2. Тәрбие мен оқытудың мазмұны
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- өз-өзіне қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
- негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік;
- салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
- дербестікті тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Мәдени-гигиеналық дағдылар
- білімдерін бекіту және мәдени-гигиеналық ережелерді орындау, өз бетінше қимыл әрекетін қамтамасыз ету;
- дербес ойындарда қимыл белсенділігін реттеуді әсер ететін жағдай жасау;
- балаларды киіну мен шешіну тәртібіне үйрету, ересектердің аздаған көмегімен түймені шешу, бауды байлауға, шешкен киімді белгілі тәртіппен ұқыпты жинауға, киім мен аяқ киімді дұрыс киюге үйрету;
- киімдегі олқылықты байқай білуге тәрбиелеу, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіру, тазалық пен тәртіптен қанағаттандыру сезімін дамыту.
Дербес қимыл белсенділігі
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындау, қимыл әрекетіне жағымды эмоционалдық қарым-қатынас білдіру, алдында меңгерген қимылдарды өз бетінше айту ниеті.
Достарыңызбен бөлісу: |