Бағдарламаның мақсаты – балаларды туғаннанбастап 3 жасқа дейіноңтайлы әлеуметтендіру және мәдени - әлеуметтік нормаларға, отбасы, қоғаммен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу.
Міндеттері:
- балалардың ересектермен және бір-бірімен қарым-қатынасының нормалары мен ережелерін игеру;
- өз әрекеттерінің қайнар көзі ретінде («Мен және топ», «Мен- Қазақстандықпын» өзі туралы түсінік қалыптастыру;
- әлеуметтік және эмоционалдық ой-өрісті, эмоциялық елгезектікті, жанашырлықты дамыту;
-отбасына, туған өлке мен Отанға деген құрмет сезімдерін, Қазақстан халқының мәдени-әлеуметтік құндылықтары туралы түсініктер қалыптастыру;
- тұрмыста, әлеуметте, табиғатта қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру;
- педагогикалық көмек және ерте жастағы балаларды күту, тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға қолдау көрсету.
Бағдарлама мазмұны баланыңөміріне қажетті әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын игеруге бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»білім беру салаларына негізделген.
Әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын қалыптастыру бойынша арнайы ұйымдастырылған іс-шараларды өткізу әлеуметтік дағдыларды дамыту механизміболып табылады.
Әлеуметтену процесінде баламен тікелей өзара қарым-қатынас жасайтын тұлғалар әлеуметтенуді көрсетеді. Олар: отбасы, балабақша (тәрбиешілер), қоғам (құрдастары, достары )болуы мүмкін.
Жоспарланатын нәтижелер.
- балалар ұстанымы: балалардың дербестік пен жауапкершілікке дағдылануы.Әлемге, еңбектің әр түрлеріне, басқа адамдарға және өзіне оң қарым-қатынасты, өз абыройын сезінуді иелену. Құрдастарымен және ересектермен белсенді түрде өзара әрекет ету, бірлескен ойындарға қатысу.Келісуге, өзгелердің қызығушылықтары мен сезімдерін ескеруге, сәтсіздіктерді уайымдау және өзгелердің табыстарына қуануға, өз сезімдерін білдіруге, дау-жанжалды шешугедеген қабілеттілік.
Аталған қасиеттер табысты бейімделу мен мектепте оқу үшін ғана қажетті емес, сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы өмір үшін де қажет.
-ата-аналар ұстанымына:мектепке дейінгі ұйымда педагогтер мен балалардың әрекетіне белсенділік пен қызығушылықты арттыру; баламен бірлескен әрекетке құштарлық; мектепке дейінгі ұйымның білім беру қызметінің сапасына ата-аналардың қанағаттанушылық көрсеткіштерін арттыру.
-педагогұстанымына:әлеуметтенудің бірлескен тәжірибесін қалыптастыру, баланың тұлғасын ашу және өз болмысын көрсету үшін жаңа құндылықтар мен топтық нормалардықабылдау.
Құрдастарымен бірлескен әрекетке дайындығын, түрлі еңбек және шығармашылық түрлеріне жағымды нұсқауларды қалыптастыру.
Тұрмыста, әлеуметте, табиғаттағы қауіпсіздік негіздері мен алғашқы мінез-құлық дағдыларын игеру үшін жағдайлар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |