Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


)Қажетті жұмысшылар санын анықтау



бет11/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza

14)Қажетті жұмысшылар санын анықтау.
Кәсіпорын персоналы –кәсіпорынның мамандандырылған жұмысшыларының негізгі құрамы.Кәсіпорынның еңбек персоналдары өндірістік персонал және өндірмейтінбөлімшелерде жұмыс істейтін персоналдар болып бөлінеді. Өндірістік персоналдардың негізгі категориясы – жұмысшылар. Олар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді:➢ Негізгі жұмысшыларға кәсіпорынның тауар өнімін өндіретін, технологиялық процеспен айналысатын, яғни еңбек заттарының формасын, өлшемін, күйін, құрылымын, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерін өзгертетін жұмысшылар жатады. ➢ Көмекші жұмысшыларға өндірістік цехтарда жабдықтар мен жұмыс орындарына қызмет көрсететін және қосалқы цехтар мен шаруашылықтың жұмысшылары жатады. ➢ Қызметкерлерді басшылар, мамандар және қызметшілер деп бөледі. ➢ Басшыларға кәсіпорындарды басқару лауазымындағы адамдар: директор, бөлім басшылары, менеджер, бас мамандар (бас бухгалтер, бас механик т.б.) жатады.➢ Мамандарға инженерлік-техникалық, экономикалық жұмыстармен айналысатындар жатады: инженерлер, нормалаушылар, экономистер, бухгалтерлер, заң кеңесшілері. ➢ Қызметшілер – құжаттарды дайындайтын, толтыратын, есепке алатын, бақылайтындар жатады: іс жүргізушілер, кассирлер, табель толтырушылар, есепшілер т.б. Персоналдардың құрамы тізімдік және жұмысқа келу саны болып бөлінеді:➢Тізімдік құрамға барлық тұрақты жәнеуақытша қызметкерлер, және іссапардағы мен демалыстағылар қоса енгізіледі. ➢Келу құрамы – тәулік ішіндегі нақты жұмысқа келген қызметкерлер саны.

#
15)Жұмысшылардың еңбек өнімділігі.


Еңбек өнімділігі- бұл өндіріс процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі. Бір жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі жалпы түрде мына формула арқылы анықталады: W = Q / N
және қызметкерлердің еңбек өнімділігі келесі параметрлер арқылы сипатталады:
- Өндірім бір уақыт өлшемі ішінде өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың көлемі(Q/Т);
- Еңбексыйымдылық - өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі жұмыс көлемін орындауға жұмсалған уақыт мөлшерімен есептеледі (Т/Q).
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері:
Натуралдық әдіс - өндірілген өнім көлемі натуралдық шамамен өрнектелетін (тонна, метр, км, дана, т.б.) қарапайым және нақты әдіс.
Құндық әдіс - еңбек өнімділігі ақша бірлігімен өрнектелген өндірілген өнімнің жұмыс уақытының шығынының қатынасымен анықталады. Құндық мәнде еңбек өнімділігін есептеу үшін шығарылған өнім көлемін бағалайтын әр түрлі көрсеткіштер қолданылады: жалпы өнім, тауарлық өнім, өткізілген өнім, таза өнім, шартты таза өнім.
Еңбектік әдіс - ғылыми негізделген нормада еңбек өнімділігінің динамикасын тура сипаттайды. Жұмыс орындарында, бригада, өндірістік учаскелерде және цехтарда аяқталмаған өнімді шығару барысында еңбек өнімділігі норма-сағатпен анықталады.

#



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет