Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі



бет17/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza
Документ (1), Список не сдавших заявлении, тест база эк нег және кәсіпкерлік 2022 2, РЕФЕРАТ О КОНТ


Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі



Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.

- бәсекелестің тауарлық өнімі.
Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:

Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.
Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:


Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.


Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:

Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.


#
22)Кесімді жалақы түрі, есептелінуі.


Кәсіпорында жұмысшы күшінің жалақы қорын дұрыс ұйымдастыру маңызды орынға ие. Жалақының негізгі екі нысаны – кесімді ақы және мерзімді ақы қолданылады.
Кесімді жалақы келесідей түрлерді қарастырады: тура кесімді, кесімді-сыйлықты, аккордты, кесімді жанама және кесімді-прогрессивті. Бұл формалар сапалы өндірілген өнім көлеміне байланысты қоланылады.
Қарапайым (тура) кесімді – жалақы өнім немесе жұмыс бірлігін өндіруі үшін қойылған ставка – кесімді баға бойынша есептеледі және бекітілген өнім өндіру немесе уақытын номасын қарастырады және төлем мөлшері өндірілген өнім көлеміне тура тәуелді:


ЕАк = Ţкб Q,

Кесімді-сыйлықты – тура кесімді бағалама ақыға жоспарлы тапсырманы артық орындағаны үшін сыйлықақы қоса төленеді. Сыйлықақы мөлшері көбінесе артық орындаған әрбір пайызы үшін тағайындалады.


Аккордты – жалақы әрбір жұмыс түріне жеке емес, орындалу мерзімін көрсете отырып барлық жұмыс көлеміне толығымен белгіленеді және сәйкес кесімді бағалар мен жұмыс көлеміне байланысты анықталады.
Кесімді жанама – еңбектері өнім өндіруге және негізгі жұмысшылардың өнімділігіне әсер ететін жұмысшылардың еңбегін төлеуге қолданылады.
Кесімді-прогрессивті – бұл жүйеде бекітілген өнім және жұмыс көлеміне ақы тура кесімді жүйемен төленеді. Ал бекітілген көлемнен тыс өндіргені үшін көтерілген ставкалармен төленеді. Онда бекітілген өндіріс көлемінің нормасы неғұрлым артық орныдалса жұмысшының жалақысы соғұрлым прогресиивті арта түседі.

#



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет