Біртектілік деңгейі бойынша:
элементтік (біртекті, мысалы: отын шығыны, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек төлемі шығыны, т.б.);
кешенді (әртекті элементтерді біріктіреді, мысалы: цехтік шығындар, оған көмекші материалдар, жалақы, энергия және басқадай элементтік шығындар кіреді).
2. Өнім шығарылымының көлеміне әсері бойынша:
тұрақты - өндірілетін өнімнің көлеміне тәуелді емес шығындар (мысалы жал төлемі, амортизация, ғимаратты күту, т.б.);
ауыспалы - өнім көлеміне тура пропорционалды шығындар (мысалы: шиізат және материал шығыны, технологиялық отын шығыны, т.б.)
3. Өндіріс сипаты бойынша:
негізгі – өнімді дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материалдар, отын, өндірістік персоналдардың жалақы шығындары және т.б.);
үстеме – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты көмекші өндіріс шығындары.
4. Өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша:
тура – калькуляцияланатын нақты өнім бірлігіне тікелей жатқызылатын шығындар;
жанама – бірнеше өнім түрлеріне ортақ болып табылатын шығындар
5. Өндірісте пайдалану мерзімдері бойынша:
ағымдық – күнделікті жұмсалатын шығындар;
бір жолғы – айына бір реттен жиі іске асырылмайтын бір реттік шығындар.
6. Шығынның пайда болу орындары бойынша:
учаскелік шығындар;
цех шығындары;
өндіріс шығындары.
7. Экономикалық элементтер бойынша (өндіріс шығындарының сметасы):
әдетте экономикалық элементтер бойынша шығындар сметасы жасалады: жабдықтарды пайдалану және күту шығындары; цех шығындары және жалпы зауыттық шығындар сметалары.
Сметалар келесі элементтер бойынша жасалады:
шикізат және негізгі материалдар, с.і. сатып алынатын жартылай фабрикаттар;
көмекші материалдар - өндіріс процессіне қызмет көрсетеді;
сатып алынатын отын;
сатып алынатын энергия;
еңбек төлемі шығындары;
әлеуметтік салық аударымдары;
негізгі қорлар амортизациялары;
басқадай шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |