық көлемінің 30 пайызына дейін

инестиция көлемін арттыру;

- Экономиканың ғылыми көлемді моделін енгізу үшін қазақстандық

экспорттық әлеуетте шикізаттық емес өнім бөлігін 70 % дейін арттыру;

- ЖІӨ энергия көлемділігін 2 есе төмендету;

- 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ЖІӨ қатысу үлесін 20 %

бастап 50 % дейін арттырады;

- еңбек өнімділігін 5 есе арттыру (24,5 мың доллардан бастап 126

мың доллар дейін);

Отандастарына жүгіне отырып, мемлекет Басшысы нақты индикативтік цифрлармен шектелген әлеуметтік дамудың жеті стратегиялық қадамын белгіледі:

- ЖІӨ көлемінің көрсеткішін халық басына 4,5 есеге арттыру (13

мың доллардан бастап 60 мың долларға дейін);

- қала тұрғындарының үлесі артады 55 % бастап 70 % дейін);

- барлық көлік түрлерінің сапалы жолдары мен жылдамдық

маршруттары қалалар мен елді мекендерді байланыстырады;

- қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 80 жылға дейін

ұлғаяды;

- Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық

орталықтарының бірі болады;

- Алдыңғы қатарды бәсекеге қабілетті ұлттық білім жүйесін

қалыптастыру;

- 2050 жылға дейін Қазақстан өмір сүру үшін ең қауіпсіз және

қолайлы елдердің бірі болуы керек.

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына жеті басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалары – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет.



Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек. Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет