Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет10/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
IІІ. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ТОП(1 жастан 2 жасқа дейін)

Бала тұлғасын психоәлеуметтік дамытудың негізгі кезеңдері.

Сәбидің өмірде қарым-қатынас жасау ортасы кеңейеді. Бала белсенді бола бастайды, басқа балаларға қызығушылық танытады. Бірақ, осы жаста да ең маңызды адам, ол анасы болып қала береді. Атап айтқанда, ең жақын ересек адам арқылы басқа сәбилермен қарым-қатынас жасайды, ойнайды, әлеммен танысады.

Баланың тік жүруі негізгі қимылдардың анағұрлым күрделі түрі болып табылады, ол қоршаған ортаны тануына және орталық жүйке жүйесінің айтарлықтай дамуына ықпал етеді.

Мүмкіндігінше жүруді меңгеру қимылдағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал ететін қолдардың қимылдарын үйлестіруді дамытады. Сөзді түсінуінің дамуы соншалық, балаға күрделі өтініштерді орындау түсінікті болады, мысалы: «Добыңды ала ғой, оны әкеңе апарып бер».

Өмірінің екінші жылында балада ересектердің сөзін түсінуі және сөйлеу белсенділігінің дамуы, сенсорлық дамуы, заттармен әрекеттің, ойындардың дамуы, қимылдарының дамуы, дербестік дағдыларының дамуы қалыптасады.

Бұл кезеңде сөйлеуді үйренуге ерекше құштарлығы, ересектерге еліктеуі, оның сөздерін түсінуі байқалады. Заттық әрекеттің және ересектермен қарым-қатынастың жинақталған тәжірибесінің нәтижесінде балада сюжеттік-бейнелеу ойыны пайда болады, ол заттарды салыстыруды үйренеді.



Қарым-қатынасқа жасауға қызығушылық танытады. Бала әлі де құрдастарымен ойнай алмайды, бірақ олардың жанында болуға ұмтылады және олардың әрекеттерін қайталайды. Мысалы, егер әткеншек бос болмаса, сәбидің қалай болғанда да оған отыруы қажет, бірақ әткеншек босағаннан кейін, оның тербелуге деген қызығушылығы бір сәтте жоғалады.

Заттық әрекет барысында балада сөйлеуді игерумен қатар, көрнекі-әрекеттік ойлау қалыптасады.

1 жастан 2 жасқа дейінгі кезеңде бала эмоционалды дамиды, шақырғанда үн қатады және музыканы, көркем сөзді сезеді, музыкамен қимылдау қабілеті пайда болады.

Осы жаста бала ұқыптылықты сақтауға, қарапайым тәртіп ережелерін орындауды үйренеді, ересектің талаптарына бағынады және олардың тапсырмаларын орындайды, өзінің бастамасы бойынша ересекке жүгінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет