Күтілетін нәтижелер:
-қарындашпен, фломастермен сурет салуға ынта білдіреді;
- бояулардың ашық түсіне эмоционалды көңіл-күй танытады;
-сурет салуға ынта білдіреді.
Мүсіндеу
Осы жастағы балалар сазбалшықпен, оның қасиеттерімен танысады.
жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеуге үйренеді.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
- жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
- тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі.
Музыка
Осы жастағы балаларда музыканы қабылдауға, музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтары қалыптасады және дамиды.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Балалар:
оларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен көрсетуді;
фортепианода, балалар музыкалық аспаптарында орындалған көңілді және баяу әуендерді тыңдауды;
дыбысқа еліктеулерді қайталауды, әндегі жекелеген сөздерді айтуды, көрсетумен сүйемелдеуді;
ересектердің көрсетуі, әннің сөздері мен музыканың сипаты бойынша қарапайым би қимылдарын орындауды, қимылдарды көрсетусіз қайталауды үйренеді.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін
Балалар үйренуді жалғастырады:
әуеннің және әннің сөздерін тыңдауды, оларды тануды;
көңілді және баяу сипаттағы музыкалық шығармаға, ән мен пьесаға эмоционалды үн қатуды;
дербес ойынға музыкалық-қимылдық қойылымдарда көрсетілген жекелеген әрекеттерді ауыстыру, оларды дыбысқа еліктеумен және сөздермен сүйемелдеуді;
заттармен қарапайым қимылдарды орындауды: жалаушаны жоғары көтеру, оны желбірету, сылдырмақты сылдырлату.
Достарыңызбен бөлісу: |