Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың негізгі міндеттері



бет9/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza

Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың негізгі міндеттері:

  • кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау;

  • еңбек ресурстарының қозғалысын талдау;

  • жұмыс уақытын пайдалануды талдау;

  • еңбек өнімділігі мен өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау;

  • еңбекақы төлеуді талдау.

Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін онда мына көрсеткіштерді орындау керек.

  • жұмысшылардың біліктілігін жоғарлату;

  • еңбек жағдайын жақсарту және жұмысшылардың денсаулығын жақсарту;

  • тұрмыстық-техникалық қажеттіліктерді қадағалау;

  • еңбек ұжымын әлеуметтік қамтамасыз ету.

Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады. Еңбек ресурстары кәсіпорынның барлық ресурстар жиынтығында негізгі орын алады. Жеке кәсіпорын деңгейінде «еңбек ресурстары» терминінің орнына «кадрлар» мен «персанал» терминдері жиі қолданылады. Кәсіпорын кадры ретінде кәсорынның негізгі (штаттық) жұмысшылар құрамын түсіну қабылданған. Кеңейтілген ұғымда кадрлар· Негізгі және көмекші жұмыскерлер· Басқарушылар· Мамандар· Қызметкерлер. Персоналдардың құрамы тізімдік және жұмысқа келу саны болып бөлінеді:➢Тізімдік құрамға барлық тұрақты және уақытша қызметкерлер, және іс сапардағы мен демалыстағылар қоса енгізіледі.➢Келу құрамы – тәулік ішіндегі нақты жұмысқа келген қызметкерлер саны. КАДРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫН СИПАТТАЙТЫН КӨРСЕТКІШТЕР:1) Қабылдау айнылымы коэффициенті Кқ = Nж.қ / Nот мұнда Nж.қ. – жаңадан жұмысқа қабылданған адамдар саны; Nот – жұмыс істеушілердің орташа тізімдік құрамы. 2) Кадрлардың ауысымдық коэффициенті Кауыс = Nж.б / Nот мұнда Nж.б. – кез-келген себеппен жұмыстан босатылған адамдар саны 3) Кадрлардың ағымдық коэффициенті Кағымд = Nқ.с / Nот , мұнда Nқ.с. – өндіріске қажетсіз себептермен жұмыстан босатылған адамдар саны
#


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет