Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


)Өнімнің өзіндік құнын анықтау



бет23/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza

27)Өнімнің өзіндік құнын анықтау.


Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіруге және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар жиынтығы.
S = Шж / Q
Өзіндік құны келесідей топтастырады:

  • Жоспарлы өзіндік құн – жоспарланған шығындар деңгейінде анықталады.

  • Нақты өзіндік құн – нақты шығындар бойынша анықталады.

  • Цехтық өзіндік құн – барлық цехтар бойынша өнімді дайындаумен байланысты шығындар.

  • Өндірістік өзіндік құн - өнім өндірісінің шығынының барлық түрлері.

  • Толық өзіндік құн – кәсіпорынның өнімді өндіру және өткізу шығындары.

  • Технологиялық өзіндік құн – технологиялық процессті орындаумен байланысты шығындардың қосындысымен анықталады.

Ауыспалы шығындар - өндіріс көлемінің өсуі мен азаюы және өнімді өткізу барысында сәйкес көбееді немесе азаяды (сомада). Бұндай ауыспалы шығындарды кейде маржиналды шығындар деп атайды. Ауыспалы шығындар түсім көлеміне шығындар деңгейін салыстыру (%) жолымен талданады. Бұл топқа кіретіндер: шикізатқа шығындар; көлік шығындары; еңбек төлеміне шығындар; өндірістік мақсаттар үшін отынға, газға және электр энергиясына; орау мен ыдысқа (қап, күпсек, қорап, жәшік және т.б.) шығатын шығын.
Тұрақты шығындар - бұл өндіріс көлемінің өзгерістері мен өнімнің өткізуі сомасына әсер етпейтін шығындар. Олар техника жартылай не толық жұмыс істеп немесе тіпті жұмыс істемей тұрса да есептеледі. Тұрақты шығындар абсолюттік сома бойынша талданады. Бұл топқа жататындар: жалға берілетін төлем; негізгі активтердің амортизациясы (мерзімді қарыздарды ауық-ауық төлеу жарнасымен не сатып алу жолымен төлеп құтылу); материалдық емес активтердің тозуы; ғимараттар мен үй-жайлардың күтуіне кететін шығындар; кадрларды даярлауға шығатын шығындар және т.б.
Аралас шығындар – оған шамасы өндірістің көлемінің өсуімен немесе төмендеуімен өзгеретін шығындар кіреді, бірақ, ауыспалы шығындарға қарағанда, тура сайма-сай емес. Басқаша айтқанда, бұл шығындардың тұрақты да, ауыспалы компоненттері бар. Мысалдар: тұрақты – сыйлық еңбекақы, сатудан пайыздарды қарастыратын сауда агеттерінің сыйақысы; өнімнің сақтауы мен тасымалдауына шығындар; коммуникацияларға (телефон, Интернет және т.б.).
#


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет