Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


Біртектілік деңгейі бойынша



бет20/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza

Біртектілік деңгейі бойынша:

  • элементтік (біртекті, мысалы: отын шығыны, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек төлемі шығыны, т.б.);

  • кешенді (әртекті элементтерді біріктіреді, мысалы: цехтік шығындар, оған көмекші материалдар, жалақы, энергия және басқадай элементтік шығындар кіреді).

2. Өнім шығарылымының көлеміне әсері бойынша:

  • тұрақты - өндірілетін өнімнің көлеміне тәуелді емес шығындар (мысалы жал төлемі, амортизация, ғимаратты күту, т.б.);

  • ауыспалы - өнім көлеміне тура пропорционалды шығындар (мысалы: шиізат және материал шығыны, технологиялық отын шығыны, т.б.)

3. Өндіріс сипаты бойынша:

  • негізгі – өнімді дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материалдар, отын, өндірістік персоналдардың жалақы шығындары және т.б.);

  • үстеме – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты көмекші өндіріс шығындары.

4. Өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша:

  • тура – калькуляцияланатын нақты өнім бірлігіне тікелей жатқызылатын шығындар;

  • жанама – бірнеше өнім түрлеріне ортақ болып табылатын шығындар

5. Өндірісте пайдалану мерзімдері бойынша:

  • ағымдық – күнделікті жұмсалатын шығындар;

  • бір жолғы – айына бір реттен жиі іске асырылмайтын бір реттік шығындар.

6. Шығынның пайда болу орындары бойынша:

  • учаскелік шығындар;

  • цех шығындары;

  • өндіріс шығындары.

7. Экономикалық элементтер бойынша (өндіріс шығындарының сметасы):
әдетте экономикалық элементтер бойынша шығындар сметасы жасалады: жабдықтарды пайдалану және күту шығындары; цех шығындары және жалпы зауыттық шығындар сметалары.
Сметалар келесі элементтер бойынша жасалады:

  • шикізат және негізгі материалдар, с.і. сатып алынатын жартылай фабрикаттар;

  • көмекші материалдар - өндіріс процессіне қызмет көрсетеді;

  • сатып алынатын отын;

  • сатып алынатын энергия;

  • еңбек төлемі шығындары;

  • әлеуметтік салық аударымдары;

  • негізгі қорлар амортизациялары;

  • басқадай шығындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет