8. Калькуляция баптары бойынша:
Калькуляция негізінде өнім бірлігінің өзіндік құны есептеледі. Калькуляцияда шығындаркелесі баптар бойынша топтастырылады:
шикізат, материалдар;
қайтарылатын қалдық (шегеріледі);
технологиялық мақсаттағы энергия және отын;
өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы;
өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы;
әлеуметтік қажеттілік аударымдары;
жабдықтарды пайдалану және күту шығындары;
өндірісті дайындау мен игеру шығындары;
цехтік шығындар;
А Цехтік өзіндік құн
жалпызауыттық шығындар;
брактан болған жоғалтулар;
В Өндірістік өзіндік құн
С Толық өзіндік құн
#
26)Кәсіпорындағы шығындар жіктемесі.
Өндіріс шығындары ұдайы өндірісте үлкен мәнге ие келесі топтарға бөлінеді:
Өндіріске және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар – бұл көрсетілетін қызметтердің және өткізілген өнімнің өзіндік құнынан өтелетін ағымды шығындар;
Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға жұмсалатын күрделі шығындар. Олар амортизациялық қормен, кәсіпорынның пайдасымен, бағалы қағаздар және несие арқылы өтеледі;
Кәсіпорынның әлеуметтік-мәдени тұрғын үй мұқтаждарына жұмсалатын шығындары. Өнім өндірісімен тікелей байланыспаған және арнаулы қордан кәсіпорын пайдасымен өтелетін шығындар;
Шығындардың топтастырылуы.
1.Өндіріс шығындары экономикалық белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді:
негізгі шығындар – бұйым дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты (мысалы, шикізат, материал, жартылайфабрикаттар, негізгі өндіріс жұмысшылары жалақысы);
үстеме шығындар – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты шығындар (мысалы, жабдықты күту шығыны, басқару-ұйымдастыру шығындары т.б.);
Өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша: тура және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар – нақты өнімді дайындаумен тікелей байланысты шығындар. Тура шығындар, мысалы материал, энергия, жалақы, отын т.б.
Жанама шығындар - өнім өндіруге байланысты емес шығындар және өзіндік құнға жатқызылады. Жанама шығындар: өндірістен тыс шығындар, құрал-жабдықтарды пайдалануға байланысты шығындар(амортизация) .
Өнім өндіру көлемінің өзгеруіне байланысты: тұрақты және ауыспалы шығындар болып бөлінеді. Тұрақты шығындар өнім өндіру көлемі өзгерсе де өзгермейді. (мысалы аренда төлемі, амортизация шығыны, ғимаратты күту, сақтандыру т.б.). Ауыспалы шығындар өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты өзгеріп отыратын шығындар. Кәсіпорында өнім шығару артса, ауыспалы шығындар мөлшері де артады. Мысалы, шикізат, материал, жартылай фабрикаттар, негізгі өндіріс жұмысшылары жалақысы, транспорт шығындары, отын т.б.
0 Q
C тұрақты + C ауыспалы = Cжалпы
Өндірістегі шығындарды пайдалану мерзіміне байланысты: ағымдағы шығындар (жұмысшылардың айлық жалақысы, өндіріс процессінде күнделікті жұмсалатын шығындар) және бір мезеттік шығындар (инвестиция, күрделі қаржы салымы жұмсалатын шығындар: жаңа жабдық, техника сатып алу т.б.) болып бөлінеді.
Шығындарды топтастырудың күрделілігіне қарай: жай (простые) және кешенді (комплекстік) шығындар болып бөлінеді. Жай шығындар – бір элементтен тұратын шығындар. Кешенді (комплекстік) шығындар – бірнеше элементтерден тұратын шығындар (цех шығындары, жалпы зауыттық шығындар, арзан бағалы шығындар).
Экономикалық мәніне байланысты өзіндік құнды құрайтын шығындар төмендегі элементтерден тұрады:
«Шикізат және негізгі материалдар». Бұл элементке шикізаттың барлық түрлерінің құны жатады. Қалдықтар алынып тасталады.
«Сатып алынатын құрастырушы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар» өндіріс процесінде қолданылатын осы бұйымдардың құнынан тұрады.
«Көмекші материалдар» өндіріс процесінде технологиялық процестің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін материалдар, олар негізгі дайын өнім болып табылмайды (майлау, бояу, сүрту, т.б.).
«Отын» өндірістік және жалпы зауыт қажеттілігіне жұмсалатын отын түрлерінің шығындарын құрайды.
«Энергия» өндіріс пен кәсіпорынның шаруашылық мақсатында қолданылатын сатып алынатын барлық энергия түрлерінің (электр, отын, бу, сығылған ауа, т.б.) құнын есепке алады.
«Еңбекақы» өндіріс персоналдарының негізгі және қосымша еңбекақы, еңбекақы қорынан төленетін сыйақыны құрайды.
«Әлеуметтік сақтандыру жарнасы». Белгіленген нормада әлеуметтік сақтандыруға аударылатын төлем.
«Негізгі капиталдың амортизациясы» өндірістік және өндірісте емес қызметтегі негізгі капиталдың алғашқы құны негізінде есептелетін амортизациялық аударымдар.
«Негізгі капиталдың жұмысқа қабілеттілік күйін ұстауға кететін шығындар». Әртүрлі жөндеуге кететін шығындар.
«Басқа да шығындар». Іссапар шығындары, аренда төлемі, өнімнің кепілдік жөндеуге кететін шығыны.
Достарыңызбен бөлісу: |