Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет6/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
ІІ. НӘРЕСТЕЛІК КЕЗЕҢ(туғаннан 1 жасқа дейін)

Бала тұлғасын психологиялық-әлеуметтік дамытудың негізгі кезеңдері.

Баланың қарым-қатынасын, бағдарлау және заттық әрекеттерін дамыту тек ересектермен тығыз байланыста ғана қалыптасады.

Өмірінің алғашқы жылында есту және көру арқылы қабылдауы айтарлықтайжетіледі. Өмірініңалғашқы айларында сәби ересек адамның жүзіне немесе ойыншыққа назар аударады, олардың қозғалысын бақылайды, адамның дауысын немесе заттардан шыққан дыбыстардытыңдайды, кереуетке ілінген заттарға қолын созып, оларды ұстайды.

3 айда бала тек назар аударады, бірақ қолдарын, аяқтарын белсенді қозғалтады, күлімсірейді, уілдейді. Мұндай мінез-құлық «жандану кешені» деп аталады және сәбидің белсенді қарым-қатынас жасауын білдіретін тәсіл болып табылады.

6 айдан кейін бала адамның бет әлпетінтұтас қабылдайды және басқа жақындарының арасынан анасын табуға қабілетті болады. Анасынан баланы алуға әрекеттенудеәдетте,балақарсылық білдіреді. Мұндай әрекет «құштарлық мінез-құлқы» деп аталады. Анасын басқа адамдардан артық көру – әлеуметтік дамудың маңызды кезеңі, өйткені ана тек баласын күтіп қана қоймайды, сонымен қатар бала мен қоршаған орта арасындағы дәнекер болып табылады.

Нысандарды қабылдау жылдам қарқынмен дамиды (бірінші жартыжылдықта – заттарды тануды үйренеді, екінші жартыжылдықта –заттардың тұтас үлгісін қабылдауы қалыптасады); көрнекі –әрекеттік ойлаудың бастапқы формалары пайда болады, бағдарлау-зерттеу белсенділігі дамиды (білуге құмарлық); интонацияға және сөйлеу мазмұнына ерекше жауап беруі байқалады; өзіне айтылған ересектердің сөзін жақсы түсінеді, алғашқы сөздерді айтады (бір немесе екі буыннан тұратын); еріксіз және қысқа мерзімді есте сақтауы басым болады, ал 6 айдан кейін заттарды есте сақтауға және іздеуге қабілетті болады.

Жылдың соңында балалардың эмоциялары мақсатқа бағытталады, олар басқа адамдардың эмоцияларын жақсытаниды:қуаныш, ыза, сезім, реніш, ұялу, анасына деген сүйіспеншілік, бейтаныс адамдарды көргенде және бейтаныс үй-жайлардаүрейлену эмоциялары дамиды; бала өзінің дене мүшелерін таниды (өзіндік сананы дамытудың алғышарты); сұраныстары әлеуметтік сипатқа ие бола бастайды (қарым-қатынасқа, жаңа әсерлерге сұранысы қалыптасады).


Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты
sites -> «Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» кмм
sites -> Бекітемін: №42 жоббм-нің директоры И. Ж. Төргелдинова
sites -> «Подвиг павлодарцев в памяти народной»
sites -> Сабақ тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары Сабақтың мақсаты: Білімділік
sites -> Хореоргафия 1 вариант
sites -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты
sites -> Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
sites -> Ертегі туралы түсінік
sites -> Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы Жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет