Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


)Еңбек сиымдылығы, өндірім туралы түсінік, түрлері



бет13/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza

17)Еңбек сиымдылығы, өндірім туралы түсінік, түрлері.
Еңбек өнімділігі- бұл өндіріс процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі. W = Q / N
Қызметкерлердің еңбек өнімділігі келесі параметрлер арқылы сипатталады:
- Өндірім (выработка) бір уақыт өлшемі ішінде өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың көлемі(Q/Т);
- Еңбексыйымдылық (трудоемкость) - өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі жұмыс көлемін орындауға жұмсалған уақыт мөлшерімен есептеледі (Т/Q).
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері:
-Натуралдық әдіс - өндірілген өнім көлемі натуралдық шамамен өрнектелетін (тонна, метр, км, дана, т.б.) қарапайым және нақты әдіс.
-Құндық әдіс - еңбек өнімділігі ақша бірлігімен өрнектелген өндірілген өнімнің жұмыс уақытының шығынының қатынасымен анықталады. Құндық мәнде еңбек өнімділігін есептеу үшін шығарылған өнім көлемін бағалайтын әр түрлі көрсеткіштер қолданылады: жалпы өнім, тауарлық өнім, өткізілген өнім, таза өнім, шартты таза өнім.
-Еңбектік әдіс - ғылыми негізделген нормада еңбек өнімділігінің динамикасын тура сипаттайды. Жұмыс орындарында, бригада, өндірістік учаскелерде және цехтарда аяқталмаған өнімді шығару барысында еңбек өнімділігі норма-сағатпен анықталады.

#
18)Еңбекті нормалау түрлері.


Еңбекті нормалау қамтамасыз етеді:
• Жеке бөлшектерді дайындаудың жоспарлы еңбек сыйымдылығын анықтауды;
• Қажетті қызметкерлердің санын есептеуді;
• Еңбек нәтижесін бағалауды;
• Жаңа техниканы енгізуден болған тиімділікті бағалауды;
• Еңбек өнімділігін арттыру жоспарын негіздеуді;
• Өндірістік бағдарламаны есептеуді;
• Қажетті жабдықтар санын анықтауды.
Нормалар түрлері
1) Уақыт нормасы
2) Өндірім нормасы
3) Нормаланған тапсырмалар
4) Жұмыс орнына қызмет көрсету уақытының нормасы
5) Қызмет көрсету нормасы
6) Басқарылу нормасы
7) Жұмысшылар санының нормасы
Уақыт нормасы – өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі жұмыс көлемін орындауға қажетті жұмыс уақытынң ұзақтығы
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақытының нормасы – жұмысшының жабдықты күтуге және жұмыс орнын қалыпты жағдайда ұстауға жұмсайтын уақыты
Өндірім нормасы бір жұмысшымен немесе бригадамен жоспарлы уақыт кезеңінде шығарылатын өнім бірлігінің санын анықтайды:
Қызмет көрсету нормасы – бір уақыт өлшемі ішінде біліктілігі сай келетін жұмысшының қызмет көрсететін объектілер ( жұмыс орны, жабдық) саны.
Жұмысшылар санының нормасы -берілген жұмыс көлемін орындауға қажетті белгілі бір мамандығы бар жұмысшылар санын анықтайды.
Нормаланған тапсырма - белгілі бір уақыт ішінде бір жұмысшы немесе бригада орындауға міндетті жұмыс түрі мен көлемін анықтайды.
Басқару нормасы - бір жетекшіге бағынатын жұмысшылар санын анықтайды.

#



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет