3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата –аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы ұлттық тәлім тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
Сынып жетекшінің қызметі
Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық.
Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыру, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.