Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары- міндетті педагогикалық құжат.
Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады.
Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1.Жоспар ұжымдақ еңбектің белгісі. Сондықтан тәәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
7. Тәрбиелік атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.
8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9.Жаспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, бір тұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.